КӘКЕН
Хамзаұлы Қамзин
Филология ғылымдарының докторы,
профессор
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Прозашы.
Жазушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Белгілі жур-
налистика теоретигі. 80-ге жуық ғылыми мақала мен 4 көркем
прозалық шығарманың авторы. Оның шығармашылығын өзінің
уақытында қазақ әдебиетінің классигі Т.М.Мүсірепов, ҚР
Мемлекеттік премиясының лауреаты Р. Тоқтаров, белгілі әдебиет
сыншысы – С. Әшімбаевтар жоғары бағалаған. Кәкен Хамзаұлының
ғылыми ізденістерімен Түркия, Ресей, Ұлыбритания, Германия,
Италия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан ғылыми жұртшылығы таныс.
1949 жылы 13 маусымда Алматы облысы, Үйгентас ауданының
Қарлығаш ауылында дүниеге келген. Алматыдағы №9 қазақ
орта мектеп- интернатын бітірген. Мектепті аяқтаған соң 2 жыл
ұжымшарда жұмыс істеді. 1968-1973 жылдары Қазақ мемлекеттік
университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. Қазақ
мемлекеттік телерадиокомитетінде, «Жазушы» баспасында, «Ве-
черняя Алма-Ата» газетінде, «Парасат» журналында қызмет
істеді, «Қазақ мемлекеті» республикалық газеті бас редакторының
бірінші орынбасары міндетін атқарды. 1994 жылдан бері Әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ-де жұмыс істейді. 1999 жылы оқытушы-
педагог профессор Т. Қожекеевтің жетекшілігімен «Семипала-
тинские областные ведомости» газетіндегі «Е.П.Михаэлистің
журналистік қызметі» тақырыбында кандидаттық диссертация
қорғады. 2004 ж доцент атағын алды. Өзінің ғылыми қызметін
жалғастырып 2010 жылы «Қазақ публицистика жанрының эволю-
циясы» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
Қазір ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің оқытушысы. Фи-
лология ғылымының кандидаты, доцент.
Аманат
121
ПРОФЕССОР КӘКЕН ҚАМЗИН: «ӨЗГЕ ЕМЕС,
ӨЗІМ АЙТАМ ӨЗ ЖАЙЫМДА
НЕМЕСЕ БАҚ ПЕН БАҚТЫҢ АРАСЫ»
Қ
олымдағы ресми құжаттарыма үңілсем,
мен ��4� жылдың �3 маусымында
бұрынғы Талдықорған облысы Үйгентас
ауданы Қарлығаш ауылында дүниеге келіппін. Әкем
де, шешем де сол ауылдың қазақтары – бірі мөсі, бірі –
құрман, «Үшқайың» ұжымшарының мүшелері. Әкем
Қайсаұлы Қамза – жылқышы, шешем Жұмаділқызы
Шәмшібану – ол кісі де сол сән-салтанаттың ай-
наласында. Қыс қыстауда, жаз жайлауда – кезек-
кезегімен келіп-кетіп жатқан күнделікті тірішілік
күйбеңі. Біз де сол өмір үдерісінің жемісі болармыз,
Жасаған иемнің пәрмені жеткен күні шыр етіп
жерге түскен шығармыз. Менің әкем – Қамза –
Қоңыр төренің үзеңгі жолдасы Қайса бидің екінші
ұлы екен. Елге сыйлы, айналасына жайлы адам
болған көрінеді. Ол кісі – көрнекті жазушы, публи-
цист, мемлекет және қоғам қайраткері Әнуар
Әлімжановтың «Көгілдір таулар» романындағы
жылқышы Хамзаның прототипі.
Шешемнің айтысына қарағанда, туу туралы куәлігім ел жайлауға
көшкенде, орталықтағы ауыл кеңесіне аяқ жеткенде алыныпты.
Оған дейін қақаған қыс, мал қыстатудың ауыртпалығы, мал төлдету
науқаны сықылды қат-қабат шаруадан кімнің қолы босай қойсын.
Сол себептен желтоқсанның бесінде, сталиндік Конституция күні
жарық дүниеге келген менің қағазыма жаймашуақ жаз айының
бәдіз-мөрі бұйырыпты. Куәлікті, үлкендердің айтуына қарағанда,
Қарлығаш жұртшылығына аты серілігімен де, төкпе ақындығымен
де мәшһүр веттехник Атутанның Сүлеймені мақта, бинт, мар-
ганцовка, йоды мен спиртінің арасына бөлеп ауылсоветтен ала
қайтыпты. Жас сәби дүниеге келген кезде Алматыдан өнері жұртқа
енді-енді таныла бастаған артист Кәмәси (Қамадияр) Өмірзақов
Аманат
122
(Балалар мен жасөспірімдер театрының жетекші актері, Қазақ КСР
еңбек сіңірген артисі атағын алғаш алған өнер қайраткерлерінің
бірі, Мәжит Бегалиннің «Шоқан Уәлиханов» – «Его время при-
дет» фильмінде Шоқанның атқосшысы Қожықтың, Адольф
Бергункердің «Жора» фильмінде Құшақтың ролін ойнаған ағамыз;
Қазақ КСР Халық артисі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты Әмина Өмірзақованың жұбайы) туған-туысқан, жақын-
жұрағат жағалай келе қалыпты. Ауыл ақсақалдары жаңа туған
нәрестенің атын ырым қылып алыстан ат терлетіп келе қалған
Кәмәсиге қойдырыпты. Туған-туысқандарының әңгімесіне құлақ
түрсем, шыр етіп жерге түскен сәбидің кіндігін кесудің өзі күлкілі,
қызық оқиғаға ұласыпты. Ел ағалары шарананың кіндігін әкемнің
жақын жолдасы Жылқышының ұлы Мұқатай кессін деп ұйғарып,
қолына қылпылдаған қандауыр ұстатыпты. Сол мезетте адуындау
жас келіншек Шағырман жеңгеміз (Мұқаш Өмірзақов ағамыздың
әйелі) баланың қолынан пышақты жұлып алып: «Қайынағамның
ұлының кіндігін өзім кесем!» – деп, ай-шайға қаратпай, кіндігін
кесіп алыпты. Меселі қайтып, далаға жылай тұра қашқан бес-алты
жасар Мұқатайды әйелдер қаумажалай әкеліп, кіндікті қайта байлап,
қайта кестіріпті. «Баурымыздың мінезінің бірде қату, бірде тату бо-
луы, әне, сондықтан», – деп күліп отыратын туған әпкем Рауза.
Ұшқан құс үсіп өлер қақаған қыста дүние есігін ашқандығымнан
шығар, бала кезімдегі мінезім алай-дүлей бұрқасыннан бір аусайшы.
Холериктің нағыз өзі едім. Ержете, өсе келе жаз күніндей жадырай
бастадым ба, райым шайдай ашыла бастады ма, кім білсін. Не керек,
талай тарпаңды талқыға салған, жөнге келтірген әлеумет мектебі
емес пе? Өмір университеттері, тіршілік өнегесі демекші, жас
баланың табиғат аясында, жаратылыспен етене жақын жетілгенін өз
басым толығымен мақұлдаймын. Үйткені адам баласы – табиғаттың
перзенті, жаратылыстың құрамдас бөлігі. Жасанды өркениеттің,
электронды жүйенің туындысы, бұрандалы машина емес.
Есімді білгелі малшылар қауымының ортасында өмір кештім.
Ашамайлы тайға мініп жайлауға көшетінбіз, сол ашамайға
мініп етекке, құм арасындағы қыстауға жылжитынбыз. Бала
кезде тұрғыластармен асыр салдық, тай-құлындай тебістік,
күрестік-тірестік, алысып-жұлыстық. Мен дүниеге келген
Бесқопа қыстауының аты затына сай еді. Сол бес қопаның төбесіне
Аманат
123
шыға алмай, әлгі шағылдың ортан беліне, не иығына іліне бере
лықсыған құмға ілесе етекке бір-ақ сусып түсетінбіз. Бәрібір тыр-
мысу, тырбаңдаудан әсте жалықпайтынбыз. Неге екені қайдам,
сол кіп-кішкене, жатаған төбенін басына қайтсек те ілінбей
қоймаймыз деп емінетінбіз сол қыстаудың екі-үш жалаңаяғы. Ол
не құмарлық, ол не құлшыныс – өзіміз де білмейміз.
Сайын далада самал шайқаған ақселеу, бұрқыраған жусан иісі,
жөңкілген қазбауыр бұлттар, жарқылдаған найзағай, шатырлаған
күн, Жер мен Көктің ортасын иектеген қайқы қылыштай
кемпірқосақ. Біз осылардың қақ ортасында өстік. Етекте, қалың
құм арасында Шұбар, Былқылдақ. Бесауыл, Таласбаз, Тобылғыбаз,
Үшжал, Күйеқұдық, Шілікті сияқты елді мекендер арасында
ат жалын құша алай-бұлай құйғытсақ, ел қырға көшкенде Сай-
жол, Демкей, Балдырғанды, Көктөбе, Көкшұқыр, Жамантас,
Қарағайлысай, Ағынықатты, Қайрақты, Бірмойын, Жылысай,
Тайсойған сияқты көк иісі танауыңды жарған жайлауға жетіп
аунап-қунайтынбыз. Дала кеңістігі ой кеңістігіне, қариялардың
ертегісіне, батырлар жырына, өткен-кеткен тарихи оқиғаларға,
ел арасындағы анау-мынау әңгімелерге жалғасып, кете баратын.
Жайлауға иектері ілінді дегенше, малшы-қосшылардың құдайы
берді дей бер. Танауды жарған сары қымыз, омартаның бал сы-
расы, қиқулаған көкпар, дүбірлеген ат жарысы – көк жайлаудың
арсыл-гүрсіл қызығы. Егерәки айт күндері жаз айларына тап кел-
се, ол өкімети мейрам-меркелерден асып жығылады. Қой дейтін
қожаны, әй дейтін әжені өз басым сол шақта көрген емеспін.
Тым еркін өстім, шешеміз бес жасқа дейін емшектен шығармады.
Төл иісі бұрқыраған қозы-лақ арқалап, желіге құлын-тай ноқталап,
балақ жүні үлпілдеген бота жетелеп жүріп ал кеп армандайтын-
быз, қиялдайтынбыз. Өскенде кім боласың десе үлкендер, райком,
райисполком, басқарма боламын деп тақ ете түсетінбіз. Олар-
дан керемет, олардан дуалы, олардан жоғары қызмет те, лауазым
да жоқ сияқтанатын. О да бір қызық дәурен еді-ау... Сол қамсыз
да қайырымды күндердің жетіге жеткенде аяқ астынан шорт
үзілерін кім білген. Тамыз айының ақыры болар, «полуторка» жүк
мәшинесімен нағашым Шаһзада Жұмаділұлы келіп, оқу басталуға
он-ақ күн қалды деп ауылға ала жөнелді. Мен бармаймын деп, жа-
тып кеп туладым. Үлкен шешем Әлия Әзімханқызы оқу оқымасаң,
Аманат
124
райқом да, райысполком да, тіпті басқарма да бола алмайсың деп
қорқытты. Қайтейін, амалсыз көндім. Сөйтіп, күні бойы Шіліктіге
қармақ салудан қолы босамайтын, асық пен ләкөш өнерін еркін
игерген ерке баланың жаңа ғұмыры басталды дейсің.
Өзіме бейтаныс ауыл өміріне, азан-қазаны көп мектеп
тәртібіне көндігіп кету маған оңай тимеді. Бір класқа бас қосқан
ондай көпшілікті көріп тұрғаным осы. Алғашқы күні-ақ бірінші
сабақтан жетелеп келген апама ілесе тұра қаштым. Әпкем,
нағашым, жеңгем Кеңшілік, апам – бәрі төрт жақтап ұялтқан соң
ғана ертеңінде ауыл ортасындағы қызыл қаңылтыр шатырлы мек-
тепке өз аяғыммен жеттім. Өзім құралпас балалармен тез тіл та-
бысып, жып-жылдам үйренісіп, бәріне бауыр басып кеттім.
Әкеден ерте айрылған менің ержетуіме, оқу-тоқуыма, аза-
мат ретінде қалыптасуыма үлкен шешем Әлия Әзімханқызының,
кіші шешем Шәмшібану Жұмаділқызы, нағашым Шаһзада
Жұмаділұлы, жеңгелерім Кеңшілік Ахметқалиқызы, Рәзия
Сәдуақасқызы, әпкем Рауза Әбілмәжінқызы, жездем Сейтжан
Жақсыбайұлының еңбектері, сөз жоқ, айрықша.
Содан қойшы, әйтеуір, әр қазақтың баласына тән оқушы
күнделігін бастан өткере бастадық. Сағаттар зымырап, күндер адым-
дап, айлар жылжып, жылдар қыбырлап өтіп жатты. Бесінші сынып-
тан бастап колхоз жұмысына араластық – шамамыз жеткенше шөп
шаптық, бидай тазаластық. Қызықты да құр жібермедік. Театры,
операсы мен балеті, көркемсурет галереясы жоқ ауылда әдемі филь-
мдер, ән мен күй, жақсы кітап – жан азығы. Менің құрдастарым сол
шығармалармен өсті, өнді, талғамы мен тіршілік стилі түзелді. Сол
кездегі әлеуметтік-демографиялық жағдайға қарасам, біздің аудан
халқының дені орыс, украин жұрағаты еді. Солармен жағаласа, арпа-
лыса ілгеріледік, өйткені ауыл жастары да, егделері де орыс тіліне тым
жетік еді. Мәскеу әдеби-көркем журналдарын шемішкеше шағатын.
Жастай ғашық болдық, ертерек жандық, лапылдадық, лауладық.
Тұп-тура Сергей Есениннің «Анна Снегина» поэмасындағыдай:
Когда-то у той вон калитки
Мне было шестнадцать лет,
И девушка в белой накидке
Сказала мне ласково: «Нет!»
Аманат
125
Далекие, милые были.
Тот образ во мне не угас...
Мы все в эти годы любили,
Но мало любили нас.
Иә, не керек, бармақтай бағым бар шығар, 1964 жылы Үшқайың
ауылындағы сегізжылдық мектепті үздік бітіріп шықтым. Енді
Жаркент қаласына бар, педучилище сені емтихансыз қабылдайды
деген кейбір ұстаздарымның жанашырлық ұсынысына құлақ аса
қоймадым. Аңсарым үлкен қалаға ауды да тұрды. Ауылымдағы
сегізжылдық мектеп санамның, дүниетанымымның іргетасын
қалады десем, артық кетпеспін. Осы оқу орны ұстаздарының
ішінде орны бөлек, әрдайым ағалық қамқорлығын аямаған,
қателігімді қатты айтқан, жақсылығыма шын пейілімен сүйсіне
білген, болашақ шығармашылық жолымды көрсетіп берген, көңіл
көкжиегімді кеңейткен орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, класс
жетекшім Тұралық Дөненбаевтың атын аса ілтипатпен атар едім.
Сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері Күлбаран Сіргебаева
мен Досымбек Нұрбосынов, географ Зәуренбек Сіргебаев, қазақ
тілінің маманы Дулатай Жанғазин, қол еңбегінің маманы Иман-
бек Сіргебаев, математик Найманхан Мұқашев, химик Ыбырай-
хан Байбатыров, физик Әбдіхамит Омарбаев, дене тәрбиесінің
мұғалімі Шәмеке Жұмаділов, қазақ әдебиетінің мұғалімі Биғали
Бәзиев, тарихшылар Бәзілхан Әділбаев, Мұхамбек Мырзағұлов,
Мұратхан Әбсалиқов, ән-күй сабағының білгірі Тоқтархан
Әбікенов есімдері менің әмісе жадымда.
Тағдырдың ұйғарымы шығар, 1964 жылы Алматыдағы № 9
қазақ орта мектеп-интернатында келіп табан тіредім. Бұл орта
мектеп оқытушылары – директорымыз Ж.Ж Жолаева, тарих және
қоғамтану пәнінің мұғалімі О.Ж. Қарабалина, Қазақ КСР еңбек
сіңірген мұғалімі, талантты химик Х.Р. Елкебаева, физигіміз
О.Ш. Қожахметов және т.б. біздің ойымызға да, бойымызға да
білім нәрін сіңіріп бақты, шын мәнінде тәлім-тәрбие мектебінен
өткізді. Амал не, мектет бітірген заматта жоғары оқу орнына түсе
алмадым. Конкурс қатты болды, сол жылы мектепті оныншы,
он бірінші сыныптағылар қатар бітірген-ді. Сондықтан өтіл жи-
нау үшін екі жыл «Қазақстанның 30 жылдығы» ұжымшарында
Аманат
126
жұмыс істедім. 1968 жылы жолым болды, Қазақтың С.М. Ки-
ров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика
факультетіне оқуға түстім. Курстастарм шетінен пері, шетінен
сері, сен тұр – мен атайын.
Кей-кейде сол алыста қалған қимас шақтар кадрлары көз ал-
дыма келе қалады. Көзімді жұмсам, Жер шарының алақанға сияр
үлгісінен бір аумайтын алқызыл апортты Алматы шаһарындағы
аса үрзада, сондай бір үзіле де үздіге сағынар екі-үш мекен-жай
үздік-создық елестеп өтеді. Бірі – өзім тәмәмдаған №9 қазақ
орта мектеп-интернаты, одан соңғысы – Никольск базарының
іргесіндегі қабырғасының қалыңдығы бір құлаш ескі ғимарат.
Бізден бұрынғы марқасқаларға да, біз сықылды бозөкпелерге
де – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті
журналистика факультетінің студенттерін айтамын – саялы да
аялы баспана болған Виноградов көшесі, 88-дегі №1 жатақхана.
Сегіз кереует сығылысқан бөлмелерді, ұялас күшіктердей
түртінектеп тіршілік кешкен күндерді Оңдасын Елубаев, Камал
Әбдрахманов, Бекзаттар Дінәсілов, Исахан Ақылбеов, Оңғар
Нақыпов, Серік Жолдыбаев естерінен шығара қойған жоқ шығар.
Деканымыз Т.С. Амандосов анда-санда шолғын салып кеткен
кезінде: «Біз де осы жерден өсіп-өндік. Соғысқа дейін екі этаж
екен, ал үшінші қабатын өзіміз көтердік», - деп таяғымен со-
нау биіктегі терезелерді сәулетшідей сызып шығатын. Үшінші
қабаттың тау жағындағы оқу залы, оның жылы жүзді меңгерушісі
– еврей әйелі әлі күнге дейін көз алдымда. Марксизм-ленинизм
классиктерінің еңбектері сіресіп тұратын сөрелер қандай маңғаз
еді, еңселі ескерткіштердей паң еді-ау... Дей тұрғанмен бәрі де
өтеді, бәрі де өзгереді. Уақыттың қайдан көш түзегені бимәлім,
қайда жол тартары тағы белгісіз. Оны бір білсе, мұқым дүниені
ашса алақанында, жұмса жұмырығында ұстайтын – он сегіз мың
ғаламның жаратушысы, Бас Архитектор ғана біледі.
Ол кезде өзіміз де ақынжандымыз, барша өлеңгер қауымды
киелі көреміз. Ілияс, Қасым, Сырбай, Жұмекен, Мұқағали,
Қадырлардың, Омар Хайям мен Хожа Хафиздің, Блок пен Есенин,
Бодлер мен Аполлинердің шығармаларын жатқа соғамыз. Эко-
номикасынан идеологиясы озық тұрар кеңес өкіметінің әлеуеті
ме, әлде интеллектуал атанудың жолы осы шығар дедік пе, сол
Аманат
127
кездегі беткеұстар ұлттың өнерін қағып алуға бейім тұрдық,
бөтен болмысты әп-сәтте игеріп алуға деген құлшыныс мол еді
бізде. Әлде оригинал атанудың жолы осы екен дедік пе, әлде, оры-
стар айтпақшы, тап-таза «выпендрёж» ба, әлде «солшылдықтың
балалық ауруы ма еді»? Әсіресе Русияның текті шайыры Алек-
сандр Блокты аузымыздан тастамаймыз. Елжірейміз. Еліктейміз.
Мұңаймайтын жерде мұңая қаламыз, қылт етпейтін жерде қылт
ете қаламыз. Бәлкім, бозбала дәуреннің өзіндік стилі мен психо-
логиясы ма едің бізді мың құбылтқан...
Студенттік дәурен де мәңгілік емес. Қазақтың маңдайына
біткен жалғыз университетін 1973 жылы үздік бітіріп шықтым.
Мен сияқты жас маманның республика астанасында қалуына,
Алматыға берілер жалғыз жолдаманы алуына университет
ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ө.А.
Жолдасбековтің септігі тигенін ерекше атап айтар едім.
Университетті тәмәмдағаннан кейін он жыл бойы Қазақ КСР
Телевизия және радио хабары жөніндегі Мемлекеттік комитетінің
орталық аппаратында қызмет еттім. Менің шығармашылық
жұмыспен белсене айналысуым осы кезеңнен басталды.
«Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Октябрь туы» газеттеріне,
«Жалын», «Жұлдыз» журналдарына әңгіме-новеллаларым
дәміл-дәміл шыға бастайды. Мен сықылды жас қаламгердің аяқ
алысына қазақ әдебиетінің классигі Ғ.М. Мүсреповтің көзі түсті
(Мүсрепов Ғ. Әдебиет – кәсіп емес, өнер. Толғаныстар. – Алматы,
Жалын, 1987. 17-18 б.б.). Ұлт әдебитеі ақсақалының: «Сенімді
жас жазушыларымыздың бірі Кәкен Қамзиннің – «Жер мен көк
іңір қараңғылығына басын сүйей тынши қалыпты», - дегені тағы
көзіме түсіп кетті. Кәкеннің осы бір сөйлемі не ат, не қыран құс
болса, ұрлатып алғандаймын», - деген ақ батаға баланар аталы
сөзі жас жазушы – маған керемет қанат бітірді (Мүсрепов Ғ. За-
ман және әдебиет. Әдебиет туралы ойлар, толғаныстар.-Алматы,
Жазушы, 1982. 130 б.). Осыдан кейін менің «Жұлдыздар жылай
ма?» (кітап логотипіне айналған әңгіме атын жазушы Сейдах-
мет Бердіқұлов қойған) алғашқы әңгімелер жинағым жарыққа
шықты. Сол жылдардағы жас қаламгер – менің творчестволық
ізденісім хақында белгілі сыншы С. Әшімбаев та жылы лебіз
білдірді. Кейінірек біздің азаматтық және шығармашылық
Аманат
128
қарым-қуатымыз туралы белгілі прозашы, ҚР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты Р. Тоқтаров та жағымды пікір айтқан еді.
Бріраз жылдан кейін СОКП қатарына өтуден де қиын Қазақстан
Жазушылар одағының мүшелігіне қабылдандым. Ол туралы деректі
2004 жылы «Ана тілі» баспасынан шыққан 44 баспа табақтық
«Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр» атты анықтамалықтың
179 бетінен таба аласыздар. Күндердің күнінде балалық шағыма
бір мойын бұрып, балалар аудиториясына арналған повесть жа-
зып көрейінші деген ой келді. Ол ойым жөн болғанға ұқсайды,
балаларға арналған «Айнабұлаққа ма? Айнабұлаққа...» повесім
2008 жылы ZHERSU инвестициялық-өндірістік корпорациясы
жариялаған халықаралық конкурстың Бас бәйгесін жеңіп алды.
Тізбек-тізбек өмір жолыма көз салсам, 1983-1994 жылдары
«Жазушы» баспасында, «Вечерняя Алма-Ата» газетінде жұмыс
істеппін, «Парасат» журналының - жауапты хатшысы болыппын,
«Қазақ мемлекеті» газеті бас редакторының бірінші орынбасары
қызметін атқарыппын.
1994 жылдан бері өз өрісіме оралып, әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті журналистика факультетінде ұстаздық етіп
келемін. 1999 жылы «Е.П. Михаэлистің «Семипалатинские област-
ные ведомости» газетіндегі журналистік қызметі» атты тақырыпта
ғылым кандидаты атағын алу үшін диссертация қорғап шықтым.
Ғылыми еңбекке ұлы Абайдың неміс досы Евгений Петрович
Михаэлистің журналистік, қоғамдық қызметі арқау болды, Се-
мей, Өскемен, Омбы, Санкт-Петербург мұрағаттарынан табылған
тың деректер, жаңа фактілер журналистика тарихына, ұлттық
ақпарат құралдарына тәуелсіз көсқарас қалыптастыруға мүмкіндік
берді. Соның нәтижесінде осы мәселеге арналған монография
дүниеге келді ( Қамзин К. Е.П. Михаэлистің журналистік және
әлеуметтік қызметі.- Алматы, 2009.). Шындығына келетін болсақ,
Е.П. Михаэлистің журналистік, редакторлық қызметі зерттеушелір
назарынан мүлде тыс қалған. Тек мұрағаттанушы, өлкетанушы
С.Е. Черныхтың Шығыс Қазақстан аймағынан шыққан белгілі
адамдар турасындағы очерктер жинағында Е.П. Михаэлистің
редактор болғандығы жөнінде жалғыз абзац мәлімет бар. Бірақ
оның өзін де толықтыру, нақтылау қажет еді. Қазақ ғалымдары
негізінен оның қоғамдық-саяси істерін ғана ауызға алып отырған.
Аманат
129
Аталмыш еңбекте Е.П. Михаэлистің терең білімді, полилингв адам,
білікті ғалым екендігі атап көрсетіледі. Оның сол кездегі Семей
губерниясында істеген қоғамдық жұмыстары талданады.
Қазақстанның қазіргі гоесаяси жағдайына көз салсақ, оның
ақпарат құралдарының әлемдік траекторияға шығуы аса күрделі,
күрмеуі көп проблемалардың бірі болып отыр. Сол түйінді мәселелер
парадигмасы өткені мен бүгінді, қазіргі мен келешекті жанды
тұтастықта, ілгерілемелі сипатта қарастыруда жатыр. Осы ретте біз
егемен Қазақстан журналистикасының бүгінгі рухани қайратының
негізі өткен ғасырларда қаланды дей аламыз. Оның буыны бекуіне,
қалыптасуына Е.П. Михаэлис сынды прогресшіл жандар, келешекке
көз жібере алатын болжампаз қайраткерлер де елеулі еңбек сіңірді.
2008 жылы бір топ ғалымдармен бірге «Қазақ журналистикасы»
атты үш томдық ғылыми еңбекті «Таймас» баспасынан жарыққа
шығаруға шама-шарқымша үлес қостым.
Біздің пайымдауымызша, журналист назар аударар оқиға мен
құбылыстың табиғи һәм жасанды болмыс-бітімі бар. Осы энер-
гия көздерінен нәр алған, таратылған ақпаратың, мәліметтің,
фактінің жаратылымы айналаға, қоршаған ортаға, сөзсіз, әсер
етеді. Басқаша айтқанда, табиғи сипаты мен әлеуметтік фор-
масы айқын ақпарат, образ, бренд уақыт пен кеңістіктен өзіне
лайықты орын алады. Тарихи дамытушы, дамушы идеяға айна-
лады. Әрине, жаңа қағида, соны байлам өткенді жоққа шығару,
кемшіліктерін атап көрсету, оның олқылықтарын нұсқауды ғана
мақсұт тұтпайды. Барша ізгілік өткенді құрметтеуден басталады.
Өз тарихын сауатты, тәрбиелі таразылай білген ілім болашаққа да
адал пиғылмен алаңсыз аяқ басады. Публицистиканың, журнали-
стика ғылымының гуманистігі, демократиялығы да осында жа-
тыр. Бүгінгі күннің кәдесіне, ертеңгі заманның реңіне сай келер
тұжырымдардың еленбей, тасада қалған көмбелерін көрсете білу
де тарихи танымның өскендігінің, санамызда парасатты ғылыми
салт-дәстүр орын тебуінің нақты мысалы болса керек.
Ғылым – ақыл-ой бәсекесінің алаңы. Халықаралық ру-
хани бәсекеге төзімді ұлттық журналистика теориясын,
жанрлардың жаңа жүйесін жасап шығару – заманалы талап.
Гиперидеологиялық жүйені құрайтын қазіргі баспасөз, радио
мен телевизия, әлеуметтік желілер мәтіндеріне кең тынысты,
Аманат
130
еркін ойлы қағидалық пайымдаулар қажет. Бұл бағытта шетелдік
теоретиктердің көзге ілерлік азды-көпті сипаттамалары бар.
Ал, зерттеуші ретінде мен осы жарыс жолына публицистика
жанрларының басқаларға ұқсамайтын жаңа инфроқұрылымын,
жанрлардың жаңғырған жіктемесін, соны кластерін шығарадым,
оларды теориялық жағынан көкейге қонарлықтай дәйектей алдым
деп ойлаймын. Қазақ ұлттық публицистика жанрларының ата
қонысын, бастау-бұлақтарын ықылым замандардан, төл рухани
құндылықтардан іздедім. Журналистика ғылымы, көсемсөз жанр-
лары кеңістігіндегі үдерістер әлемде тұңғыш рет бүкіләлемдік
тартылыс заңы, салыстырымдылық, ықтималдық, қажеттілік
және вакуум теориялары шеңберінде де қарастырылды.
Бұрын да, көбінесе қазір де қолданылып жүрген жанрлар
топтамасының параметрлеріне елеулі қағидалық түзету енгізу,
жыға таныс жанрлардың бұрынғы теориялық еңбектерде еленбей
кеткен қасиеттеріне назар аудару, өңі қашқан метрополиялық ескі
жамылғылардан арылу, жанрлар ынтымағы мен ықпалдастығы
туралы ой қозғау, формалар жүйесін тұтастандыратын, тарты-
лыс күшін арттыратын заңдылықтарға сілтеме жасау – менің
докторлық диссертациямыздың басты жаңалықтарының бірі.
Диссертацияда алғаш рет очерк, эссе, кезеңсөз, сұхбат, репор-
таж, түсіндірме, хат, саяси портрет, дайджест, байқам, ақпарат,
айқындама және тағы басқа нақты жанрлардың ұлттық сипаты
ашылды, негізгі функцияларына жаңадан анықтама берілді.
Көсемсөз жанрлары – қазіргі журналистика идустриясының
шығармашылық стандарт саласы. Оның бәсекелестігі,
ақпараттық кеңістікте өмір сүруі, рухани және товарлық қасиеті,
оперативтілігі, интеллекті оның оңтайлы жанрлар арқылы
сөйлеуінен, көпшілікті, жеке адамды сендіре, ұйыта алу сияқты
психологиялық қасиетінен көрінеді. Зерттеу жұмысымда, өз
монографиямда (К. Қамзин. Қазақ көсемсөз жанрларының ке-
мелдену үдерісі. – Алматы: Экономика, 2009.) осы мәселелерге
де аз көңіл бөлінбейді. Аталмыш ғылыми еңбек журналисти-
ка жанрларының болмысы, генетикасы, дамуы жайында соны
бағыт-бағдарларға жөн сілтеді. Әрі қарай айта берсем, мен 2009
жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік
ұстазы атағына ие болдым, 2010 жылы «Қазақ публицистикасы
Аманат
131
жанрларының эволюциясы» атты тақырыпта докторлық диссер-
тациямды сәтті қорғадым.
Тарихи даму кезеңдерін бастан-аяқ өткеріп келе жатқан ел-
дер тәуелсіздігінің саяси, экономикалық, тілдік, ділдік, ғылыми-
технологиялық және ақпараттық дербестік сияқты басты атрибут-
тары әрқашан толысып тұрады. Жиырма бірінші ғасыр брендіне
айналған ақпараттық әлеует, ақпарттық өзеркіндік дегеніміз тек
информациялық кеңістікті емін-еркін игеру, мәлімет алу, хабар-ошар
алмасу және дерек тарату мүмкінгідігі ғана емес. Ол сонымен қатар
идея жарыстыру, өзіндік «мені» айдынды өркениеттердің бірін-бірі
байытуы, кемелдендіре түсуі. Ал әлеуметтік сөз өнерінің, басылым-
баспа қалыптасуы өрісінің тым әріден жол тартуы – ұлт сапасы, мем-
лекет баяндылығы мен мәдениеттілігінің басты көрсеткіштерінің бірі.
Қазірі ақпарат әлеміндегі бәсеке тек рынок бөлінісі үшін,
табыс табу үшін ғана білек сыбану емес, ол сонымен бірге
ұлттың, елдің, мәдениеттің болашағы үшін сана мен шеберліктің,
эрудиция мен біліктіліктің сайысы. Сондықтан бүгінгі асып-
төгілген информациялық «тоғызыншы нөпірден» тәуелсіз ел
азаматтарының кәдесіне жарамды, шынайы демокартиялық,
адамгершілік нормалар шеңберіндегі гуманистік ақпаратты
сұрыптап алу, оны лайықты түсіндірмелеу, жеріне жеткізе талдау,
қазақ жұрты туралы өзекті мәліметті өткізе білу – төл бұқаралық
коммуникация құралдарымыздың басты міндеті. Жаңа сапалық
деңгейге қол созған мемлекеттік құрылымның егемендігіне қол
сұғу, оның ішкі істеріне араласу сияқты күмәнді әрекеттерге
уәжді, пәрменді тойтарыс беріп отыру да бірнеше әлем тілдерін
меңгерген жаңа тұрпаттағы журналистер қосынының үлесінде.
Талай жылдан бері БАҚ пе бақ арасында жүргендіктен бе,
қолдан келгенше іште де, тыста да ғылыми мақалалар жариялауға
ұмтылып жұрген жай бар. Атап айтар болсам, заманалы жур-
налистика болмыс-бітімі, ұлтық журналистика болашағы ту-
ралы ғылыми пікірлерім Ұлыбритания, Канада, Германия,
Қытай, Өзбекстан, Ресей, Монғолиянің беделді басылымдары-
на жарияланды. Ішкі ақпараттық кеңістікке, өз рыногымызға
таралған «Журналистика негіздері», «Талдамалы журналистика»
(2012), «Публицистика жанрларының эволюциясы» (2015) оқу
құралдарымның өзі бір төбе дей аламын.
Аманат
132
Мен әлі күнге дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің журналистика факультетінде қызмет етіп
келемін..
Зайыбым – Мәриям Әшімқызы Хакімнің де мамандығы жур-
налист, ұзақ жыл Қазақ радиосында қызмет етті, 1998 жылы
дүниеден озғанға дейін журналистика факультетінің телерадио-
журналистика кафедрасында аға оқытушы болып қызмет істеді.
Өз отбасымда екі қызым бар. Үлкенім - Әлия халықаралық
журналистика мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің үздік дипломын алып шықты. Одан кейін
осы жоғары оқу орнының аспирантурасын бітірді. Ағылшын,
түрік тілдерін меңгерген. Бастабында «Қазақстан», «КТК», «Ев-
разия», «Балапан» телеарналарында жұмыс істеді, қазір аутсор-
синг саласында қызмет атқарады. Кіші қызым – Әсел Алматыдағы
№ 123 қазақ орта мектебін «Алтын белгімен» аяқтады, одан кейін
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық
қатынастар факультетінде оқыды, Президент стипендиясының
иегері болды. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетін үздік дипломмен бітірді. Ағылшын және араб
тілдерін біледі. 2005 – 2010 жылдары «Хабар» агенттігі «Аза-
мат» телебағдарламасының продюссері қызметін атқарды. Одан
соң «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англияда Ньюкасл
университетінің магистратурасын тәмәмдады.
Мақтанғаным, асып-тасығаным, кемерге сыймай шалқығаным
емес – расым. Өзім туралы шәкірттерімнің пікірі де жағымды
сияқты. Олар маған деген көңілдерін, ризашылық пейілдерін
«Жас Алаш», «Дала мен қала», «Түркістан», «Заң газеті», «Қазақ
университеті» басылымдарында, әлеуметтік желілерде талай рет
білдірген. Мен соған шүкіршілік қыламын, ұстазға шәкірттерінің
ризалығынан асқан ырыздық жоқ.
Мені қинайтыны, қынжылтатыны ұлттық журналистика-
мыздың, гуманитарлық ғылым саласының бүгежіктей сөйлеуі,
пікір пәрменінің күрт құлдырауы. Бұған алаңдап отырған жалғыз
мен ғана емес екенмін. Соноу бір жылдары бізге ертедегі қазақ
әдебиеті нұсқаларынан дәріс оқыған профессор Мырзатай Жол-
дасбеков ағамыздың да қамкөңіл сөзі қазақ оқыған азаматтарын
қалай селт еткізбесін. Ұстазымыз бізге де, келешекке де «Еге-
Аманат
133
мен Қазақстан» газеті арқылы былай деп тіл қатады: «…Біздің
кезімізде Қазақстанда жалғыз-ақ университет (Қазақ Мемлекеттік
университеті) болды. Бүгінде аты бар, заты жоқ, білімі, ғылымы
жоқ университеттер қаптап кетті. Олар диплом береді, жары-
тып білім бермейді. Соның кесірінен «жоғары білімді», бірақ
білімі жоқ «мамандар» көбейді. Осы күнгі магистранттардың
диссертациялық жұмысының – бұрынғы студенттердің курс
жұмысынан, докторанттардың диссертациясының бұрынғы
студенттердің диплом жұмысынан аса алмай отырғандығының
бір себебі осыдан. Жоғары оқу орындарында шәкіртке керегі
жоқ, еш пайдасы да жоқ, адамның басын ғана қатыратын термин-
дер көбейді. Бұрындары ғылымға бөлінетін қаражаттар бүгінде
«ғылыми жобалар» деп аталып, оларға конкурс жарияланатын
болды. Сол конкурстардың да денін «пысықтар» ұтып жүр. «Жо-
балар» конкурсқа түскелі қоғамдық ғылымдар саласына қанша
қаражат бөлінгенін кім білсін, өкініші, не тарихтан, не әдебиеттен,
не лингвистикадан, не философиядан мақтанатындай бір еңбекті
атай алмайсың. Осындай ғылыми жобалардың тағдырын ғылымға
пәлендей қатысы жоқ адамдар шешіп отырғаны өкінішті-ақ.
Қолдан жасап алған, қоғамға көк тиын пайдасы жоқ қаптаған
«академияларды» былай қойғанда, бүгінде Ұлттық академияда да
бұрынғыдай абырой қалған жоқ. Ғылымға қосқан үлкен жаңалығы
жоқ кейбір адамдардың да Ұлттық академияның академигі болып
отырғандарына қайран қаласың.
Бұрынғы академиктер – шын мәніндегі ғылымдағы
тұлғалар еді, өз саласында ғылымның тізгінін ұстаған, көшін
бастаған, әрқайсысы өз мектебін қалыптастырған ұлылар еді.
Олардың мемлекеттегі, ел ішіндегі абыройлары да зор еді, әлем
мойындаған тұлғалар еді. Бүгінде академия аяқасты болып кетті.
Бұл мәселенің де байыбына баратын мезгіл жетті.
Шетелдің импакт-факторлы журналдарына (әлемдік
деңгейдегі жоғары рейтингті журналдар) міндетті түрде мақала
жариялайтын, оған мақалаң шықпаса, сені ғалым деп танымай-
тын түсінік қалыптасты бүгінде. Мүмкін ғылымның басқа са-
лаларына бұл керек те шығар. Бірақ, қазақ тарихынан, қазақ
әдебиетінен, қазақ тілінен, қазақ мәдениетінен біздің еңбегімізді
сонда шетелде кім бағалайды? Мен мұны қазақ халқының ұлтына
Аманат
134
қатысты ғылым саласын қорлау, құртудың жолы деп білемін.
Бүгінде докторантқа Қазақстан ғалымымен бірге міндетті түрде
шетелдің бір ғалымы жетекші болуы керек. Әйтпесе, докторант қорғай
алмайды. Сонда деймін-ау, қазақ әдебиетінен, қазақ тілінен, қазақ
тарихынан, қазақ мәдениеті тарихынан жазылатын диссертацияға
шетелдің ғалымы қалай жетекшілік етеді? Қалай бағалайды? Осын-
дай шешімді қабылдаған қандай адам деп әлі күнге аң-таңмын»…
Мен де аң-таңмын, ғылыми жұртшылық та аң-таң. Бірақ
уақыт дөңгелегі ілгері қарай зырлай береді. Қоғам жаңарады,
таным өзгереді. Бүгінгі ауыз ашып, көз жұмған тұлғалар мен
бұлжымас ақихат та ескіреді. Оқта-текте осыны ойлаймын, таяу
келешектен үміт күтемін. Одан соң қазақтың дарынды ақыны
Мырзан Кенжебайдың өзіме арналған төмендегі өлең жолдарын
іштей сан мәрте қайталаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |