Жалпы мәдениет – педагогтың кәсібилігінің шарты
Педагогтың кәсібилігінің бір шарты – мәдениет болса, «мәдениет» ұғымының мәніне тоқталайық. «Мәдениет» термині латын тілінің «cultura» сөзінен аударғанда жерді өңдеу дегенді білдіреді. Кейін бұл ұғым кең мағынада қолданыла бастады. Мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Мәдениет адамсыз жаралмайды. Белгілі американ психолог-гуманисі А. Маслоу «мәдениет біздің психологиялық және биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде қарау керек» дейді. Мәдениет – адамның іс-әрекетін ұйымдастыру түрлері және әдістерімен, сондай-ақ олар жасаған материалдық, рухани құндылықтармен сипатталатын қоғам дамуының, шығармашыл күштердің және адам қабілеттерінің тарихи анықталған деңгейі. Ол іс-әрекет (білім, білік, дағды, интеллект деңгейі, көзқарас, адамгершілік, эстетикалық дамуы, қарым-қатынас жасаудың тәсілдері мен түрлері) кезінде жүзеге асырылатын адам күші мен қабілеттерінен тұрады. Мәдениетті адамның тыныс тіршілігі оның әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі іспетті, яғни оқу-білім, ғылым, өнер салаларындағы қол жеткізген жетістіктері. Рухани байлықтың көзі - мәдениетте. Адам өзінің даму барысында қоғамдағы мүмкіншілігін, рухани дамуын мәдениеті арқылы көрсетеді. Ол қоғамның дамуының түрлі мазмұнына сәйкес. Олай болса, мәдениет өзгермейтін, өзгеріске ұшырамайтын нәрсе деп қарауға болмайды. Кең мағынада мәдениет дегеніміз қоғамның, шығармашылық күштердің және адам қабілеттерінің дамуының тарихи белгілі бір деңгейі, ол адам өмірінің және іс-әрекетін ұйымдастыру формасы мен типі түрінде, материалдық және рухани құндылықтар түрінде көрініс табады. Тар мағынада мәдениет дегеніміз бұл адамның рухани өмірінің бір саласы, ол кәсіби және басқа іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі. Мәдениеттің мәні өмірлік іс-әрекеттерді жүзеге асыру тәсілдерімен анықталады. Соның ішінде педагогикалық мәдениет ұғымын қалай түсінуге болады? Педагогикалық мәдениет – жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда білім беру мен тәрбиелеудің рухани және материалдық құндылықтары кең тұрғыда көрініс табады, ол тұлғаны әлеуметтендіру, ұрпақтар ауысуы тарихи процесіне қызмет көрсету үшін 45 қажетті шығармашылық педагогикалық іс-әрекет тәсілдері болып табылады. Педагогикалық мәдениет педагогикалық теорияларды және практиканы, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды, педагогикалық іс-әрекеттегі тұлғаның шығармашылық өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгеру тәсілдері ретінде қарастырылады. Мұғалімнің мәдениеті – білім ошақтарында ғана емес, күнделікті жүріс-тұрысынан, өзін қай ортада болсын ұстай білуден, өзгелер қызығатын жан дүниесі бай, кең, көпшіл, білімді, адамгершілігі мол, жан-жақты жарасымды болғанда ғана нағыз ұстаз екенін дәлелдейді. Педагогикалық ғылым мәдениетті негіз ретінде алып қарастырады, себебі, арнайы зерттеулер мамандардың жоғары дәрежедегі іс-әрекетін біріншіден, оның мәдениеттілігіне байланысты деп санайды. Педагогтың жеке дара мәдениеті – тұлға әлемі. Мұғалім мәдениеті өзін-өзі жетілдіру үшін педагогикалық еңбектің мақсатын және оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекет пен өзіндік сана-сезім негізінде қаланады. «Педагогикалық мәдениет» ұғымының құрылымын зерттей келе, құрамдас бөліктері көбейген сайын біз осы ұғымға тән нақты маңыздылықты ашып көрсете аламыз. «Педагогикалық мәдениет» ұғымының тағы бір ұлттық кұрылымын педагогикалық тәжірибе барысында М. В. Прохоров ұсынған. Педагогикалық мәдениет - өзіндік мазмұны бойынша кең таралған және арнайы категория. Педагогикалық мәдениеттің тасымалдаушысы жеке әрекеттің мотиві ретінде рөл атқаратын белгілі бір тұлға. Отандық педагогикада педагогикалық мәдениеттің мысалдары шексіз көп. Оны педагогика тарихынан, көркем сурет шығармаларынан көптеп кездестіруге болады. Педагогтар педагогикалық мәдениетті этикамен де, эстетикамен де, педагогикалық шеберлікпен де теңестірмейді. Олар бұл ұғымды әр алуан қасиеттердің бірігуі ретінде қарастырады. Олар мына қасиеттерді маңызды деп санайды: адамға деген махаббат, оқушыларға әрекет ете білу дағдысы (ой шақыру, ойын толғандыру, сезімін ояту, қажетті бағытта бұра білу) және т.б. Педагогикалық мәдениеттің компоненттері: педагогикалық бағыт, қызығушылық, қажеттілік, жан-жақты даму деңгейі (адамгершілік, ақыл-ой,эстетикалық), педагогикалық шеберлік, үнемі жетілуге бағыт ұстау,қарым -қатынас мәдениеті, тәртібі, педагогикалық әдебі, мұғалімнің дербестігі, жалпыжәне педагогикалық эрудициясы және құзырлылығы, мейірімділігі, қызметке берілуі. 46 Осы жетекші компоненттер педагогтың кәсіби шеберлігінің негізі болып табылады.
Педагогикалық мәдениет негізінде терең психологиялыкпедагогикалык танымдар, әр бағыттағы білімділік, үнемі педагогикалық ойды жетілдіру, өзіне емес жұмыс нәтижесіне іштей қанағаттанушылық, өзіндік сыншылдық, жүйелі кәсіптік әрекетке ұмтылыс (оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға), мәжбүрлеусіз оқу-тәрбие ісіне толық берілу жатады да, ал ішкі қажеттіліктерге назар аударсақ, өзіндік еркіндік; рухани байлық, ұнамды тазалық, педагогикалық этика, шығармашылық, жаңашылдык, іздемпаздық жатады. Сондықтан, педагогикалык мәдениет формальды - мазмұнды жоспарында - педагогикалық дәлелдер мен шеберліктің, педагогикалық этика мен кәсіптік-педагогикалық қасиеттердің, оқу-тәрбие жұмысы мен мұғалімнің өз-өзіне және жұмысына деген қатынасы стимулының синтезі. Оның маңызды жақтары: әлемдік көзқарас, ұнамдылық, кәсіптік, интеллектуалды, эмоционалды-еркін, эстетикалық және физикалык. Педагогикалық мәдениет мазмұны өзіндік жоспарға ие: білімді тарату, оқыту, мәжбүрлеу т.б. Педагог жұмысы – кәсіп емес, оны таңдаған адамның өмірлік бейнесі, ал өзге адамдар көзқарасында ол әлеуметтік жетілудің рухани бейнесін елестетеді. Оны оқушы әлемге деген көзқарасына, әрекет ету стиліне, өміріне, әрбір құбылысқа қатынасына қарай қабылдайды. Талантты мұғалімнің оқушысы өзіне ұқсайды. Ойшыл көзқарастары, еңбекке деген катынасы, ғылыми Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттері Педагогтік іс-әрекетке бейімділік, гуманистік бағыттылық Педагогикалық іскерлігі және қабілеттер Педагогтың сөйлеу мәдениеті Педагогикалық әрекеттесу, өзінПедагогикалық- өзі басқару психологиялық білімі, толеранттылық Педагогикалық қарым-қатынас, этика, әдеп Кәсіптік білімі, құзырлығы Педагогикалық мәдениет 47 білімдарлығы, тіл табысу әдісі және т.б. Жоғары дәрежелі педагог бос сөзбен сөйлемеуге, тереңірек тілдесуге тырысады және сонымен қатар алдыңғы қатарлы ойларды тарату жолымен оқушылар арқылы оның қолдану аясын кеңейтеді. Е. В. Бондаревская, С. В. Кульнеевич бойынша, мұғалімнің жалпы базалық мәдениеттінің мазмұнына жатады: - ақыл-ой және дене еңбегі мәдениеті; - өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік білім алу; - өзін-өзі ұйымдастыру мәдениеті; - тұрмыс мәдениеті; - қарым-қатынас және демалыс мәдениеті. Педагогтың ақыл-ой мәдениеті– педагогтің іс-әрекеті кезіндегі өзіндік ойлауы мен шығармашылық ойы және икемділігінің деңгейі; түрлі педагогикалық жағдаяттардағы педагогикалық, сол сияқты жаңа, күтпеген және даулы мәселелерді шешудің жолдарын талдау мен құралдарын таңдаудағы педагогтың ойлау процесінің тиімділігін туындататаын және қамтамасыз ететеін сапалар жиынтығы. Өздігінен білім алу мәдениеті- өздігінен ілім алудың барлық құрылымдарының дамуы мен жетілуінің жоғары деңгейі. Өздігінен білім алу қажеттілігі дамыған тұлғаға тән қасиет, оның рухани өмірінің қажет элементі болып табылады. Тұлғаның танымдық қажеттілігінің қанағаттандырылуының жоғары формасы болып санала отырып, өзіндік білім алу адамның елеулі ерік күшінің көрінуіне, жоғары деңгейдегі саналығы мен ұйымшылдығына, өздігімен жетілу үшін іштей жауапкершілік қабылдау даярлығына байланысты. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – педагог пен оқушының арасындағы адмагершілікті саналы қарым-қатынасы, оның мазмұнында сөз мәдениеті, сыртқы өзіндік безендіру мәдениеті мен педагогикалық мақсатты өзара қатынас мәдениеті бар. Қарым-қатынас пен мәдениеттің ажырамас тұтастығын көрсететін негізгі жол - тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыруда оның қоршаған дүниені қабылдауы, меңгеруі және табиғи, әрекеттік, әлеуметтік қатынасы. Теориялық зерттеулер бұл тұрғыда әртүрлі бағыттар ұсынады, яғни тұлғаны дамытуда мәдени дамуды қарым-қатынас реттейді, оларды басқаратын және жіктейтін механизмдерін, заңдылықтарын анықтайды. Қарым-қатынас мәдениеті ұғымының теориясы және оны жанжақты талдаудың қажеттілігін көрсетеді. Ғылыми әдебиеттерде 48 терминнің мағынасы зерттеушілердің теориялық позициясына және ұғымның тереңдігіне тәуелді. Ғылыми теориялық бағытта, қарым-қатынас мәдениеті – рухани және қатынастық материалдық құндылықтар байлығы, адамзат санасы, тұрмысы, өткені мен бүгіні. Мәдениеттің өзі материя қозғалысының әлеуметтік формасы, «әлеуметтік ортаның қажетті шарты», тұлғаның өмір сүру әдісі, әрекетінің сапалық сипаты. Ғылымда «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымы бір жағынан дәлелдеуді қажет етпейтін қисынды ұғым болса, екіншіден көпмағыналы тіл мәдениеті, этикеті, мінез-құлқы тұрмысы, салты т.б. болып жіктеледі. Алайда қарым-қатынас мәдениеті, қарым-қатынас және мәдениет ұғымы синтезінде төмендегідей логикалық анықтамаға сүйенеді: «қарым-қатынас мәдениеті - адамзаттың мәндік сапаларын жақындастыруға бағытталған адамгершілік, саналылық әрекеттер». Зерттеуде О. Араковская берген бұл тұжырым қарым-қатынас мәдениеті ұғымын білім беруде қажетті педагогикалық мазмұнмен толықтыруға бетбұрыс жасайды. Қарым-қатынас мәдениеті адамзат үшін әртүрлі деңгейде, әртүрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін құбылыс. Болашақ кәсіпті игеру жолында да оның өзіндік ерекшеліктері, өлшемдері, бағыттары бар. Осыған орай, қарым-қатынас мәдениеті ұғымын жалпы құндылықтардан ажырата қарастыру үшін кәсіби қарым-қатынас мәдениеті ұғымын қолдануға болады