Жұмыстың орындалуы
1 тәжірибе. Реакция жылдамдығына заттар концентрациясының әсері
Натрий тиосульфаты және күкірт қышқылы арасындағы реакцияны жалпы тендеумен көрсетуге болады
Na2S2O3+H2SO4 Na2SO4+ SO2+ S+ H2О
Жасалған тәжірибеде өлшемі бар 4 пробиркаға натрий тиосульфат 2% ерітіндісінен және суды құйыңыз (8 кесте бойынша). Содан кейін, ерітінділерді араластырып, біріншісіне - 6 мл қышқылды (H2SO4) қосыңыз. Белгілі уақыт ішінде түңба пайда болуын тексеріңіз. Қалған пробиркаларға реті бойынша қышқылды айтылғандай мөлшерде (6 мл) құйып, тұнба түскен уақытын жазып алыңыз.
8 кесте
пробирка
|
Көлемі, мл
|
Қышқыл
H2SO4
|
Тиосульфат концен-трациясы,
|
тұнба түзілген уақыт,
сек
|
Реакция жылдамдығы
| Ерітінді
Na2S2O3
|
Н2О
|
1
|
2
|
4
|
6
|
33,3
|
|
|
2
|
3
|
3
|
6
|
50,0
|
|
|
3
|
4
|
2
|
6
|
66,6
|
|
|
4
|
6
|
-
|
6
|
100
|
|
|
Тәжірибеде алынған мәліметтер бойынша υ=ƒ(с) графигін құрастырыңыз, реакция жылдамдығы шамасын ординат өсінде, ал Na2S2O3 ерітіндісінің концентрациясын абцисса өсінде %-пен көрсетіңіз.
2 Тәжірибе. Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері
Үш пробиркаға 4 мл -ден 2% натрий тиосульфатының ерітіндісін –қуйыңыз, ал қалған үш пробиркаға - 4 мл 2%–ті күкірт қышқыл ерітіндісінен қуйыңыз. Екі пробирканы (1-шісінде- Na2S2O3, 2-шісінде- H2SO4) суық суы бар стаканға 2-5 минутка қою қажет. Температураны белгілеп жазып алыңыз. Содан кейін күкірт қышқылын тиосульфат ерітіндісіне құйып, араластырыңыз. Тұнба пайда болу уақытын белгілеңіз. Осыдан кейін тәжірибені тағы екі рет қайталаңыз, тек стақандағы судың температурасы 100 С және 200 С бастапқы температурадан жоғары болғанша ыстық су қосу арқылы орналастырасыз. Нәтижелерді 9 кестеге жазыңыз.
Берілген 9 кесте бойынша υ= ƒ(t) график құрастырыңыз, және Вант-Гофф ережесі орындалу жөнінде температуралық коэффициенттерді есептеп, қорытынды жасаңыз.
9 кесте
пробирка | Температура,
0 С
|
Ерітіндіден тұнба болғанға дейінгі уақыт t), сек
|
Реакция жылдамдығы
υ=1/t |
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
3 тәжірибе. Реакциялаушы заттар концентрациясы өзгергенде химиялық тепе-тендіктің ығысуы.
Пробиркаға бірнеше тамшы калий немесе аммоний роданидінің ерітіндісінен (KCNS немесе NH4CNS) және темір хлоридінің ерітіндісін құйыңыз да ұстіне су қосыңыз. Шыққан қоспаны 4 пробиркаға біркелкі бөліңіз. Содан кейін бірінші пробиркаға –FeCl3 ерітіндісін қосыңыз, ал екіншіге - құрғақ KCl немесе NH4Cl, үшінші пробиркаға – KCNS немесе NH4CNS ерітіндісін қосыңыз. Осы пробиркалардағы ерітінділер түсін төртінші пробиркадағы ерітіндінің түсімен салыстырыңыз.
10 кесте
Пробирка
|
Қосылғыш
зат
| Байқалған өзгеріс |
Қорытынды: қай жаққа тепе-тендік ығысады
|
1
|
+ FeCl3
|
|
|
2
|
+КCl
|
|
|
3
|
+ KCNS
|
|
|
4
|
эталон
|
|
|
1) FeCl3 және KCNS арасындағы реакция тендеуін жазыңыз.
2) Химиялық тепе-тендік тұрақтысын реакцияға сәйкестіріп жазыңыз. Ле-Шателье принципі бойынша байқалған өзгерістерге түсініктеме беріңіз.
Бақылау сұрақтары
Қандай реакциялар үшін тепе-теңдік тұрақтысы өлшемсіз шама?
Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 2-ге тең. Химиялық реакцияның жылдамдығын 16 есе арттыру үшін температураны қанша градуска жоғарылату қажет?
Температура 1500 С болғандағы реакция 16 минут ішінде аяқталады. Егер температура 2000 С және температуралық коэффициент γ = 2 тең болғанда реакция қандай уақытта аяқталады;
3570С –тағы йодсутек түзілу реакциясының тепе-теңдік тұрақтысы 66,9 тең, ал 4480С –та 54,5 дейін төмендейді. Қандай реакция (тура немесе кері бағытта жүретін) экзотермиялық болады?
Гетерогенді реакцияларда тепе-теңдік тұрақтысы қандай түрде жазылады?
Тура реакцияның жылдамдығы 2NO + O2 2NO2,
∆ H = -114,2 кДж 0,018 моль/ (л х мин) тең. Азот оксидінің (II) концентрациясы 0,6 моль/ л, оттегінің концентрациясы 0,5 моль/ л тең. Тура реакция жылдамдығының константасын есептеніз
Мына реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді, егер сутегінің концентрациясын 3 есе ұлгайтса:
СО2 + Н2 СО + Н2О; ∆ H = -0,8 кДж
Достарыңызбен бөлісу: |