Жалпы психология



Pdf көрінісі
бет156/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология

283


XVI тарау. ЕРІК
§1. Ерік туралы жалпы түсінік 
§2. Еріктің физиологиялық негіздері 
§3. Ерік туралы психологиялық теориялар мен 
кезқарастар 
§4. Ерік әрекеттерін талдау 
§5. Жеке түлғаның ерік салалары 
§6. Ерікті дамыту және тәрбиелеу
§1. Ерік туралы жалпы тусінік
Табипі және мәдени, материалдық және рухани қажеттілік 
пайда болатын жеке түлғаның белсенділігінің мақсатты 
сипатқа ие болуы, әртүрлі іс-әрекетте оның көмегімен адам 
қоршаған ортаны өзгерте алады.
Адамға еріксіз және ерікті белсенділік тән. Еріксіз 
белсенділік адамда алдын-ала ешқандай мақсатсыз пайда 
болады, ол белгілі бір сыртқы себептердің негізінде 
қальштасады. Еріксіз белсенділік саналы әрекетсіз іске асады.
Ерікті белсенділік біздің қажетіміз бойынша, алдын-ала 
қойылған мақсат негізінде пайда болады. Ол негізінен саналы 
ope кет болып табылады. Психиканьщ белсенділііі қозғалыста 
және іс-әрекетте анық байқалады. Қозгалыс пен іс-әрекеттің 
белсенділігінің түрі бойынша еріксіз жөне ерікті болып 
бөлінеді. Біз ерік туралы айтканда, іс-әрекетгерде байқалатын 
саналы белсенділікдеп білеміз.
Ерік — бүл алга қойган мақсатты орындау жолында 
кездесетін қиыншыддықтар мең кедергілерді жеңуге бағытталған 
адамньщ саналы психологиялық іс-әрекеті. Адам алдына 
әртүрлі мақсат қояды. Сол мақсатгы орындау жолында ерік- 
қайраты мен күш-жігерін жүмсайды. Кей жағдайда мақсатгы 
орындау ешқандай қиындықты, күш жүмсауды кажет 
етлейді. Ерікті үрдістер әр уақыгга еріксіз белсенділіктін 
негізіне байланысты іске асады.
284


Еріксіз қозғалыстарға рефлекторлық қозғалыстар жатады, 
мысалы: жөтелу, түшкіру, қас қағу, укол салу немесе күйген 
кезде қолды тартып алу. Бүл қозғалыстардың жүйке- 
физиологиялық негіздері шартсыз рефлекстер болып 
табылады. Күрделі еріксіз қозғалыстардың жүйке- 
физиологиялық негіздері шартсыз рефлекстер тізбегі 
инстинкгілік ерекеттер болып табылады.
Ерік қозғалыстары мен әрекетгеріне, адамньщ эмоциялық 
көңіл-күйін білдіретін қозғалыстар мен әрекеттер жатады.
Адамның эмоциялық өрекеттері туа біткен іс-әрекеттерде 
жөне үйреншікті іс-әрекеттерде аңғарылады. Эмоциялық 
әрекетгердің жүйке-физиологаялық негіздері шартсыз және 
шартты рефлекстер болып табылады.
Еріксіз қозғалыстар мен әрекеттер көп жағдайда санасыз 
пайда болады.
Еріксіз қозғалыстар мен әрекеттерден айырмашылығы 
ерікті әрекетгер саналы түрде іске асады. Бүл жерде саналы 
іс-әрекет мақсат қоюда, мақсатты орындауға алып баратын 
қүрадцар мен жоддарды алдын-ала тандауда және оны іске 
асыру үшін күш-жігерді қолдануда байқалады.
Кей жағдайда м ақсатқа жету ешқандай қиындық 
туғызбайды жэне ерекше күш жүмсауды қажет етпейді. 
Мақсатқа жету қиындықтар мен кедергілерді жеңумен 
байланысты. Бүл қиындықтар мен кедергілер екі түрлі 
болады, сыртқы және ішкі.
Сыртқы киындықтар мен кедергілерге 
адам 
санасынан тыс 
обьективтік қи ы н ды қтар мен кедергілер, сыртқы 
қолайсыздықтар, басқа адамдардың қарсы түруы жатады.
Ішкі қиындықтар мен кедергілерге адамның өзіне 
байланысты қажет нәрсені істеуге адамнын карсы түруы, 
Қарама-қайшы талпьшулардың болуы, адамнын, енжарлығы, 
жағымсыз коңіл күй, ойламай әрекет ету әдеті, жалкаулык, 
Қорқыныш сезімі жэне т.б. жатады.
Ерік ойлаумен тығыз байланысты, себебі ол максатты, 
саналы іс-әрекетпен байланысты. Адам алдына мақсат 
Қойғанда, сол мақсатқа жетудің жолын карастырады, 
кедергілерді жеңудің жолдары мен тәсщцерін оиластырады,
ол ойлау іс-әрекетін іске асырады. 
u
Еріктік іс-әрекет адам сезімдерімен тығыз байланысты. 
Мақсатқа жетуге үмтылу, жоғары және жағымды сезімдер 
кез-кеяген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет