8. Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптар. Шикізат ресурстарын толық пайдалану тұжырымдамасы. Шикізат - бұл өнеркәсіптік өндірісте қолданылатын табиғи материалдар, өндірістің үнемділігі, технология мен жабдықты таңдау және өндірілетін өнімнің сапасы негізінен тәуелді болатын өндірістің негізгі элементі. Химия өнеркәсібі өнімінің өзіндік құнында шикізат үлесі 70% - ға жетеді. Сондықтан шикізатты өңдеу мен өндіруде ресурстар мен ұтымды пайдалану мәселесі өте өзекті.
Шикізатты жіктеу бірнеше белгілер бойынша жүзеге асырылады: Шығу тегі бойынша:
Минералды
Жануарлар
Өсімдіктер
Қоры бойынша:
Сарқылатын
Сарқылмайтын
Заттың құрамы бойынша:
органикалық
бейорганикалық.
Агрегаттық күйі бойынша:
қатты
сұйық
газ тәріздес
Қолданылу аясына қарай:
тағамдық
техникалық
Химиялық шикізаттарға мынадай талаптар қойылады: - өндірістік процестің аз сатылы болуы;
- процестің ыңғайлы жағдайларда жүруін туғызатын, энергияның аз шығынына жеткізетін агрегаттық жағдайының болуы;
- келген энергияның аз жоғалуы;
- мүмкіндігінше процестің төменгі температурада жүруі;
- реакциялық қоспада көзделген өнімнің ең жоғарғы қүрамда болуы.
Химиялық шикізатты тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарына мыналар жатады: - арзанырақ шикізатты пайдалану (мүмкіндігінше жергілікті шикізатты);
- екінші материалдық қорларды пайдалану (қалдыкдар, жанама өнімдер жэне т.б.);
- концентрациясы төменірек шикізатты пайдалану;
- шикізатты кешенді түрде пайдалану, яғни шикізат қүрамындағы барлық қүнды компоненттерді ең жоғарғы дәрежеде бөліп алу жэне оларды пайдалану;
- тағамдық шикізатты тағам еместікке ауыстыру;
-төменгі РПИ көрсеткіші бар шикізаттардан жасалған альтернативті материалдарды қолдану;
- шикізаттың рециркуляциясы, яғни бұйымдарды пайдалану мерзімі өткеннен соң, істен шыққан немесе моральдық ескіруге үшыраганнан кейін қайта өңдеу