Еңбек шарты түсінігі,мазмұны жеке еңбек шарты



Дата29.12.2023
өлшемі8,13 Kb.
#144689

ЕҢБЕК ШАРТЫ ТҮСІНІГІ,МАЗМҰНЫ
Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.
Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық көтермелеу шарттары тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады.Жұмысқа алар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастырылады. Сынау еңбек шартының міндетті емес шарттарының қатарына жатқызылады. Сынақ мерзімі үш айдан артпауы керек.


ЕҢБЕК ШАРТЫН БҰЗУ НЕГІЗДЕРІ
Жеке еңбек шартын бұзудың белгілі тәртібі болады. Шартты бұзу жөніндегі бастаманың қызметкерлерден. де, жұмыс берушіден де және жауапты тұлғалардан да (сот, әскери комиссариат, кәсіподақ, т.б.) шығуы мүмкін. Өз ұсынысымен бастама көтеріп, еңбек шартын бұл туралы екінші жақты жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертуі керек. Жалпы ереже бойынша бір жақтың (шартты бұзудың бастамашысы) екінші жақты ескерту мерзімі жеке еңбек шартынбұзған сәттен бір айдан кем болмауы қажет
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ:ТҮСІНІГІ,МАЗМҰНЫ


Ұжымдық шарт — кәсіпкер мен қызметкерлер арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім.
Ұжымдық шарт жасасуға қатысты келіссөздерді бастау туралы басқа тараптан хабарлама алған тарап оны он күн ішінде қарауға және заңда белгіленген тәртіппен келіссөздер жүргізуге міндетті.
Ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар заңда белгіленген тәртіппен, тараптардың өзара келісімі бойынша ғана жасалады.
Ұжымдық келіссөздер тараптары, егер бұл ақпарат мемлекеттік құпиялар, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылса, алынған ақпаратты жария етуге құқылы емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет