Жалпы макроэкономикалық теңдестік: жиынтық СҰраныс жәНЕ жиынтық Ұсыныс


-сурет. Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдік қисығы



бет4/8
Дата31.10.2022
өлшемі75,46 Kb.
#46358
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4лекция

13-сурет.
Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдік қисығы






14-сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі

Жиынтық ұсыныстың тік қисығы өндірілген өнім санының жиынтық сұранысқа тәуелді еместігін көрсететіндіктен, классикалық дихотомия талабын қанағаттандырады, демек ақша ұсынысына да тәуелді емес. Өндірілген өнімнің саны сәйкес түрде өндіріс деңгейі деп аталады. Егер жүмыспен толық қамтылған жағдайындағы өндірілген өнім көлемі болса немесе шығарылған өнім көлемі өндірісте жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезінде өндірілсе, онда бұл экономика ресурстарының толық пайдаланылғаны кезеңіндегі өндіріс деңгейі.




Қысқа мерзімдік кезең: жиынтық қисығы көлденең түзумен берілген

Классикалық үлгі және жиынтық ұсыныстың тік қисығы тек ұзақ мерзімдік талдауға ғана қолданылады. Қысқа мерзімдік кезеңде кейбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделмеген. Бағалардың икемсіз болуына байланысты қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы тік түзу болмайды. Барлық фирмалар алдын ала тауарға деген бағасымен каталогтар шығарады, демек және жаңа каталогтар шығару шығындары белгілі бір мөлшерде маңызды деп ұйғарайық. Сондықтан барлық баға бұрынғы деңгейде қалады. Фирмалар белгілі баға деңгейі бойынша өзінің өніміне деген сатып алушылардың сұранысын қанағаттандыруға тырысады. Олар керекті өнім санын өндіру үшін керекті жұмысшыларды жалдайды. Бағалар деңгейі өзгермейтіндіктен, оны (15-сурет) графикте жиынтық ұсынысының көлденең қисығымен суреттеуге болады.

SRAS





Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныс қисығының және көлденең жиынтық ұсыныс қисығының қиылысу нүктесі экономикалық тепе-теңдік нүктесі болып табылады. Енді жиынтық сұраныс мөлшерінің өзгеруі өнім шығару көлеміне әсер етеді. Мысалы, егер Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтса, жиынтық сұраныс қисығы 16-суретте көрсетілгендей, солға қарай жылжиды. Экономикада жиынтық сұраныс пен жтынтық ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінің ескі Е1 нүктесінен жаңа Е2 нүктесіне ауысуы болады. Баға деңгейі өзгермейтіндіктен, жиынтық сұраныстың өзгеруі өнім шығару көлемінің төмендеуін тудырады.
Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныстың қысқаруы кезінде өндіріс көлемі қысқаруының себебі бағаның жаңа жағдайларға сай келмеуінде. Жиынтық сұраныстың құлдырауынан фирмалар баға өте жоғары болса да, оларды тұрақты қалдыруға тырысады. Өнім тарату көлемі қысқаруының есесінен фирмалар өнім шығаруды және толық жұмыспен қамтамасыз етуді қысқартуға мәжбүр болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет