Орта оқыту жэне тәрбие адамның өзінің белсене
қатысуының нәтижесінде нышандарды оятады және
дарындьілық пен қабілеттіліктерді дамытады. Адамның
қабілеттілігі оның іс-әрекетімен байланысты ғана емес, осы
іс-өрекетте олар дамиды және қалыптасады. Адамның өз іс-
әрекетіне қатысы ерекше мәнге ие болады. Егер адам өз
ісіне сүйіспеншілікпен қарайтын болса, онда белгілі бір салада
оньщ дарындылығы тез және күхші аңғарыла бастайды, оның
қабілеттіліктері мен ептіліктері тезірек дамиды.
Психологтардың зерттеулері көрсеткендей, дарынды
балалардың шығармашылық іс-әрекетінін, алғышарты мен
нәтижесі — күрделі ақыл-ой іс-әрекетіне, жалпы еңбекке
табанды бейімділігі болып табылады. Еңбексүйгіштік —
қабілеттілікті дамытудың негізгі шарты.
Бала қабілеттілігін дамытудың келесі маңызды фак
торы — түрақты, арнаулы қызығулар. Балалардыңжан-жақты
қызығулары негізінен қиял-ғажайып өңгімелерге және
кинофильмдерге, спортқа, футболға, кегершіндерге және т.б.
бағытталады. Балалардың арнаулы қызығулары - бүл
адамның өмірімен іс-әрекетінің белгілі бір саласының
мазмүнына, осы іс-әрекеттің түрі мен кәсіби айналысатын
бейімділікке ауысатын қызығулар.
Әртүрлі ғылым саласында қызығулар жеткіншек және
жастық шақ кезінде жалындап жанып және соніп отырады,
жастардың мамавдықты тандауын қамтамасыз етеді және
қабілеттіліктерді анықтауға комектеседі.
Балалардың қабілеттілігін дамытуға сыныптан және
мектептен тыс жүмыстардың әртүрлі формалары, оның
ішінде үйірме жүмыстарының — математикалық, техникалық,
биологиялық, өдеби, музыкалық, коркемонер үйірмелері
көмектеседі. Көптеген мектептерде тірі табиғат бүрыштары
жасақталған, балалардың бос уақытында моделдеумен
айналысуға арналған арнайы болмелер жабдықталған.
Достарыңызбен бөлісу: