Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұны



бет2/7
Дата21.09.2024
өлшемі50,52 Kb.
#145141
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 сынып ДЖТ ЖМБ КТЖ-2024 Асанбекова

2-тарау. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұны
6. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10- сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
2) 11- сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген) бекітілген Үлгілік оқу жоспарына байланысты болады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.10.2023 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
8. Оқу пәнінің білім мазмұны төрт бөлімді қамтиды:
10-сынып:
1) өркениет: даму ерекшеліктері;
2) этникалық және әлеуметтік процестер;
3) мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан;
4) мәдениеттің дамуы.
11-сынып:
1) өркениет: даму ерекшеліктері;
2) саяси-құқықтық процестер;
3) қоғамдық-саяси ойдың дамуы;
4) білім мен ғылымның дамуы.
9. "Өркениет: даму ерекшеліктері" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) өркениет түсінігі және оның түрлері;
2) әлем өркениеттерінің тарихы;
3) өркениеттердің өзара әрекеттесуі.
10. "Этникалық және әлеуметтік процестер" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) антропогенез және этногенез;
2) әлем тарихындағы этносаралық қатынастар;
3) қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары.
11. "Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер;
2) әлем тарихының барысына әсер еткен әскери-саяси оқиғалар;
3) революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде.
12. "Мәдениеттің дамуы." бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары;
2) өнер – қоғам дамуының бейнесі;
3) қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары.
13. "Өркениет: даму ерекшеліктері" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) экономикалық жүйелердің тарихи типтері: өзгеріс пен сабақтастық;
2) мемлекеттердің экономикалық дамуына табиғи-географиялық фактордың әсері;
3) қазіргі кезеңде әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі.
14. "Саяси-құқықтық процестер" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам;
2) әлемнің қазіргі саяси жүйесі;
3) қазіргі кездегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі.
15. "Қоғамдық-саяси ойдың дамуы" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың эволюциясы;
2) ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер;
3) ХХ ғасырдағы- ХХI ғасырдың басындағы көрнекті саясаткер-реформаторлар.
16. "Білім мен ғылымның дамуы" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:
1) білім алу бүкіл адамзаттық құндылық ретінде;
2) ғылыми-техникалық прогресс;
3) қазіргі заманғы ғылыми технологиялар.
17. Оқыту мақсаттары әр тарау ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.
18. "Дүниежүзі тарихы" пәні бойынша оқыту мақсаттары мен тәсілдерін тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктерге) негізделеді:
1) дәлел;
2) өзгеріс пен сабақтастық;
3) себеп пен салдар;
4) ұқсастық пен айырмашылық;
5) маңыздылық;
6) интерпретация.
19. Тарихи концептілер негізінде оқытудың қүтілетін нәтижелері:
1) "Дәлел" бойынша білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдайды, тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасайды, өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден , қарама-қайшы айғақтарды талдайды;
2) "Өзгеріс пен сабақтастық" бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды, сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіреді, тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді;
3) "Себеп және салдар" бойынша білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды, ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінеді, тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіреді және бағалайды;
4) "Ұқсастық пен айырмашылық" бойынша білім алушылар: белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстырады;
5) "Маңыздылық" бойынша білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтайды;
6) "Интерпретация" бойынша білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты көзқарастарды түсіндіреді және бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет