Жалпы көлем, см3 (мл)
|
Тұз ерітіндісі
|
Температура
С
|
∆∆t, С
|
Тығыздығы
г/см3
|
Меншікті жылу сыйымдылығы, Дж /гК
|
Бас-
тапқы
|
соңғы
|
1
|
75
|
1,049
|
5,02
|
|
|
|
2
|
100
|
1,051
|
6,27
|
|
|
|
6 кесте
Жалпы көлем, см3 (мл)
|
Тұз ерітіндісі
|
Температура, С
|
∆t, С
|
Тығыздығы, г/см3
|
Меншікті жылу сыйымдылығы, Дж/гК
|
Бас-тапқы
|
соңғы
|
|
100
|
1,051
|
5,64
|
|
|
|
Бейтараптау реакциялар нәтижесінде бөлінген жылу (Q) мына формуламен есептеледі:
Q (30)
мұндағы V- калориметрдегі ерітіндінің жалпы көлемі, см3
d- калориметрдегі ерітіндінің тығыздығы, г/см3
c- ерітіндінің меншікті жылу сыйымдылығы, Дж/гК,
∆t- реакция дейінгі және кейінгі температураның өзгеруі.
7 кесте
Заттар
|
ΔH0298 түзілу, кДж/моль
|
Na2SO4
|
-1384,60
|
H2SO4
|
-811,30
|
NaOH
|
-427,80
|
H2O
|
-285,83
|
Тәжірибе нәтижелерін өндеу
1 Бірінші тәжірибедегі бейтараптау реакцияларының бірінші, екінші сатысындағы жылу эффектісін есептеу.
Екінші тәжірибедегі бейтараптау реакцияның жылу эффектісін есептеу.
Реакция нәтижесінде заттар мен реакция өнімдерінің түзілу жылулары белгілі болса, күкірт қышқылын сілтімен бейтараптау реакциярының жылу эффектілерін теориялық түрде Гесс заңының салдарына сүйене отырып есептеу.
Екінші тәжірибедегі нейтралдау реакцияларының жылу эффектілерін теориялық жылу эффектімен салыстыру.
Бірінші тәжірибедегі жылу эффектісімен салыстырыңыз және Гесс заңының орындалуы туралы қорытынды жасаңыз.
Бақылау сұрақтары
1. Химиялық реакция толық жүру үшін химиялық жүйенің энтальпиясы мен энтропиясы қалай өзгеруі қажет?
2. Егер реакция кезінде энтропия азайса, тепе-теңдікті оңға (өнімдер) қарай ығыстыру үшін температураны жоғарылату немесе төмендету қажет?
3. Термодинамикада қандай жүйе жабық, ашық деп саналады?
4. Энтропия мәні қандай факторларға тәуелді болады?
5. Фазалық өзгерістер кезінде энтропия қалай өзгереді?
6. Кристалдық аммоний хлориді газды аммиак пен хлорсутек әрекеттескенде түзіледі. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, оның жылу эффектісін есептеңіз. Реакцияға 10 л аммиак қатысса, жылу қанжай мөлшерінде бөлінеді?
7. CO (газ) +2Н2 (газ) СН3ОН (сұйық.) ; ΔН = -128,05 кДж
Берілген жұйеде қандай температурада тепе-теңдік орналасады?
9-10 зертханалық жұмыс.
Тақырып «Химиялық реакцияның жылдамдығы және химиялық тепе-тендік»
Жұмыстың мақсаты. Реакция жылдамдығына реакцияласушы заттардың концентрацияларының мен температураның әсерін зерттеу; біріккен тепе-тендіктің ығысу жағдайларымен танысу.
Теориялық кіріспе. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын зерттеу- химияның негізгі мәселесі. Химиялық кинетика деп реакцияның жүру механизмін, жылдамдығын зерттейтін химияның бөлімін айтады. Жылдамдыққа әсер ететін келесі негізгі факторлар: реакцияласушы заттар табиғаты, концентрациясы, температура, қысым және катализаторлар.
Реакцияның орта жылдамдығы белгілі уақыт аралығындағы реакцияласушы заттар концентрациясының өзгеруімен өлшенеді (моль/л·с)
ν = (c1-c2) / (t1 –t2) (31)
мұндағы С1, С2– заттың бастапқы және соңғы концентрациясы, моль/л.; t1, t2 – уақыт, с.
Реакция жылдамдығы реакцияласушы заттардың концентрациясына тәуелді екенін әсер етуші массалар заңы білдіреді: «берілген температурада реакциялаушы заттар концентрациясының көбейтіндісі химиялық реакцияның жылдамдығына тура пропорционал»
mA+nB=cC+dD
ν = k [A]m·[B]n (32)
мұндағы [А], [В] –заттар концентрациясы; m және n –стехиометрлік коэффициенттер; k – жылдамдық түрақтысы.
Реакция жылдамдығына температураның әсерін жуық мөлшермен Вант-Гофф ережесі анықтайды: «температураны 10°C-қа жоғарылатканда, реакция жылдамдығы 2-4 есе артады».
νt2= νt1·γ∆t /10 (33)
мұндағы νt1, νt2 –бастапқы t1 және соңғы t2 температурадағы жылдамдықтар; γ- температуралық коэффициент; ∆t –температуралар айырымы.
Реакция жылдамдығы температураға тәуелді екенін жылдамдық тұрақтысы көрсетеді. Реакция басталу үшін заттардың бөлшектері бір-бірімен соқтығысу қажет, бірақ тек қана энергиясы жеткілікті активті молекулалар реакция өнімдеріне әкеледі. Заттың бір моліндегі барлық молекулаларды активті күйге айналдыру үшін жұмсалатын энергия активтендіру энергиясы деп аталады Еакт (.кДж/моль). Қыздыру, еру процестері кезінде немесе ультрадыбыс, электрлі разряд әсерінен молекулалар активті күйге айналуы мүмкін. Заттар бастапқы күйден соңғы күйіне аралық активтелген комплекс түзу арқылы жүреді.
Жылдамдық тұрақтысы k активтендіру энергиясына (Еакт).және температураға (Т) тәуелді екенін С.Аррениус теңдеуі көрсетеді:
k=Ae-Е (акт) / RT (34)
мундағы, R–газ тұрақтысы, А– коэффициент.
Химиялық тепе-тендік деп химиялық реакцияның тура және кері жылдымдықтары өзара теңескен күйін айтады. Реакциялар теңдеулерінде тепе-теңдік күй қайтымды екенін былай белгілейді:
aA + bB ↔ cC +dD
ал термодинамика жағынан қарастырғанда ∆G = 0 – бүл жағдай тепе-теңдік орналасуының шарты деп саналады. Жүйеде орналасқан тепе-теңдікті оның тұрақтысымен сипаттайды:
мүндағы: К- тепе- тендік тұрақтысы, ал [A], [B], [C], [D] – заттардың тепе-теңдік концентрациялары.
Тепе-теңдікті ығыстыруға болады. Ығысудың бағытын анықтау үшін Ле-Шателье принципін пайдаланады: егер тепе-теңдік күйде тұрған жұйенің сыртқы жағдайларының біреуін өзгертсек (температура, қысым немесе концентрация), онда жүйеде сол өзгеріске қарсы әсер ететін процесс жүре бастайды.
Концентрацияны арттырғанда, жүйеде сол заттың концентрациясын азайтатын процесс жүреді. Керісінше, концентрацияны азайтқанда, сол концентрацияны көбейтетін процестің жылдамдығы артады.
Температураны жоғарылатқанда – эндотермиялық процесс тез жұре бастайды, ал температураны төмендеткенде – тепе-теңдік экзотермиялық процесс жағына ығысады.
Қысымды арттырғанда сол жүйеде көлемді азайтатын процесс тез жүре бастайды, және керісінше, сыртқы қысымды азайтқанда – тепе-теңдік сол жүйенің көлемін ұлғайтатын процесс жағына ығысады.
Достарыңызбен бөлісу: |