Жалпы географиялық әдістер


Дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық даму модельдері



бет30/64
Дата07.09.2023
өлшемі301,56 Kb.
#106470
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Байланысты:
Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау-emirsaba.org

Дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық даму модельдері
Либералды (америкалық) модельге мемлекеттік меншік үлесі төмен болуы және өндіріс саласында, сауда, инвестиция, жұмыс күшін пайдалануда нарықтық бәсекелестіктің үстемдігі, күрделі әлеуметтік жіктелу тән болады. Үкімет тарапынан заңдар салықтық және ақша-несие саясаты арқылы экономиканы реттеп отырады. Бұл әрекеттер нарықта бәсекелестікті дамыту және монополияларды шектеу, нарықтағы кұлдырауларды болдырмау және жекелеген әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғау мақсатында жүргізіледі. Бұл модель XX ғасырдың бастапқы онжылдықтарында АҚШ-та қалыптасып, Ұлыбритания, Канада, Италия, Бельгия және т.б. елдердің экономикасы аталған модельге жақын дамып келеді.
Әлеуметтік бағдарланған (шведтік) модель табыстарды кенінен бөлісу және қоғамдағы топтардың өзара келісімдеріне қол жеткізу арқылы әлеуметтік кепілдіктердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл модель алғаш рет Швецияда пайда болды. Қазіргі кезде бұл модель басқа да скандинавиялық елдерге, Аустралия мен Жаңа Зеландияға тән. Аталған елдерде кәсіподақтар өте белсенді қызмет етеді, сонымен қатар қоғамдық және жеке мүдделерді үйлестіруге бағытталған көптеген ұйымдар жұмыс істейді.
Әлеуметтік-нарықтық (германдық) модельде нарық бәсекелестігі жағдайында дамитын қоғамды айрықша әлеуметтік инфрақұрылым толықтырып тұрады. Әлеуметтік құрылым нарық жағдайында белгілі бір қнындықтарға ұшырайтын әлеуметтік қорғансыз топтарға (табысы төмен жанұялар, жастар, жұмыссыздар, ұсақ кәсіпкерлер және т.б.) ұдайы қолдау көрсетуге негізделген. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Германия, Францияда қалыптасып, казірге дейін осы елдерде үстем болып келеді.
Иерархиялық-бірлестіктік(жапондық ) модель мемлекет бірлескен капитализмді белсенді түрде реттейтін және конфуцийлік менталитет негізінде басқарылатын экономика болып табылады.
Бұл модель бойынша іскер топтар холдингтерге бірігеді, ұсақ және орта кәсіпорындар ірі банктер, кәсіпорындар айналасында шоғырланып, олармен ұзақ мерзімдік шаруашылық келісімшарттар жасайды.
Бұл модельдің таза жапондық (шығысазиялық) тетігі - жергілікті халықтың күрделі табиғи және тарихи жағдайларда, философиялық. діни және адамгершілік құндылықтар негізінде қалыптасқан психологиялық (соның ішінде мінез-құлық)дәстүрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет