23
https://primeminister.kz/ru/news/rasshirennaya-kollegiya-mon-rk-ob-
izmeneniyah-v-sfere-obrazovaniya-i-itogah-deyatelnosti-ministerstva-1625649
Мектеп кітапханаларының қызметі Қазақстан
Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 (Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13070 болып
тіркелді) бұйрығымен реттеледі («Мемлекеттік білім беру ұйымдары
кітапханаларының қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау қағидаларын
бекіту туралы»).
Мектеп кітапханаларының қызметіндегі негізгі міндеттер:
-
мектептің ақпараттық, білім беру
мен мәдени орталығы және
педагогикалық процестің қажетті буыны ретінде мектеп кітапханаларының рөлін
арттыру: ақпараттың барлық түрлеріне оқушылардың қол жетімділігін
қамтамасыз ету; ақпаратты өз бетінше таба алатын құзыретті тұлғаны тәрбиелеу
мақсатында білім алушыларға ақпарат көздерін (каталогтар мен файлдық
шкафтар, библиографиялық көрсеткіштер және басқа да іздеу құралдарын)
пайдалану бойынша сабақтар өткізу;
-
мектеп кітапханашылары мен пән мұғалімдерінің тікелей байланысын
нығайту, білім беру мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастыруда мұғалімдермен
бірлескен жұмысты жандандыру: оқу іс-әрекетін
қолдау және оның
мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мұғалімдерге сабаққа дайындық
материалдарын таңдауда көмек көрсету;
-
мектеп кітапханаларын цифрландыру: кітапхана оқырмандарының
сұранысын қанағаттандыратын цифрлық ресурс – мектеп кітапханасының
вебсайтын құру; электронды оқулықтар қорын құру және толықтыру; ҚР ОАМ
РҒПК цифрлық кітапханасы негізінде
электрондық кітапханалар құру;
-
кітап және кітап оқуды насихаттау үшін мектеп кітапханашыларының
әртүрлі құралдар мен әдістемелерді пайдалануын арттыру; кітапхана қызметінің
дәстүрлі (кітап көрмелерін безендіру, поэзия кеші, көркем әдебиет конкурсы т.б.
ұйымдастыру) жұмыстарына заманауи жұмыс түрлерін (әдеби марафондар,
квесттер, буккроссингтер, челлендждер, буктрейлерлер және т.б.) қоса
пайдалану;
-
сабақтан тыс қызмет кеңістігін аймақтарға бөлу және ресімдеу (білім
беру сапасын арттыру ресурстарының бірі болып табылатын
қазіргі заманғы оқу
кеңістігі – коворкинг-орталықтар құру);
-
мектеп кітапханаларының тиімділігін арттыру үшін жаңа ақпараттық
технологияларды енгізу (компьютерлермен, Интернетке байланысты қамтамасыз
ету): кітапханалық-ақпараттық қызметтің негізгі процестерінде компьютерлік
технологияларды пайдалану;
-
мектеп кітапханашыларының кітаптарды талқылау, оқырмандардың
пікірлерін жариялау, өткізілген іс-шаралар туралы және т. б.
ақпараттармен
бөлісіп отыруы үшін әлеуметтік желілерді пайдалануы