Жалпы геология емтихан сұрақтары



бет14/19
Дата26.09.2022
өлшемі69,33 Kb.
#40405
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
геология

Геологиялық Карта — жер қыртысының геологиялық құрылысын белгілі бір масштабта графикалық бейнелеу. Геологиялық Карта геол. түсіру, геол. зерттеулер нәтижесінде жиылған материалдарды қорыту арқылы жасалады. Жер қыртысының құрылысы мен дамуы, ондағы кен байлықтарының таралу заңдылықтары туралы тұжырым жасауға, іздеу мен барлау, құрылыс, сумен қамтамасыз ету, мелиорация жұмыстарын жобалауға мүмкіндік береді. Геологиялық Карталар антропоген (төрттік) шөгінділерінің Геологиялық Картасы, литологиялық карта, палеогеографиялық карта, инженерлік геология картасы, кен байлықтар картасы болып бөлінеді. Антропоген шөгінділерінің к-сында осы жыныстардың жасы, құрамы, қалыңдығы, жаралу тегі, мұз басу сатылары, теңіз трансгрессиялары мен регрессиялары, көп жылдық тоңның таралу шектері белгіленеді. Литол. карталарда түп жыныстардың заттық құрамы мен жатыс элементтері белгіленеді. Палеогеогр. карталарда Жер тарихының белгілі кезеңдеріндегі құрлық пен теңізді аудандары, оларда жиылған түрлі шөгінділердің құрамы, қалыңдығы көрсетіледі. Инженерлік геол. карталарында тау жыныстарының құрамы, жасы және физ. қасиеттері (қуыстылығы, су өткізгіштігі, т.б.) көрсетіледі. Кен байлықтары түрлерінің орналасу заңдылықтарын көрсетеді, белгілі бір аудандардың геол. құрылысы негізінде кен байлықтары табылуы мүмкіндігіне тиісті баға беріледі. Геологиялық Карталар масштабына қарай шолу, ұсақ, орта, ірі, дәл масштабты болып бөлінеді.
76. Тау жыныстары туралы түсінік. Пайда болу жағдайларына байланысты тау жыныстарын жіктеу.
Жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттарды тау жынысы деп атайды. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары көбінесе қатты тастардан тұрады.
Тау жыныстарының шығу тегіне жалпы шолу жасап көрейік. Жердің үстіңгі қабатындағы тас қабықты құраған тау жыныстары алғашқыда балқыған тұтқыр заттан қатайып пайда болған. Демек, ол тау жыныстарын құраған минералдар мен кристалдар да алғашқыда сол балқыған заттан пайда болған. Онан кейінгі замандарда, жердің қатты тас қабығы құрыла бастасымен ондай тау жыныстары, күннің шағу, желдің қағу, судың шаю әсерінен бұзылып, бөлшектерге жіктеліп, ажырап үгітіле бастаған.
Тау жыныстарының үгітіліп ұсақталған түйіршіктері суға еріп, химиялық әр түрлі қосындыларға айналып, тұнып, тығыздалып, бірігіп, басқа түрлі минералдарға және тау жыныстарына айналған. Мұнан кейін олар екінші рет қайта өзгеріп, тағы басқа тау жыныстарының түріне айналған.
Табиғаттың бүл сияқ ты көп түрлі заттарын тануда ғылымның тауып алған жеңіл әдісі бар. Ол әдіс — осы заттарды өзінің жаратылысына қарай белгілі топтарға бөлу, солардың әрқайсысына тән белгі қасиеттерін білу және әрқайсысының белгілі бір өкілдерін тани білу. Ботаника, зоология ғылымдарында, мысалы, өсімдіктер мен жануарларды топтарға, руларға, тұқымдарға, түрлерге бөледі, мұны систематика әдісі дейді.

Сол сияқты минералдар мен тау жыныстарын да таптарға, топтарға, түрлерге бөледі. Сондай бөлінудің арқасында оларды тану, түсіну оңай болады. Тау жыныстарының негізгі топтарына тоқталайық.


Жер қабаттарын құрайтын барлық тау жыныстары үлкен үш түрлі топқа бөлінеді:
1. магмалық тaужыныстaры,
2. шөгінді тау жыныстары
3. метаморфтық тау жыныстaры.
77. жер асты сулары, олардың пайда болуы,жіктелуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет