Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
Ұжымдық жұмыс.
8 мин.
Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру. Оқушыларды төртке дейін санау арқылы төрт топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру.
1.y = x2 функцияның анықтамасын;
2.Қасиеттерін;
3.Графигін;
|
Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
«Көршіңді тексер» әдісімен бір бірінің үй жұмысын тексереді және бағалайды.
|
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
Бағалау:
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
|
Оқулық 8-сынып.
|
Ұжымдық жұмыс.
5 мин.
«Джигсо» әдісі
|
Жаңа тақырыпты меңгеру.
«Джигсо» әдісі арқылы тақырып бойынша тапсырма және сұрактар беремін
Мұғалім тарапынан бақылау, бағыт беру.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады.
|
Оқушылар сұрактарға жауап береді
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.
Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады.
|
Дескриптор:
-1-ші сұраққа жауап береді.
-2-ші сұраққа жауап береді.
-3-ші сұраққа жауап береді.
Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
ДК экраны
Оқулық 8-сынып.
|