«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1» Үлкен ми жарты шарының құрылысы. Үлкен ми жарты шарындағы орталықтар. Базалды ядралардың орналасуы және функционалды ерекшеліктері.
Үлкен ми жарты шарының қатпарлары мен сайлары.
Бүйір қарыншалардың құрылысы. Қан тамырлық өрімдер. Цереброспиналды сұйықтықтың өту жолдары
Аралық ми, бөлімдері, құрылысы, үшінші қарынша.
Ортаңғы ми, оның бөлімдері, ішкі құрылысы. Су құбыры.
Артқы ми. Көпірдің мишықтың ішкі, сыртқы құрылысы. Мишық ядролары, мишық аяқшалары.
Сопақша ми. Сопақша мидың ішкі, сыртқы құрылысы, ядралары, топографиясы, бас ми нервтерінің ядролары.
Ромб тәрізді шұңқыр, рельефі, Бас ми нервінің проекциялары.
IV қарынша, оның қабырғалары, бас-ми сұйықтығының ағу жолдары.
Жұлын, құрылысы. Жұлын сегменттері.
Бас-ми және жұлын қабықтары.
Жұлын нервтері. Мойын өрімдері, оның топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Жұлын нервтері, nn. spinales, 31 жұп, бөлінеді. 1. мойын нервтері, nn. cervicales, (C1-C8'), 8 жұп
2. кеуде нервтері, nn. thoracici (ТҺ1-ТҺ12), 12 жұп
3. бел нервтері, nn.lumbales (Һ1-Һ5), 5 жұп
4. сегізкөз нервтері, nn. sacrales (S1-S5'), 5 жұп
5. құйымшақ нервтері, п. coccygeus (Col-Co2), 1 жұп
Әрбір жұлын нерві, п. Spinalis , аралас нерв, ол екі түбіршектің:
1) сезімтал түбіршік немесе артқы түбіршік, radix dorsalis, және
2) қимыл түбіршік немесе алдыңғы түбіршік, radix ventralis, бірігуінен түзіледі. Әрбір түбіршік орталық бағытта түбіршік жіпшелерімен, fila radicularia, жұлынмен байланысқан. Әрбір артқы түбіршік, sulcus lateralis posterior, аймағында жұлынмен артқы түбіршіктің түбіршіктік жіпшелерімен, filа radicularia radicis dorsalis, байланысқан; алдыңғы түбіршік жұлынмен sulcus lateralis anterior аймағында алдыңғы түбіршіктің түбіршіктік жіпшелермен, filа radicularia radicis ventralis байланысқан.
Артқы түбіршіктер құрамында жұлын түйіні немесе омыртқааралық түйін, ganglion spinale, s. intervertebrale, болуына байланысты өте ірі, тек бірінші мойын нервте алдыңғы түбіршігі артқыға қарағанда ірілеу. Кейде құйымшак нервтің түбіршегінде түйін болмауы мүмкін.
Алдыңғы түбіршіктерде түйін жок, жүлын нервтерінің қалыптасу жерлерінде алдыңғы түбіршіктер тек жұлын түйіндерімен жанасып, олармен дәнекер тармақ көмегімен байланысады. Түбіршіктердің жұлын нервіне бірігуі жұлын түйінінен латералді жүреді.
Жұлын нервтері түбіршіктері алғашында торлы қабықастындағы кеңістікке өтеді, мидың жұмсақ қабығымен қоршалған. Мидың қатты қабығы қуысында алдыңғы және артқы түбіршіктер арасында тісті жалғама, lig. denticulatum, өтеді. Түбіршіктер омыртқааралық тесіктер жанында мидың барлық үш кабығымен жабылады, олар жұлын түйіндері тұсында өзара тұтасып, жұлын нервтің дәнекер тінді қынаптарына жалғасады.