«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар


Жоғары молекулалы қосылыстарды алудың негізгі әдістері



бет27/34
Дата15.03.2023
өлшемі1,6 Mb.
#74668
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Байланысты:
«Æàëïû õèìèÿëû? òåõíîëîãèÿ» ï?í³ áîéûíøà ñ?ðà?òàð

Жоғары молекулалы қосылыстарды алудың негізгі әдістері:
Поликонденсация деп қосымша заттар бөле жүретін төмен молекулалы қосылыстардан жоғары молекулалы қосылыстардың түзілу реакциясын айтады. Поликонденсация әдісі бойынша полимер алу үшін әр түрлі химиялық реакциялар қолданылады. Олар: этерификациялау, аминдеу, ароматикалық орынбасу және т.б. Поликонденсация екі функционалдық топтардың әрекеттесуінен жүреді.
Поликонденсация реакциясын балқымада, ерітіндіде немесе екі фазаның бөліну шекарасында жүргізіледі. Барлық шығарылатын полимердің 1/4 бөлігі поликонденсация әдісімен алынады.
Полимеризация деп төмен молекулалы заттардың (мономерлердің) қосылып, жоғары молекулалы қосылыстарды түзу реакциясын атайды. Реакция нәтижесінде қосалқы заттар бөлінбейді, ал алынған полимердің құрамы мономерге сәйкес келеді. Полимеризация процесі кезінде мономерлерде қос байланыстар үзіліп немесе циклдер ашылып, топтар арасында химиялық байланыстардың пайда болуынан макромолекулалар түзіледі. Өндірілетін барлық полимердің ¾ бөлігі полимеризация әдісі арқылы алынады.
Медицина саласында полимерлік материалдардан медициналық аспаптар, арнаулы ыдыстар және дәрілік препараттарды ораушының түрлі көріністерін дайындауда қолданылады. Хирургияда жүректің қақпақтарын, стоматологиялық протездер мен көз хрустальдарын жасауда қолданылады. Капсулалы дәрілер Фармацевтика тәжірибесінде кеңінен қолданылуда. Дәрінің тыстары жоғары ерітілген полимерден дайындалады. Дәрілік препараттарды орауда пайдаланылады.



  1. Пластикалық массалардың жіктелуі. Пластикалық массалар өндірісі.

Пластмассалар— құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэлектрикалық қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, механикалық жағынан берік болады.
Пластикалық массалар дегеніміз- табиғи және синтетикалық үлкен молекулалы қосылыстар негізінде жасалатын, жоғары температура мен қысым әсерінен әр түрлі пішінге келіп, суығаннан кейін оны сақтай алатын материалдар. Пластмассаларды температураға әсеріне қарай: термопластикалық және термореактивті деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет