«Жалпы медицина» мектебінің 1 курс студенттеріне арналған ситуациялық есептер Гистотехника



бет9/10
Дата14.02.2023
өлшемі31,68 Kb.
#67794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сезім мұшелері.

  1. Науқас адам жақыннан жақсы көріп, ал алыстан нашар көреді. Бұл көз алмасының қай құрылымының қызметі нашарлағанының белгісі?+аккомодация аппаратына байланысты-цилиарлы денешіктің кірпікшлі белбеушесі

  2. Адамның күндізгі көруі өзгермеген, ымыртта (күн батқаннан кейін) нашар көреді, бұл торлы қабықтың қандай құрылымына байланысты? +торлы қабаттағы фоторецепторларға таяқша тәрізді нейрондарға байланысты.Родопсин пигментінің жетіспеушілігі

  3. Жануар көзінің торлы қабығынан алынған екі гистологиялық препарат берілген. Бірінде меланин түйіршіктері пигментоциттердің цитоплазмасында, ядро маңында орналасқан, ал екіншісінде пигмент түйіршіктері жасушалардың (меланин) өсіндісінде орналасқан. Бұл препараттар тәуліктің қай мезгілінде дайындалған? +қараңғыда-таяқша жарықта-сауытша немесе құтыша

  4. Иіс сезу эпителиінің рецепторларын иісі бар заттармен тітіркендіргенде иіс сезу анализатордың қызметі уақытша бұзылады. Құрылымы мен қызметінің өзгеруін анализатордың қай бөлігінен іздеу керек? +шеткі бөлігінен

  5. Көз алмасынан сәуленің өтуі үлгісінде көз бұршағы дөңес пішінді. Бұл құбылысты көз алмасының қандай құрылымдары қамтамасыз етеді?+көздің аккомодациялық аппараты көз бұршағының пішінің және сәуле сындыру күшінің өзгеруін, көзден түскен жарықтың қарқынына бейімделуін қамтамасыз етеді

  6. Көздің артқы қабырғасында үш пластинкадан тұратын қабық көрінеді, ортаңғы қабығы артериялар мен веналардың торынан құралған, олардың араларында пигментоциттер мен тегіс салалы миоциттердің жекелеген шоғырлары бар борпылдақ дәнекер тіні. Көздің қандай қабаты сипатталған?+тамырлы қабық,оның алды нұрлы қабықпен жалғасқан

  7. Нұрлы қабық ортасында тесігі – көз қарашығы бар диск тәрізді құрылым екені белгілі. Ол қасаң қабық пен көз бұршағының арасында орналасады диафрагманың қызметін атқарады. Нұрлы қабықтың өандай құрылымдары осы қызметті қамтамасыз етеді?

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет