Жалпымәлімет. Селекция жануарлар тұқымдарын, өсімдіктер сорттарын және микроорганизмдер штаммдарын жақсарту мен әдістерін оқып танитін ғылым. Селекциялық жұмыстарды жүргізетін кезде өте маңызды болып селекция объектілерінің генетикалық параметрлерің, мысалы жалпы фенотиптік өзгергіштікте генотиптік өзгергіштіктің үлесін көрсететін тұқым қуалаушылық коэффициентін білу маңызды. Неғұрлым тұқым қуалаушылық коэффициенті жоғары болса, солғұрлым селекция селекция қарқынды өседі.
Тапсырма 1.Тұқым қуалаушылық коэффициентін бір факторлық дисперсия талдауымен және селекция қарқындығын санау алгоритмдерін оқып танып тапсырманы орындандар.
Селекцияда пайдаланылатын будандастыру түрлері.
Мақсат: жануарлар селекциясында пайдаланылатын будандастыру түрлерімен танысу.
Жалпымәлімет. Селекцияда сұрыптау жануарлар мен өсімдіктердің әртүрлі будандастыруларымен толықтанады. Сұрыптау тек қана әрбір келесі ұрпақтын сапасын қамтамасыз ететін белгілі будандастыру түрлерімен жалғасқан кезде ғана қарқынды болады. Будандастыру түрлерінің көп түрлілігі инбридинг пен аутобридингке жатады.
Инбридинг – тұтас будандастыру, аутбридинг – тұтас емес будандастыру. Зоотехнияда будандастырудың келесі түрлерін қолданады: тұқым қалыптастырушы, өңдірістік, сіңіріп алу, жаңа қан енгізу.
Тапсырма1. Қойдың солтүстік қазақстан меринос тұқымының алыну жолын, қолданылған будандастыру түрлерін оқып танып тұқымның пайда болған схемасын сызындыр.
Семинар. Селекция жөнінде ұғым.