а) Адам және жануарларда жыныспен тіркес тұқым қуалауы.
Бақылаусұрақтар. Жыныс дегеніміз не?
Жыныспен тіркескен белгілердің қым-қиғаш тұқым қуалауын қалай түсіндіруге болады?
Жыныстық дамуының бұзылуына не себеп?
Адамда өте сирек кездесетін ихтиозис ауытқуы болады. Осы ауытқу кездесетін шежіреде ихтиозис тек қана еркектерге тән. Әйелдерде бұл ауру кездеспейді және олар балаларына тұқым қуаламайды. Ихтиозис қалай тұқым қуалайды?
Тақырып14.Өзгергіштік. Вариациялық қатарды құру және ішінара іріктелген жиынтықтын статистикалық параметрларын табу.
Мақсат:вариациялық қатарды құрудың алгоритмдерін оқып тану және ішінара іріктелген жиынтықтың статистикалық параметрлерін табуды ұйрену.
Жалпымәлімет. Мысалы модификациялық өзгергіштікті зерттеуге қолданылатын генетикалық зерттеудің бірі статистикалық әдіс. Бұл әдістің негізі болып биометрия келеді. Биометрияда екі ұғымды ажыратады: жалпы және ішінара іріктелген жиынтық. Жалпы – бұл барлық зерттелетін даралардың жиынтығы. Бірақта көп жағдайда санының көбіне байланысты оны зерттеу мүмкін емес. Онда оның бір бөлігіне назар аударады – ішінара іріктелген жиынтыққа. Ішінара іріктелген жиынтықты зерттеу үшін вариациялық қатарды пайдаланады. Негізгі анықтайтын көрсеткіштері М, δ, Сν, м.
Тапсырма 1.Вариациялық қатарды құру алгоритмдері мен үлкен жиынтықтың статистикалық көрсеткіштерін санау алгоритмдерін еқып танып жазындар.
Тапсырма 2. Берілген мәліметтерді пайдалана отырып вариациялық қатар құрып, жиынтықтың статистикалық параметрлерің санап жиынтыққа мінездеме беріндер.