Жалпы және медициналық генетика негіздері Жуаныш Шыңғыс Құрмашұлы



Pdf көрінісі
Дата06.11.2022
өлшемі205,68 Kb.
#47833
Байланысты:
мг



БОӨЖ
Жалпы және медициналық генетика негіздері
Жуаныш Шыңғыс Құрмашұлы
(105А Жалпы медицина)
Shingiz_j@mail.ru 
Тақырыбы

Мембраналық тасымалдау: белсенді және пассивті 
Везикулярлық тасымалдау туралы түсінік 



Глоссарий
1. Мембрана - бұл липопротеинді құрылым, липидтердің және 
белоктардың сыртқы жағына көмірсу компоненттері бекінеді. 
2. Эндоцитоз-белсенді процесс, нәтижесінде заттар мембрана арқылы 
енеді. 
3. Экзоцитоз- белсенді процесс, нәтижесінде заттар мембрана арқылы
сыртқа шығарылады. 
4. Пиноцитоз (pinocytosis; лат. pinos — жұту, ішу, сіміру; kytos — 
жасуша) — жасушаның плазмолемма арқылы қоршаған ортадан сұйық 
затты немесе ерітіндіні нәзік- микроскопиялық мөлшердегі 
көпіршіктер түрінде жұту процесі. 
5. Антипорт - жасушада иондардың мембрана арқылы қарама-қарсы 
бағытта тасымалдануы. 
6. Симпорт - қарама қарсы зарядталған иондардың бір бағытқа қарай 
тасмалдануы. 
7. Унипорт - мембранада электр потенциалдарының болуынан 
зарядталған бөлшектердің потенциалдың аз мәніне қарай тек бір 
бағыттағы тасымалдануы. 
8. Фагоцитоз (фаг және грек. kytos — жасуша) —(қармап алу) бір 
жасушалы организмдердің немесе кейбір көп жасушалы жануарлар 
жасушасының микроскопиялық бөтен тірі нысандар (бактериялар, т.б.) 
мен қатты бөлшектерді жұтып алып, қорытып жіберуі. 
9. Диффузия-молекулалардың хаостық жылулық қозғалысының әсерінен
заттың таралымы көп орыннан таралымы аз орынға қарай өздігінен
өтуін айтады. 
10. Жай диффузия- өздігінен, ешбір көмексіз, заттардың концентрация
градиенті (жоғары концентрациядан төменгі концентрация) бағытында
мембрана арқылы өтуі. 



11. Жеңілдетілген диффузия – бұл әдісте де заттар өздерінің концентрация
градиенті бағытында мембрана арқылы өтеді, яғни жоғары
концентрациядан төменгі концентрация бағытында, бірақ бұл құбылыс
өздігінен жүзеге аспайды, ерекше тасымалдау ақуызы-транслоказаның 
көмегімен жүреді. 
12. Белсенді тасымал — бұл энергия жұмсаумен бірге жүретін 
молекулалар мен иондардың концентрация градиентіне қарсы 
мембрана арқылы тасымалы болып табылады. 
13. Натрий-калий насосы- жануар жасушаларының мембраналарында 
нәруыз тасымалдаушы рөлін атқарады, ол плазмалық мембранасын 
толық өзектен өтеді. 
14. Енжар тасымал- энергия жұмсалмайды, молекулаларды 
концентрациясы жоғары аймақтан төменгі аймаққа жылжытады. 
15. Секреция (латынша secretіo — бөліну), еріген қажетсіз заттарды 
арнайы секреторлық атпа жасушалары арқылы қоршаған ортаға 
шығарылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет