«Жалпы химиялық технология » пәні бойынша сұрақтар
Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар.
Технология – табиғи шикізатты тұттыну бұйымына және өндіріс құралдарына дейін өңдейтін, өндіріс өнімдері мен құралдарын зерттейтін ғылым болып табылады.
Технология грек тілінен- шебер кәсіп деген мағына береді.
Технология 2-ге бөлінеді .
Мехалткалық технология
Химиялық технология
Механикалық технология – шикізатты өңдегенде бастапқы заатттың құрамы және ішкі құрылысы өзгермейді. Мысалы: ағаштан мебель жасау, тоқыма жіптен киім тоқу болады.
Химиялық технология- шикізатты өңдегенде бастапқы заатттың физика-химиялық құрамы және құрылысы өгереді. Мысалы: ағашты гидролиздеу арқылы этил спиртін алу.
Химиялық өндіріс өндірісінде бастапқы(шикізат ), мақсатты (өнім ) дейін өндіріледі.
Бізде химиялық технологияда шикізаттан дайын өнім алу үшін көптеген энергия, су, жұмыс істейтін құралдар, басқарма керек болған соң, оның ұғымдары да көп. Маңыздыларына тоқталып кетемін.
Шикізат - өнеркәсіптік өнімдер алуда пайдалагылатын табиғи материалдар.
Реагент- бұл химиялық реагентке кіретін, шикізаттың басты , бірақ жалғыз компанетті емес .
Өнім –химиялық өндіріс соңында пайда болатын зат.
Қосымша материалдар- мақсатты рекцияға қатыспайтын, өнімге физика- химиялық қасиет беру үшін пайдаланылатын заттар.
Қалдық – табиғи щикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болған заттар және өндірістің жарамсыз заттары.
Өндірістің өнімділігі (қуаты)– бірлік уақытта алынған өнімнің немесе өңделген шикізаттың мөлшері;
Жұмсалу коэффициенті – бірлік өнім өндірісіне жұмсалған шикізаттың, энергияның, қосымша материалдар шығындарының мөлшерін көрсетеді;