Жалпы макроэкономикалық теңдестік: жиынтық СҰраныс жәНЕ жиынтық Ұсыныс


ТҰРАҚТАНДЫРУ САЯСАТЫ: ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫСТЫҢ КҮРТ ӨЗГЕРУІ. ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫСТЫҢ КҮРТ ӨЗГЕРУІ. СТАГФЛЯЦИЯ (ҚҰЛДЫРАУШЫЛЫҚ), СІЛКІНІС (ШОК)



бет6/8
Дата31.10.2022
өлшемі75,46 Kb.
#46358
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4лекция

ТҰРАҚТАНДЫРУ САЯСАТЫ: ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫСТЫҢ КҮРТ ӨЗГЕРУІ. ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫСТЫҢ КҮРТ ӨЗГЕРУІ. СТАГФЛЯЦИЯ (ҚҰЛДЫРАУШЫЛЫҚ), СІЛКІНІС (ШОК)
Экономикадағы тербелістер жиынтық ұсыныстың немесе жиынтық сұраныстың өзгеруінен басталады. Экономистер ішкі әсер нәтижесінде болатын жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтарының қозғалысын эко-номикалық сілкініс немесе талықсытпа (шок) деп атайды.
Сілкіністің экономикаға әсері өндіріс көлемінің және жұмыспен толық қамтамасыздандырудың табиғи деңгейі ауытқуынан көрінеді. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс үлгісі осындай шок әсерінен экономикалық тербелістердің пайда болу механизмін анықтайды.
Сонымен қатар үлгі шоктың бейтараптануына және экономиканың тербелістерін жоюға бағытталған макроэкономика саясатының нөтижесін бағалау үшін қолданылады.
Тұрақтандыру саясаты дегеніміз өндіріс көлемін және жұмыспен толық қамтамасыз етуді табиғи деңгейінде ұстап тұруга бағытталған мемлекеттік саясат. Ақша ұсынысы жиынтық сұранысқа айтарлықтай әсер ететіндіктен, несие саясаты тұрақтандыру саясатының маңызды құрауышы болып табылады.
Жиынтық сұраныстың күрт өзгеруі
Банктер шотынан ақша беруге арналған автоматтарды ойлап табу қолма-қол ақшаны алуды жеңілдетті, яғни халықтың ақша қорына деген сұранысын төмендетті. Мысалы, автоматты өндіргенге дейін адам орташа алғанда жетісіне бір рет банкке барып 100 долл. алады және оны бір апта бойы ұстайды деп жорамалдайық. Бұл жағдайда қолдағы ақшаның орташа мөлшері 50 долл. Автоматтар пайда болғаннан кейін адам банкке аптасына екі рет барып 50 долл. алады. Енді қолдағы ақшаның орташа мөлшері 25 орташа мөлшері 25 долл. Демек, осы жағдайда ақша қорына деген сұраныс 2 есе.
Осы ақша қорына деген сұраныстың азаюы ақша айналымы жылдамдығының өсуіне сай:
М/Р = кҮ
Мүнда к = 1/V
Нақты өрнектелуде ақша қорының азаюы өнім шығару көлемінде к төмендеуін және V жоғарылауын туғызады. Ақша автоматтарын өндіргеннен бастап адамдар қолда ақшаны аз ұстайды, ал одан ақша айналымы жылдамдайды. Сөйтіп, адамдар банктік автоматтардан қолма-қол ақшаны жиі алатындықтан, ақша алу мен оны жұмсау арасында аз уақыт өтеді. Яғни, ақша айналысының жылдамдығы өседі.
Егер ақша көлемі өзгеріссіз қалса, онда ақша айналысы жылдамдығының өсуі нәтижесінде жиынтық сұраныс қисығы 19-суретте көрсетілгендей оңға қарай жылжиды.






Қысқа мерзімдік кезенде жиынтық сұраныстың өсуі көлемінің өсуін туғызады, яғни экономикалық өсу. Фирмалар өнімін ескі бағамен көбірек сатады. Соңдықтан олар көп мөлшерде жұмысшыларды жалдайды, жұмыс сағатын көбейтеді және кәсіпорындар мен құрал-жабдықты көбірек қарқынмен пайдаланады. Біраз уақыт өткеннен кейін жиынтық сұраныстың жоғары деңгейі баға мен жалақының көбеюіне әкеледі. Баға өскен сайын тауарларға деген сұраныс азаяды, ал өнім шығару деңгейі біртіндеп табиғи деңгейге жақындайды. Бірақ неғұрлым тауарлар мен қызметтер көлемі жоғарылаған сайын өндірілетін өнім көлемі табиғи деңгейден төмен болады. Бұл өсуді бейтараптандыру үшін және өндірісті ұстап тұру үшін, ақша айналысының жылдамдығы кемшіліктерін бейтараптандыру үшін Ұлттық банк ақша ұсынысын азайта алады. Бұл жиынтық сұранысты тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Ұлттық банк сұраныс жағынан өнім көлеміне және толық жұмыспен қамтамасыз етілуге болатын сілкіністердің әсерін ақша ұсынысына қатаң бақылау жасау арқылы жою және қысқарту мүм-кіндігіне ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет