«Суреттер сөйлейді» әдісі Мақсаты: Сірке қышқылының қолданылуы туралы айтады.
Дескриптор: 1. Сірке қышқылына тән химиялық қасиеттерін біледі.
2. Сірке қышқылының химиялық қасиеттерін біле отырып, қолданылуын біледі.
ҚБ: графикалық тұрғыда кері байланыс.
3 - тапсырма: PISA тапсырмасы: ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР
Төмендегі берілген суретте Кариатидами деп аталатын, Афинадағы Акрополда 2500 жыл бұрын тұрғызылған мүсіндер келтірілген. Бұл мүсіндер мрамор деп аталатын тау жынысынан сымбатталған. Мрамор карбонат пен кальцийден тұрады.
1890 жылы мүсіндердің түпнұсқасы Акропольдың музейіне ауыстырылып, ал оның орнына көшірмесі тұрғызылды. Мүсіндердің түпнұсқасын қышқыл жауындар жеп қойған.
Қышқыл жауындардың мраморға әсерін үлгілеп білу үшін, мраморды бір түнге сірке суына салып қойса болады. Сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі шамамен бірдей. Бір кесек мраморды сірке суына салғанда газдың көпіршіктері пайда болғанын бақылауға болады. Құрғақ мрамордың массасын тәжірибенің басы және аяғында өлшейді.
Сұрақ: ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР
Осы тәжірибені өткізген оқушылар түнде бір кесек мраморды сірке суына, ал екіншісін жай (тазартылған) суға салды.
Оқушылар бұл сынауды өздерінің тәжірибесіне неліктен қосқанын түсіндіріп жазыңыз
(ҚБ)Мадақтау Pisa тапсырмасын кіріктірудегі мақсатым:
Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы дамиды. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық аспектілері:мәнмәтін, көзқарас, білім, құзыреттілік.