Жұлын нервтерінің түбіршіктері торлы қабықастындағы кеңістікке орналасып, жұлыннан омыртқааралық тесікке келесідей бағытталады : жоғарғы мойын нервтерінің түбіршіктері горизонталді орналасады.
төменгі мойын нервтерінің түбіршіктері жұлыннан қиғаш төмен жүріп, омыртқааралық тесікке кірмес бұрын, жұлыннан шығатын жерден бір омыртқа төмен орналасады.
жоғарғы оң кеуде нервтері түбіршіктері төмен иіліп, омыртқааралық тесікке кірмес бұрын, басталар жерінен екі омыртқа төмен жатады.
төменгі екі кеуде нервтерінің, бес бел нервтерінің, бес сегізкөз нервтерінің және бір құйымшақ нервтің түбіршіктері төмен вертикалді бағытталып, қарама-қарсы жақтағы аттас түбіршіктермен ат құйрығын, cauda equina, түзеді; ол мидың қатты қабығы куысында жатады. Түбіршіктер ат құйрығынан ажыратылып, сыртқа бағытталады және омыртқалық өзекте жұлын нервке бірігеді.
Жұлын түйіндерінің көбі омыртқааралық тесіктерде жатады; төменгі бел түйіндері жартылай омыртқалық өзекте; сегізкөз түйіндері, соңғысынан басқалары мидың қатты қабығынан тыскары омыртқалық өзекте жатады. Құйымшақ нервтің жұлын түйіні мидың қатты қабығының қуысы ішінде жатады. Жұлын нервтерінің түбіршіктері мен жұлын түйіндерін омыртқалық өзекті ашқан соң және буындық өсінділер мен доға қалдықтарын алып тастаған соң көруге болады. Бірінші мойын, бел, сегізкөз және құйымшақ нервтерінің басқа барлық жұлын нервтері foramina intervertebralia аймағында жатады, сонымен қатар ат құйрығының түзілуіне қатысатын төменгі нервтер жартылай омыртқалық өзекте орналасады
Бірінші мойын жұлын нерві (СІ) шүйде сүйегі мен бірінші мойын омыртқасы арасында; сегізінші мойын жұлын нерві (Cg) жетінші мойын омыртқасы мен бірінші кеуде омыртқа арасында орналасады; бесінші сегізкөз және кұйымшақ нервтері, hiatus sacralis, арқылы шығады. Жұлын нервтері аралас нервтер олардың әрбіреуі , омыртқалық тесіктен шыққан соң кысқа жол түзіп, алдыңғы тармаққа, ramus ventralis, және арткы тармаққа, ramus dorsalis, бөлінеді, олардың құрамында қимыл және сезімтал талшыктары бар. Жұлын нервтері дәнекер тармақтардың, r. communicans (s. visceralis), көмегімен шекаралык симпатикалык сабаудын сәйкес түйіндерімен немесе сабаумен байланысады.
Дәнекер тармақтар екеу, олардың біреуі жұлынның бүйір мүйіздері жасушаларынан басталатын преганглионорлык (миелинді) талшықтар, түсі бойынша ақ, сондыктан ақ дәнекер тармақ, (бұл тармақтар сегізінші мойыннан (С8), екінші, үшінші бел ( L3) жұлын нервтерінде бар) атауын алады. Екіншісі симпатикалык сабау түйіндерінен жұлын нервтеріне постганглионорлык (миелинсіз) талшықтарды апарады; ол қоңыр, сондықтан коңыр дәнекер тармақ, ramus communicans griseus, атауын алады.
Жұлын нервтері жұлынның катты қабығына менингеалдық тармақ, r.meningeus, шығады, оның құрамында, сонымен бірге, симпатикалық талшықтарда бар. Ramus meningeus сонымен қатар қайырылма нерв, n.recurrens, атауын алады, себебі ол омыртқааралық тесік арқылы омыртқалық өзекке кейін кайтады. Осы жерде нерв екіге болінеді: біреуі ірілеу, өзектің алдыңғы қабырғасымен краниалді бағытталады және екіншісі ұсақтау каудалді бағытта жүреді; олардың әрбіреуі көршілес менингеалдык тармақтармен және қарама-қарсы жақтағы тармақтармен қосылады.
Соның нәтижесінде алдыңғы менингеалдық өрім, plexus meningeus anterior, түзіледі. Омыртқалық өзектің артқы қабырғасында да артқы менингеалдык өрім, plexus meningeus posterior, түзіледі. Бұл өрімдер сүйек қабығына, жұлынның қабықтарына, веналык омыртқалық өрімдерге, омыртқалык өзек артерияларына тармақтар беріледі. Жұлын нервтері мойын аймағында омыртқа артериясы, a. vertebralis, аймағында жұлын өрімдерінің, plexus vertebralis, түзілуіне қатысады.