Айналу дəрежесі – бұл химиялық реакцияға қатысқан бастапқы реагенттің үлесін көрсетеді;
Өнім шығымы – мақсатты өнім мөлшерінің оның стехиометриялық теңдеу бойынша алынуға тиісті мөлшеріне қатынасы немесе нақты өндірілген өнімнің теорияға сəйкес өндірілетін өнім мөлшеріне қатынасы;
Талғампаздық– бастапқы заттың қандай үлесі мақсатты өнімнің түзілуіне жұмсалғанын немесе мақсатты өнімнің жалпы шыққан өнімге қатынасын көрсетеді;
Өнім сапасы – өнімнің тұтыну қасиетін жəне тауарлық бағалылығын анықтайды. Ол нормативті құжаттармен
(ГОСТ, техникалық шарт, сапа сертификаты) анықталады;
Өзіндік құн. Кəсіпорынның өнімді дайындауға жəне тұтынуға кететін шығынның ақшамен өрнектелуін толық өзіндік құн деп атайды.
Меншікті капиталдық шығын – қондырғының бірлік өнімділігіне есептелген шығын.
Еңбек өнімділігі– жұмыскердің бірлік уақыт ішінде өндіретін өнімінің мөлшері немесе бірлік өнімді өндіруге жұмсалатын жұмысшы уақытының мөлшері.
Т.б көптеген ұғымдар бар Химиялық – технологиялық үдеріс кинетикасы: реакция тәртібі мен молекулярлығы. Химиялық айналулар стехиометриясы.
Химиялық технологиялық үрдіс- шикізаттан дайын өнім алу үшін бір бірімен өзара байланысқан белгілі бір ретпен кезектесіп журетін үрдістер жиынтығы.
Химиялық технологиялық үрдіс 3 сатыдан тұрады. Шикізатты реакцияға дайындау
Дайындалған шикізатты химиялық өнімалынғанға дейінгі химиялық үрдістер
Химялық технологиялық үдерісте химиялық үдерістерді өрнектеу үшін химияның негізгі заңдары : химиялық стихиометрия, хмиялық тепе-теңдік, химиялық кинетика
Химиялық кинетика– химиялық процесс және оңың механизмінің белгілі бір уақыт аралығында жүріп өту заңдылықтарын зерттейтін ғылым сласы.Химиялық кинетика: Реакцияның жүру жалдамыдығын