Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы
10-11-сыныптары үшін "Физика" пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. Оқу бағдарламасымен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің
27.11.2020 № 496 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669) сәйкес әзірленген.
2. 10-11-сыныптардағы физика курсын оқу мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
3. Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;
2) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.
2-тарау. "Физика" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4. "Физика" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;
11-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
5. Оқу пәнінің мазмұны 10 бөлімді қамтиды:
механика;
жылу физикасы;
электр және магнетизм;
электромагниттік тербелістер;
электромагниттік толқындар;
оптика;
салыстырмалы теорияның элементтері;
кванттық физика;
нанотехнология және наноматериалдар;
космология.
6. "Механика" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
кинематика;
динамика;
статика;
сақталу заңдары;
сұйықтар мен газдардың механикасы.
7. "Жылу физикасы" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
молекулалы-кинетикалық теория негіздері;
газ заңдары;
термодинамика негіздері;
сұйық және қатты денелер.
8. "Электр және магнетизм" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
электростатика;
тұрақты ток;
әртүрлі ортадағы электр тогы;
магнит өрісі;
электромагниттік индукция.
9. "Электромагниттік тербелістер" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) механикалық тербелістер;
2) электромагниттік тербелістер;
3) айнымалы ток.
10. "Электромагниттік толқындар" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) толқындық қозғалыс;
2) электромагниттік толқындар.
11. "Оптика" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) толқындық оптика;
2) геометриялық оптика.
12. "Салыстырмалы теорияның элементтері" бөлімі "Салыстырмалы теорияның элементтері" бөлімшесінен тұрады.
13. "Кванттық физика" бөлімі келесі бөлімшесінен тұрады:
1) атомдық және кванттық физика;
2) атом ядросының физикасы.
14. "Нанотехнология және наноматериалдар" бөлімі "Нанотехнология және наноматериалдар" бөлімшесінен тұрады.
15. "Космология" бөлімі "Космология" бөлімшесінен тұрады.
16. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) "Кинематика". Қазіргі замандағы физиканың рөлі. Физикалық өлшеулер; физикалық шамалардың қателіктері; өлшеулер нәтижесін өңдеу;
Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары; инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар; Галилейдің салыстырмалылық принципі; қисық сызықты қозғалыс кинематикасы; көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы.
№1 Зертханалық жұмыс: көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
2) "Динамика". Күштер; күштерді қосу; Ньютон заңдары; бүкіл әлемдік тартылыс заңы; абсолют қатты дененің инерция моменті; импульс моменті; импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы; айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
3) "Статика". Массалар центрі; тепе-теңдік түрлері.
№ 2 Зертханалық жұмыс: бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
4) "Сақталу заңдары". Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
5) "Сұйықтар мен газдардың механикасы". Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары; Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтергіш күш; Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс формуласы. Денелерді қапталдай ағуы;
№3 Зертханалық жұмыс: тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу;
6) "Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi". Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi; термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер; тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе; температура - зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі; идеал газ; газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
7) "Газ заңдары". Идеал газ күйінің теңдеуі; изопроцестер; изопроцесстер графиктері; Дальтон заңы;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару; молекулалық физиканың заңын компьютерлік модельдеу.
8) "Термодинамика негiздерi". Идеал газдың ішкі энергиясы; термодинамикалық жұмыс; жылу мөлшері; жылусыйымдылық; термодинамиканың бiрiншi заңы; термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану; адиабаталық процесс, Пуассон теңдеуі; қайтымды және қайтымсыз процестер; энтропия; термодинамиканың екiншi заңы; айналмалы үдерістер және оның пайдалы әсер коэффициенті; Карно циклі;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
9) "Сұйық және қатты денелер". Қаныққан және қанықпаған бу; ауаның ылғалдылығы; фазалық диаграммалар; үштік нүкте; заттың кризистiк күйi; сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi; жұғу, қылтүтіктік құбылыстар; кристалл және аморф денелер; қатты денелердің механикалық қасиеттері;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
10) "Электростатика". Электр заряды; зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы; зарядтың сақталу заңы; Кулон заңы; электр өрісі; біртекті және біртекті емес электр өрісі; электр өрісінің кернеулігі; электр өрісінің суперпозиция принципі; электр өрісінің кернеулік векторының ағыны; Гаусс теоремасы; зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы; потенциал; электр өрісінің потенциалдар айырымы; эквипотенциал беттер; біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс; электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер; электрсыйымдылығы; конденсаторлар; конденсаторларды жалғау; электр өрісінің энергиясы;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
11) "Тұрақты ток". Электр тогы; тізбек бөлігіне арналған Ом заңы; өткізгіштерді аралас жалғау; ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі; толық тізбек үшін Ом заңы; Кирхгоф заңдары; электр тогының жұмысы мен қуаты; Джоуль –Ленц заңы; ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті;
№4 Зертханалық жұмыс: өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену;
№5 Зертханалық жұмыс: ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
12) "Әртүрлі ортадағы электр тогы". Металдардағы электр тогы; асқын өткiзгiштiк; жартылай өткiзгiштердегi электр тогы; жартылайөткізгішті құралдар; электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы; электролиз заңы; газдардағы электр тогы; вакуумдегi электр тогы; электронды-сәулелік түтікше;
№ 6 Зертханалық жұмыс: шамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
13) "Магнит өрісі". Магнит өрісі; тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі, Ампер тәжірибелері; бұрғы ережесі; Ампер күші, сол қолы ережесі; Лоренц күші; магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы; заттың магниттік қасиеттері; кюри температуры;
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.
14) "Электромагниттiк индукция". Ампер күшінің жұмысы; магнит ағыны; электромагниттiк индукция құбылысы; электромагниттiк индукция заңы; Ленц ережесі; өздік индукция; индуктивтілік; магнит өрісінің энергиясы; электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы.
Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.