«Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған «Бақылау және реттеу. (нерв жүйесі, сезім мүшелері, эндокринді жүйе)»пәнінен жазбаша емтихан сұрақтарының тізімі



бет13/37
Дата28.03.2022
өлшемі57,34 Kb.
#29061
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
«Æàëïû ìåäèöèíà» ìàìàíäû?ûíû? 1 êóðñ ñòóäåíòòåð³íå àðíàë?àí «Áà?

Метаталамус- иінді денелерден тұрады. Ол медиальді, және латеральді иінді денелер болып бөлінеді. Олар таламус жастығынаньлатеральді және төменірек орналасады. Олардың ішінде сұр заттың жиынтығы болып табылатын латеральді және медиальді иінді денелер ядролары орналасқан.

Медиальді иінді дене – көлемі бойынша кішірек. Оның ішінде есту ілмегінің талшықтары орналасқан. Сондықтан ол ортаңғы мидың төрт төбешігінің төменгі екеуімен бірге есту мүшесінің қыртыс астылық центрі болып табылады.

Латеральді иінді дене – көлемі бойынша кішірек. Оның ішінде көру трактының латеральді бөлігінің көбісі орналасқан. Сондықтан ол таламус жастығымен және ортаңғы мидың төрт төмпешігінің жоғарғыларымен бірге көру мүшесінің қыртыстыс астылық центрі болып табылады.

Осы екі иінді дененің ядролары өзінің қыртыстық анализаторларымен байланыстырылған.


Эпиталамус. Жоғарыда айтылғандай екі таламустың милық жолақтары артқа қарай бағытталып, ұлғайып екі жақтан жүген үшбұраштарыпайда болады. Олардан екі жүген шығып, томпақ денемен қосылады. Томпақ дененің немесе эпифиздің алдынғы жағында осы екі жүген алдыңғы дәнекер арқылы қосылған. Томпақ дене фунциясы және құрылысы бойынша ішкі секреция бездеріне жатады.
Гипоталамус- аралық мидың алдыңғы төменгі бөлігіне сәйкес келеді. Гипоталамикалық жүлгемен шектеліп, таламустың астында жатады. Гипоталамустың ішіне кіреді:

  1. Көру қиылысы және көру жолы

  2. Сұр төмпе

  3. Құйғыш

  4. Гипофиз

  5. Емізік тәрізді денелер

Көру жолы, tractus opticus, ми аяқшаларын қоршап өтіп, қыртысастылық көру центрлерінде аяқталатын екі түйінге бөлінеді. Біріншісі – таламус жастығында және латеральді иінді денеде, ал екінші – ортаңғы ми төбесіндегі төрт төмпегінің жоғарғы жұбында аяқталады.

Сұр төмпе – емізік тәрізді денелердің алдыңғы жағында орналасып, үшінші қарыншаның төменгі қабырғасының тақ төмпешігі болып табылады. Оның ұшы жіңішке, іші қуыс құйғышқа айналған. Осы құйғыштың соқыр жағында, түрік ертоқымның тереңдігінде жататын, гипофиз орналасады. Сұр төмпенің құрамындағы ядролар жоғарғы вегетативті центрлер болып табылады. Әсіресе, зат алмасу мен жылу алмасудың вегетативті центрлары болып табылады.

Емізік тәрізді денелер- алдыңгы тесіктелген заттың алдыңғы жағында жататын, формасы дұрыс емес шар тәрізді екі кішігірім төмпешік. Екеуінің ішінде, беткі ақ зат қабатының астында сұр ядро орналасқан. Функциясына қарай қыртысастылық иіс сезу центрі болып табылады.
Гипоталамуста құрамында ядролары және гипоталамусты мидың басқа бөлімдерімен байланыстыратын талшықтары бар бірнеше аймақтар аймақтарды ажыратады.


  1. Алдыңғы гипоталамикалық аймақ,, көру жолы,, мен көру қиылысынан,, тұрады.

  2. Орталық гипоталамикалық аймақ, , таламусасты меншікті аймақтан,, сұр төмпеден,, құйғыштан,, және гипофиздан,, тұрады.

  3. Артқы гипоталамикалық аймақ,, емізік тәрізді денелерді,, қамтиды.

  4. Жоғарғы латеральді гипоталамикалық аймақ,, артқы гипоталамикалық ядроны,, немесе Луизи ядросын қамтиды.

Үшінші қарынша, . Бұл аралық мидың қуысы болып табылады. Бұл орта жазықтықта орналасқан сагитталды саңылау. Оның ені 4-5 мм, ұзындығы жоғарғы бөлігінде 25 мм, ең жоғарғы биіктігі 25 мм. Артқы жағында ми суқұбырына ашылады. III қарыншаның бүйір қабырғаларының алдыңғы бөлігінде орналасқан қарыншааралық тесіктер арқылы бүйір қарыншалармен байланысады. Ол 6 қабырғамен шектелген: екі латеральды, жоғарғы, төменгі, алдыңғы және артқы.


Үшінші қарыншаның латеральды қабырғалары бір-біріне қараған таламустардың медиальді беттері, сонымен қатар гипоталамиялық жүлгеден төмен орналасқан субталамиялық аймақтың медиальды бөлімдері болып табылады.
Төменгі қабырға немесе үшінші қарыншаның түбі - гипоталамус. Төменгі қабырғада үшінші қарынша қуысының екі сіңірілуі бар: құйғыштың ұңғылы, және көру ұңғылы. Соңғысы көру қиылысының алдыңғы беті мен терминалды пластинканың арасында орналасады.
Үшінші қарыншаның алдыңғы қабырғасы терминалды табақша, күмбез бағаналарымен және алдыңғы дәнекермен қалыптасады. Әрбір жағынан күмбез бағанасы мен таламустың алдыңғы төмпешігінің арасында қарыншааралық тесік, foramen interventriculare (Монро тесігі) бар, ол арқылы үшінші қарыншаның қуысы әр жағынан бүйір қарыншасымен байланысады.
Үшінші қарыншаның артқы қабырғасы мидың су құбыры тесігі бар эпиталамиялық дәнекер болып табылады. Эпиталамиялық дәнекердің үстінде үшінші қарыншаның қуысының тағы бір сіңірілуі – томпақ дене ұңғылы одан жоғары жүгендердің дәнекері орналасқан.
Жоғарғы қабырға күмбез, fornix, денесінің төменгі бетінен пайда болады. Онымен үшінші қарыншаның тамырлы негізі, tela choroidea ventriculi tertii, бітіседі. Бұл негіз жұмсақ тамырлы қабықпен ұсынылған, ол екі жапырақшамен сүйелді дененің буылтығынцың, splenium corporis callosi, және астында үшінші қарыншаның қуысына енеді. Тамырлы негіздің жоғарғы жапырағы күмбез денесінің төменгі бетіне бітіседі. Қарыншааралық тесіктер деңгейінде бұл парақ бұрылады және артқа қарай бағытталып, үшінші қарыншаның шатыры болып табылатын төменгі жапыраққа өтеді. Содан кейін бұл парақ жоғарғы эпифизді жабады және орта мидың төбесіне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет