3 Дабыл шегі аралас тармақ, бет жүйкесінің бөлігінен дабыл қуысына өтеді, медиалды орналасып, fissure petrotympanica арқылы шығады, төмен алға түсіп, тіл жүйкесіне шығады.Екі тармағы: тілдің алдыңғы 2/3 ауырсыну (сезімтал), екіншісі тіласты түйіні.
Біз емізік тесігінің тармақтары:
1 Құлақ қалқанының артқы нерві құлақ қалқанының артқы бұлшықеті мен venter posterior m.epicranii жүйкелендіреді.
2 Қосқарыншалы тармағы қосқарыншалы бұлшықет арқылы төмен түсіп,тіл жұтқыншақ бұлшықетін нервтендіреді.
3 Беттің мимикалық бұлшықетіне баратын көп тармақ шықшыт безіне баратын өрім безден шығады, арттан алға қарай радиарлы бағытта таралады.
Тері асты тармақтары:
1 Самай тармағы құлақ қалқанын артқы мен алдыңғы бұлшықеті, ventor frontalis mm.epicranius, көз шарасының бұлшықетін нервтендіреді.
2 Бетсүйектік тармағы көз шарасының бұлшықетін, бет бұлшықетін нервтендіреді.
3 Ұрттық тармақ бетсүйектік, шаршы жоғары мен төменгі еріндік, күлкі, иттік, ұрттық, күректістік, ауыз шеңберін, мұрын бұлшықетін нервтендіреді.
4 Төменгі жақсүйектік тармақ төменгі жақсүйек жиегімен жүріп, иек пен төмен ерін бұлшықетін нервтендіреді.
5 Мойын тармағы мойынға түсіп, теріасты бұлышқетін нервтендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |