Үлы ағартушы Абай өз айналасын қоршаған өділетсіздік,
өтірік, өсек пен араздық, надаңдық пен мөдениетсіздік қазақ
халқын аздырып бара жатқанын, үміт артып отырған жас
үрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін көре
отырып, халықты, есіресе жастарды адамгершілікке
төрбиелеуді ашық үсынды.
Ол жастардың еңбексіз жүріп, жаманшылыққа бой
үратынына қарсы болды. Ол бір өлеңінде:
Қартайдық, қайғы ойладық, үлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жүрттың бері болды аларман, —
деп өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездерін
қатаң сынға алды.
,
Адам мінезі туа біткен қасиет, оны өзгертуге болмайды
дейтін квзқарастағыларға Абай: “Егер мен заң қуаты қолымда
болса, адам мінезін түзетуге болмайды деген кісінің тілін
кесер едім”, - деп жазды. Бүдан біз үлы ғүламаның адамның
психикалық жан дүниесінде жеке психикалық қасиеттерді
қалыптастыруға, адам мінез-қүлқының табиғатын түсінуде
оң көзқараста болғандығын пайымдау қиын емес. Абайдың
жастардың мінез-қүлқы, адамгершілік қүндылықтарын
айтқан тағылым-танымдық қағидаларының мөні бүгіңде өз
маңызын жойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: