Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы



Pdf көрінісі
бет12/76
Дата29.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#103694
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76
1.4 
 
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы мызғымас басымдықтар – білім 
алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен 
сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып 
табылады.
2023-2024 оқу жылы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы келесідей 
негізгі бағыттарды басшылыққа алады: рухани-танымдық тәрбие; ұлттық 
тәрбие; отбасылық тәрбие; қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, 
құқықтық тәрбие; еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; көпмәдениетті 
және көркем-эстетикалық тәрбие; зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті 
тәрбиелеу; дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқытуда жалпыадамзаттық және 
ұлттық құндылықтар негізінде білім алушылардың бойында адами қасиеттерді 
қалыптастыруға басымдық береді. Тәрбие мен оқытудың тұтастығын қамтамасыз 
ету үшін:
1) пәндік мазмұн шеңберінде:
− әр пәннің қысқа мерзімді жоспарын әзірлеуде тәрбиелік мақсатты қою 
және оның сабақ барысында жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
− бастауыш сынып пәндері апталығын жоспарлауда ортақ тақырыптар мен 
ұлттық құндылықтарды негізге алу және оның іс-шаралар арқылы жүзеге 
асырылуын қамтамасыз ету;
− пән апталықтарын жоспарлау мен өткізуде ұйымдастырылатын 
ісшаралардың тәрбиелік мәніне назар аудару және оның мазмұны арқылы жүзеге 
асырылуын қамтамасыз ету ұсынылады.
2) сынып сағаттары мен тәрбие іс-шаралары шеңберінде:
− ар-ұждан, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, азаматтық 
жауапкершілік, еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру және ұлттық мұра мен 
қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, денсаулық пен салауатты өмір 
салтын ұстану тәрбие жұмысының жылдық жоспарындағы іс-шаралар мен
сынып сағаттарының мазмұнында ескеру ұсынылады;


19 
− сынып сағаттары аптасына 1 сағат мектептің сабақ кестесіне енгізілуі 
және жүйелі түрде өткізілуі ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет