Оксигемоглобиннің диссоциациялық сызығы сол жаққа қарай ауытқуы
- алкалоз, гипокапния, гипотермия,эритроциттердегі 2,3-дифосфоглицерат
концентрациясы төмендеуі кезінде байқалады. Бұл кезде гемоглобиннің оттегіні
байланыстыру қабілеті жоғарылап, тіндерге оттегінің берілуі бұзылады.
Диссоциациялық сызықтың сол жаққа қарай ауытқуы тіндік оксигенацияға
жағымсыз әсер етеді.
Оксигемоглобиннің диссоциациялық сызығының оң жаққа қарай
ауытқуы-
ацидоз,
гиперкапния,
гипертермия,
эритроциттердегі
2,3-
дифосфоглицерат концентрациясы жоғарылауы кезінде байқалады. Бұл кезде Hb
оттегіні байланыстыруы азаяды, өкпеде гемоглобиннің оттегіге қанығуы
нашарлайды, бірақ капиллярларда оксигемоглобиннің оттегіні беруі жеңілдейді.
Сондықтан оксигемоглобиннің диссоциациялық сызығының оң жаққа қарай
ауытқуы оттегілік гомеостазға қарағанда қауіпсіз жағдай болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: