Жұмыстың орындалуы. Тәжірибелерді өткізу үшін пробиркаға аз мөлшерде 1-2 мл ерітінділер құйылады. Тәжірибе өткізгенде берілген шартты қатал сақтау керек. Тәжірибе нәтижелерін өндеу мынандай талаптардан тұрады: а) реакция барысындағы байқалатын өзгерістерді белгілеу; б) реакция тендеуін жазу.
1 тәжірибе. Калий перманганатынын әр түрлі ортадағы тотықтырғыш қасиеттері.
Калий перманганатының ерітіндісін үш пробиркаға құйыңдар. Оның біріншісіне – дәл осындай көлемде күкірт қышқылын, екіншісіне -концентрленген сілті ерітіндісін (NaOH), ал үшіншісіне -ештеңе да құймандар. Үш пробиркаға бір-бір тамшыдан Na2SO3 ерітіндісін (немесе осы заттың ұнтағын) қосындар: біріншісіне-ерітінді түссіз болғанша, екіншісіне-ерітінді жасыл түске боялғанша /K2MnO4/, ал 3-шіне-қүрең тұнба түзілгенше / MnO2/.
2 тәжірибе. Калий бихроматының тотықтырғыш қасиеттері.
Екі хромды қышқыл H2Cr2O7 және оның тұзы, мысалы К2Cr2O7 қышқыл ортада Cr+6→Cr+3 ету нәтижесінде күшті тотықтырғыштар болып саналады.
Үш пробиркаға К2Cr2O7 ерітіндісін құйындар және дәл осындай көлемде H2SO4 /2н/ ерітіндісін құйындар. Тотықтырғыш ретінде келесі заттар қосылады:1-ші пробиркаға -құрғақ тұз FeSO4 ; 2-ші пробиркаға -құрғақ тұз NaNO2(немесе Na2SO3 ұнтағын); 3-ші пробиркаға - SnCl2 ерітіндісін қосындар. Барлық пробиркаларда калий бихроматтың тоқ-сары түсі жасыл түске айналады. Бұл хромның тотықтырғыш дәрежесі +6-дан +3-қа-дейін өзгергені білінеді.
тәжірибе. Галогендер теріс иондарының тотықтырғыш қасиеттері. Пробиркаға 1 мл мөлшерде Fe2(SO4)3 немесе FeCl3 тұзының ерітіндісін және 1 тамшы КI ерітіндісін құйындар. Пробиркаға дистиллинген суды ерітінді ашық сары түске айналғанша қосындар және 1-2 тамшы крахмал қосындар. Ерітіндінің көк түске айналуы оның құрамында бос күйдегі I2 бар екені білдіреді.