«Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған «Бақылау және реттеу. (нерв жүйесі, сезім мүшелері, эндокринді жүйе)»пәнінен жазбаша емтихан сұрақтарының тізімі



бет22/37
Дата28.03.2022
өлшемі57,34 Kb.
#29061
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
«Æàëïû ìåäèöèíà» ìàìàíäû?ûíû? 1 êóðñ ñòóäåíòòåð³íå àðíàë?àí «Áà?

9 Иық өрімі

Иық өрімі төменгі төрт мойын нервтерінен және жоғарғы бір кеуде нервінен түзіледі, көбінесе бесінші мойын жүйкесінен жіңішке тармақ қосылады. Өрім бұғана сүйегіне байланысты екіге бөлінеді: бұғанаастылық және бұғанаүстілік. Бұғанаүстілік өрім мойынның латеральды үшбұрышы деңгейінде орналасады және жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктерден тұрады. Бұл өрімнен иық белдеуінің бұлшықеттерін жүйкелендіретін қысқа тармақтары болады. Бұғанаастылық өрім қолтық асты шұңқырында орналасады.

Бұғанаастылық өрім үш бөліктен тұрады: латеральды, артқы және медиальді. Бұл өрімнен қолдың бұлшықеттері мен терісін жүйкелендіретін ұзын тармақтар шығады.

Бұғанаүстілік өрімнен шығатын қысқа тармақтар:

Жауырынның дорсалды жүйкесі жауырынды көтеретін бұлшықетті, сонымен бірге кіші және үлкен ромб тәрізді бұлшықеттерді жүйкелендіреді

Ұзын кеуде жүйкесі алдыңғы тісшелі бұлшықеттердің бетімен төмен түсіп, сол бұлшықетті жүйкелендіреді

Бұғана асты жүйкесі аттас бұлшықетті жүйкелендіреді

Жауырын үсті жүйкесі қылқан асты және қылқан үсті бұлшықеттерді жүйкелендіреді. Сонымен иық буынының қапшығын жүйкелендіреді.

Жауырын асты жүйкесі аттас бұлшықетті, үлкен дөңгелек бұлшықетті және арқаның аса жалпақ бұлшықетін жүйкелендіреді.

Медиальды және латеральды кеуде жүйкелері үлкен және кіші кеуде бұлшықеттерін жүйкелендіреді.

Кеуде – арқалық нерв арқаның аса жалпақ бұлшықетін жүйкелендіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет