Жалпы психология


Жануарлардың интеллектуалдық



Pdf көрінісі
бет25/214
Дата24.09.2024
өлшемі11,67 Mb.
#145484
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   214
Байланысты:
Жалпы психология

Жануарлардың интеллектуалдық
мінез-қүлқы (интеллект)
Интеллектуалдық мінез-қүлық — бүл жануарлардың 
мінез-қүлқыньщ жоғары түрі. Ол көбіне маймылдар мен 
дельфиндерде аңғарылады. Ж оғары сатыда дам ы ған 
жануарларды (мәселен, маймылдарды, дельфиндерді, итгерді) 
бақылай отырып, біз кей жағдайда олардың “ойлағыштық”, 
“т а п қ ы р л ы қ ” , “ б а й қ а ғы ш ты қ ” си я қты қ а си е ттер ін
байқаймыз.
Жануарлардың мінез-қүлқында алдына мақсат қою, бір 
міндетгі шешу сияқты іс-өрекеттерді байқауға болады. Одан 
мынандай сауал туындайды: жануарлар қарапайым ойлау 
әрекетіне қабілетті ме, жануарлар ойлай ала ма?
Жануарлардың кейбір ескі іс-әрекеті туралы айта отырып, 
олардың да іс-әрекеті адамның ойлау үрдістерін еске 
түсіретіңдігін немесе соған жақындайтындығьш аңғарамыз.


Осындай іс-әрекетгерді жануарлар соқыр сезіммен орындайды 
(мәселен, маймылдардың жаңгақты шағуы).
Сонғы жылдары жануарлардың ойлауы туралы мәселе 
әртүрлі маймылға жүргізілген көптеген эксперименталдық 
зер ттеу л ер . К ө р с е т к е н ін д е й , ш и м п а н зе а л ғаш қ ы
а б стр ак ц и я л ы қ қабілеттерді м еңгерген: м айм ы лдар 
қабылданатьш заттардың түсін түрінен және көлемінен немесе 
түрін түсінен және көлемінен ажырата біледі.
Ж оғары сатыдағы ж ануарлардың (маймылдардың) 
интеллектуалдық мінез-қүлқын бір жүйелі зерттеу белгілі 
неміс психологы В.Келлерден басталды. Мінез-қүлықтың 
осы түрін зерттеу үшін Келлер белгілі мақсатқа жету мүмкін 
болмаған кезде маймылды өте қиын жағдайда сынады, өзінің 
тамағын алуға маймыл айналып баратын жол немесе арнайы 
қүрал пайдаланды.
Мәселен, маймылды үлкен темір торга орналастырады, 
қатарына оның қолы жетпейтін қашықтыққа тамағын қояды. 
Тек тордың артқы қабыргасында орналасқан есік арқылы 
айналып өтетін жолды пайдаланғанда ғана маймылдың оган 
қолы жетеді.
Келлердің жүргізген зерттеулері төмендегі жагдайды 
бақылауға мүмкіншілік жасады. Алдымен маймыл тамақты 
алу үшін сәтсіз әрекетгер жасап көрді: аяғын созып та, секіріп 
те көрді, бірақ ештеңе шықпады, енді ол сәтсіз әрекеттерді 
тоқтатып, қозғалмай отырып, белгілі бір шешім алғанша 
тыныштадды.
Жануарлар міндеттерді интеллектуалдық түрғьщан шешуге 
қалай келді, түсіңдіру оте қиын, бүл үрдісті әртүрлі зерттеулер 
әралуан түсіндіреді. Кейбіреулер маймылдың мінез-қүлығьш 
адам интеллектісімен жақындату мүмкіншілігіне тоқталады, 
оны ш ы ғар м аш ы л ы қ к о р е ген д ік тің белгісі ретінде 
қарастырады.
А встрияны ң психологі К .Вю лердің түсіндіруінш е, 
маймылдардьщ қүраддарды пайдалануы бүрынғы тәжірибенің 
ауысуының нәтижесі ретінде корінеді.
Қ а з ір г і зер т теу ш іл ер д ің к ө з қ а р а с ы б о й ы н ш а, 
интеллектуалдық мінез-қүлықтың негізін жеке заттардың 
арасындағы күрделі қатынастардың бейнеленуі қүрайды. 
И .П .Павлов маймылдардың м ін ез-қүлқы н а жүргізген 
бақылаулары бойынша олардың интеллектуалдық мінез- 
қүлқын “қолмен ойлау” деп атады.
Сонымен, жоғары сатыдағы сүтқоректілерде жэне адам 
тәріздес маймылдарда интелектуалдық мінез-қүлық ерекше 
жоғары дамыган.
51


Меселен, алма ағашының басьшдағы алманы көріп, алып 
жемек болып үмтылып, секіріп көреді, бірақ қолы жетпейді, 
содан кейін қасында жатқан жәшіктерді бірінің үстіне бірін 
қойып, қолын созып көреді, бірақ алмаға жете алмайды, 
жерден таяқ алып, жәшіктің үстіне шығып, әрекет жасап 
көреді, алманы алып жейді, осында маймылдың істеген 
өрекетгері адамның интеллектілік іс-әрекетіне жуықтайды, 
оларда көргенін есте сақтау қасиеттерінің бар екендігін 
аңғаруға болады.
Демек, жануарлардың өте күрделі ортаға бейімделуі 
олардың қарапайым жүйке жүйесі мен арнайы сезім 
органдарыньщ даралануьша, жіктелуіне алып келеді. Осының 
негізінде қарапайым сенсорлық психика ортаның жекелеген 
қ аси теттер ін бейнелеу қ аб ілеттіл ігі п ай д а болады . 
Жануарлардың жерде өмір сүруге көшуіне жөне бас ми 
қыртысының дамуына байланысты түтас қүбылыстарды 
психикалық бейнелеу — перцептивтік психика пайда болды.
Ақырында, одан өрі өмір сүру жағдайының қиындауы 
өте жетілген қабылдау органдары мен іс-әрекетке жөне 
ерекше жетілген мидың дамуына алып келеді, жануарларда 
затгар мен қүбылыстар түрінде оларды сезгіштік қабылдаудың 
мүмкіншіліктерінің пайда болуына комектеседі.
Сонымен, психиканың дамуы жануарлардың ортаға 
бейімделуінің қажеттілігімен анықталады жөне психикалық 
бейнелеу осы бейімделудің барысында қалы птасаты н 
органдарының қызыметі болып табылады.
Тіптен басқа түрде ерекше белгілерімен сипатталатын 
психика дамуының жоғары сатысы - адам санасы болып 
табылады.
Адам санасының негізгі айырмашылығы, оның пайда 
болуы психика дамуын басқаратын зандардың өзгеруімен 
байланысты. Егер де жануарлар дүниесінің бүкіл даму 
тарихында психика дамуының бағынған ортақ зандары — 
б и о л о г и я л ы қ эв о л ю ц и я за ң д а р ы б о л д ы , ал адам
психикасының дамуы қоғамдық тарихи даму зандарына 
бағынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет