Химиялық өндірістің көрсеткіштері: технологиялық, экономикалық, эксплуатациялық.
Технологиялық көрсеткіштер химиялық-технологиялық процестің сапасын анықтайды немесе ХТП-тің тиімділігін бағалау үшін қолданылады:
Өндірістің өнімділігі (қуаты)– бірлік уақытта алынған өнімнің немесе өңделген шикізаттың мөлшері;
Жұмсалу коэффициенті – бірлік өнім өндірісіне жұмсалған шикізаттың, энергияның, қосымша материалдар шығындарының мөлшерін көрсетеді;
Айналу дəрежесі– бұл химиялық реакцияға қатысқан бастапқы реагенттің үлесін көрсетеді;
Өнім шығымы – мақсатты өнім мөлшерінің оның стехиометриялық теңдеу бойынша алынуға тиісті мөлшеріне қатынасы немесе нақты өндірілген өнімнің теорияға сəйкес өндірілетін өнім мөлшеріне қатынасы;
Талғампаздық– бастапқы заттың қандай үлесі мақсатты өнімнің түзілуіне жұмсалғанын немесе мақсатты өнімнің жалпы шыққан өнімге қатынасын көрсетеді;
Үдерістің немесе аппараттың интенсивтілігі (J)деп оның өнімділігінің бірлік пайдалы көлемге (V) немесе аппараттың жұмысшы бетіне (F) қатынасын айтады.
Экономикалық көрсеткіштер өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайды:
Өнім сапасы– өнімнің тұтыну қасиетін жəне тауарлық бағалылығын анықтайды. Ол нормативті құжаттармен
(ГОСТ, техникалық шарт, сапа сертификаты) анықталады;
Өзіндік құн. Кəсіпорынның өнімді дайындауға жəне тұтынуға кететін шығынның ақшамен өрнектелуін толық өзіндік құн деп атайды.
Меншікті капиталдық шығын– қондырғының бірлік өнімділігіне есептелген шығын.