Сенсорлық процестердің психофизикасы мен психофизиологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктері
Есту түйсінулері. Дыбыстарды локализациялау. Есту теориялары. Сөз бен музыканы қабылдау. Есту түйсінулерінің іс әрекетпен, қарым қатынаспен байланысы. Көру түйсінулері. Бинокулярлық көру. Инвентирлі көру. Түстердің араласуы. Көру түйсінуіндегі психофизиологиялық заңдылықтар. Түстер теориясы. Түстердің психофизикалық әрекеті. Түстерді қабылдау. Жарықты түйсіну: жарқырау, контраст және түс, қанығу, жарық стимулдары. Негізгі және қосымша түстер. Жарық сезгіштігі.
Түйсіну табалдырықтары. Табалдырық пен сезгіштікті өлшеу. Субсенсорлы диапазон. Сигналдарды табу теориясы. П сихофизиканың Фехнерден Дж. Гибсонға дейін дамуы. Түйсінулерді өлшеу, шкалалау. Көру қабылдауындағы Фурье анализ. Табалдырықты өлшеу әдістері. Фехнер постулаты. Сенсорлық сапаларды зерттеу. Стивенстің психофизикасы.
Қабылдау психологиясының жалпы сұрақтары. Қабылдау психикалық іс-әрекет ретінде
Қабылдаудың психологиялық табиғаты. Қабылдаудың константтылығы, ұғынымдылығы. Бейнелердің заттық мазмұны. Перцептивті бейнелердің өзінідк ерекшеліктері. Қабылдаудың қасиеттері және феномендері. Заттық бейненің пайда болуының сенсомоторлық теориясы. Адаптация динамикасы мен феноменологиясы. Қабылдаудың психологиялық анықтамасы. Перцепцияның негізгі көздері. Қабыладушы белсенділік.
Перцептивті ішкі дайындық. Қабылдаудағы ішкі дайындық. Кеңістікті қабылдау. «Лупа» эффектісі. Тереңдікті және алыстауды түйсінулер. Шамаларды, формаларды қабылдау. Формалардың константтылығы. Қозғалысты қабылдау. Уақытты қабылдау.. Қабылдау және уақытты бағалау. Бірізділікті қабылдау. Ұзақтықты қабылдау.
Қабылдау теориялары мен негізгі ықпалдар
Қабылдаудың гештальттеориялары. Объективті, субъективті бағдарлаушы ықпалдар (Э. Титченердің структуралистік теориясы, Г. Гельмголцтың санасыз ой қорытындысы теориясы, Дж. Брунердің перцептивті цикл теориясы). Перцептивті теңесу теориясы. Өабылдау теориялары (Г. Гельмгольц, И.М. Сеченов, Н.Н. Ланге). Қабылдауды психофизикалық теориялары (Дж. Гибсон, Э. Гибсон, К. Грэхем, Х. Хелсон). Перцептивті іс- әрекет. Кеңес психологиясындағы қабылдауға деген іс әрекеттік ықпал. Қабылдау деңгейлері.
Перцептивті ұйымдасу заңдары. Фигура және фон. Стереокөру механизмдері: көз торының корреспондентті және диспаратты нүктелері, гороптер, стереопсис зоналары. Алыстау мен тереңдік белгілері: бинокулярлық, таңдамалы, трансформациялық, окуломоторлық. Стереоскоптың құрылысы. Кеңістікті, формаларды, қозғалысты қабылдаудағы Дж. Гибсон зерттеулері. Қабылдау феномендері, алты класы. Оптикалық бұрмалану. Адаптация динамикасы. «Тері көру» феноменологиясы.
Қабылдау психологиясындағы эксперименттік зерттеулер. Сенсорлық сапаларды эксперименттік зерттеулер. Табалдырықты өлшеу әдістерін талдау. Қабылдаудың дамуындағы қозғалыстың рөлі. А.Н. Леонтьев және А.В. Запорожецтің қабылдау психологиясы бойынша эксперименттік зерттеулері. Қабылдаудың дамуына деген екі ықпал: ұлғайту және дифференциация теориялары. Перцептиті үйрену. Қабылдау және үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |