ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК
КЕШЕНІ
«Таным жүйесіндегі ес, ойлау және сөз» (пәннің аты)
Мамандық «5В050300 ПСИХОЛОГИЯ» (шифры, аты)
Оқу түрі күндізгі
Алматы, 2013 ж «Таным жүйесіндегі ес, ойлау және сөз» ПОӘК-нің құрылымы мен мазмұны: 1.ПОӘК 2.Типтік бағдарламасы 3.Жұмыс бағдарламасы 4. Силлабус 5. Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигі МӨЖ, МОӨЖ РБ 6.Пән бойынша оқылатын дәрістердің қысқаша сипаттамасы 7.Семинар сабақтарының жоспарлары 8.Пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету. 9.Емтихан сұрақтары :
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Жалпы және этникалық психология кафедрасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры __________________ М.М. Бүркітбаев " 21" 06 2013 ж.
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Таным жүйесіндегі ес, ойлау және сөз» (пәннің аты) Мамандық: «5В050300 – Психология»
(шифры, аты)
Оқу түрі күндізгі
Алматы қ. 2013 ж.
ПОӘК дайындаған Бердібаева С.Қ. - психология ғылымдарының докторы, профессор (дайындалған А.Ж.Т., лауазымы, дәрежесі, атағы)
«5В050300»-Психология» мамандығы бойынша Эксперименттік білім беру бағдарламасы және типтік оқу бағдарламасы негізінде ««Таным жүйесіндегі ес, ойлау және сөз» пәнінен ПОӘК әзірленді (қандай құжаттың негізінде)
Кафедра мәжілісінде қаралып ұсынылды. «14 »052013 ж., хаттама №36
Кафедра меңгерушісі м.а. _________________ Э.К. Қалымбетова
(қолы)
Факультеттің әдістеме (бюро) кеңесінде ұсынылды.
« 21 »052013 ж., хаттама №10
Төрайымы ________________________ Н.А. Саитова
(қолы)
АЛҒЫ СӨЗ Курстың қысқаша сипаттамасы. ««Таным жүйесіндегі ес, ойлау және сөз» курсы психология ғылымының фундаменталды негізін құрайтын теориялар мен зерттеу әдістердің мазмұны мен психологиялық құрылымына байланысты қазіргі әдіснамалық жағдайларға сүйенеді, соңғы жетістіктері мен тұжырымдамаларын негізге алады, сондай-ақ әлемдік психология жетістіктерін танымдық процестерді талдау негізінде түсіндіреді, психологиялық теорияларды зерттеу және меңгеру процестерін оларды психологияның барлық саласында қолдана білуді оқып үйренеді. Кәсібилік тұрғыдан ғылыми практик психолог ретінде өз білімдерін жетілдіруде жалпы психологияның негізгі өзегін құрайтын психикалық процестердің әртүрлі заңдылықтары мен критерийлерін меңгеруге байла -нысты білімдерді алу маңызды және өте қажетті болып табылады..
Пәнді оқыту мақсаты ««Таным жүйесіндегі ес, ойлау және сөз» - курсын меңгеру негізінде жеке адамды таным субъектісі ретінде ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, танымдық психикалық процестердің табиғатын және психология мамандығына қатысты ғылыми түсініктердің негізін түсініп, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін негіздеу. Психикалық танымдық процестер ес, ойлау және сөз табиғаты туралы ақпараттарды қайта өңдеудің және танудың бірыңғай і жүйесі деп түсіну.
Міндеттері: 1.Танымдық психикалық процестердің негізгі заңдылықтары мен даму механизмдерін қолданудың теориялық–методологиялық аспектіде танысып, оқып–үйрену, танымдық процестер ес, ойлаудың негізгі заңдылықтары мен критерийлерін фундаменттік теориялық және қолданбалы психологиялық зерттеулерде қолдануға студенттерде оң мотивация мен жүйелік негіздерді қалыптастыру;
2.Оқытылған психикалық танымдық процестердің өзіндік ерекшеліктері туралы теориялар мен зерттеулер негізінде психологияның әр салалары, ес, ойлау және сөз жайлы студенттерде білімдерді жүйелендіру;
3.Психикалық танымдық процестердің даму заңдылықтары мен механизмдерін талдау критерийлерін психологияның барлық саласында қолдануды оқып үйрену, оның технологияларын меңгеру, машықтану, психиикалық процестердің базалық категориялары мен түсініктері жайлы білімдер беру;
4.Әлемдік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен және танымдық процестер туралы теориялық-методологиялық таныстыру
Берілген курс мынадай: “Психологияның теориялық мәселелері”, “Даму психологиясы”, “Мамандану практикумы” және басқа пәндермен қатарлас жүреді.
Студенттің негізгі құзіреттілігінің түрлері: Бакалавриатты оқу барысында танымдық психикалық процестер ес, ойлау және сөз жайлы әлемдік және отандық психологиядағы жаңа қазіргі психологиялық концепциялардың әдістемесінің қазіргі мәселелері бойынша негізгі білімдерді меңгеруі қажет.
Студент мыналарды білуі қажет: -Психологиялық кәсіби білім алу процесінде танымдық психикалық процестер негізгі идеяларын қолданудың тиімділігі мәселесі;
- Танымдық психикалық процестердің ерекшеліктері мен тиімділігін талдау;
- Танымдық психикалық процестер негізгі заңдылықтары туралы жағдайлар.
Студент мыналарды меңгеруі қажет: Курсқа cәйкес ғылыми әдебиеттер мен білімінің қайнар көздерін оқу үшін қажетті ізденіс;
Танымдық психикалық процестер туралы талдау және шынайы тәжірибеде тексеру іс-әрекеті;
Танымдық психикалық процестер курсының негізгі жағдайларын кәсіби зерттеулерде, кәсіби іс-әрекеттің практикалық-қолданбалы салаларында оның тиімділігін арттыру мәселесі бойынша материалдарды өзбетінше логикалық түрде таңдау.