Жалпы редакциясын басқарған Ғалымқайыр Мұтанов Жауапты редактор



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата21.01.2017
өлшемі6,98 Mb.
#2350
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ТІЛЕПОВ 
Жұмат Жұмалыұлы
Филология ғылымдарының докторы, 
профессор
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру 
ісінің құрметті қызметкері. 1944 жылы 11 наурызда Маңғыстау об-
лысы Түпқараған ауданының Таушық кентінде өмірге келген. 1969 
жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің фи-
лология факультетін бітірген. Түпқараған ауданының құрметті аза-
маты (2014), «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 
–  80  жыл»,  «Ақтау  қаласына  –  50  жыл»,  «Маңғыстау  мұнайына 
–  50  жыл»  атты  төс  белгілерінің  иесі.  Халықаралық  Жамбыл 
атындағы  сыйлықтың  лауреаты.  Халықаралық  Ақпараттандыру 
академиясының  академигі.  Қазақстан  жазушылар  одағының, 
Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
1987  жылы  «ХVIII-XIX  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясының 
тарихилық мәселелері» атты тақырыпта кандидаттық диссерта-
ция,  1997  жылы  «ХІV-ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінің 
тарихилығы»  аталатын  тақырыпта  докторлық  диссертация 
қорғаған.  1963-1964  жылдары  Маңғыстау  облысының  Жетібай 
кенінде  мұнайшы  болып  еңбек  етті.  1964-1969  ж.  С.М.Киров 
атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  студенті.  1969-
1999 ж.ж. «Лениншіл жас», «Қазақстан Коммунисі» басылымда-
рында,  «Қазақстан»,  «Жалын»  баспаларында  әдеби  қызметкер, 
редактор,  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институ-
тында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 
ғылыми орталықтың жетекшісі, институт директорының орынба-
сары қызметтерінде болды. 1978-1982 ж.ж. академияның сырттай 
аспирантурасында оқыды. 
2000-2016 – кафедра оқытушысы.

Аманат
277
ҒЫЛЫМҒА БАСТАР ЖОЛ – БІЛІМГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ
Бес жасар қазақ баласы өзінің басынан өткен бір 
жайды  айтарда  «баяғыда»  деп  бастайтыны  бар. 
Сол айтқандай, баяғыда, яғни осыдан елу екі жыл 
бұрын, ��64 жылы Алматыға келдік. Қазір үш-үш 
жарым сағаттың төңірегінде барып, келіп жата-
тын Маңғыстау ол кезде «жер арқасы – қиян» алыс 
аймақ  еді.  Бүгінде  облыс  орталығы  болып  тұрған 
Ақтау – жергілікті халық үшін жабық қала – Гу-
рьев-�0  атанатын.  Жабық  болған  соң,  ол  қаламен 
байланыс  жоқ.  Сондықтан  Маңғыстау  түбегінің 
елі  Алматыға  барса  да,  Мәскеуге  барса  да,  әуелі 
сол кездегі облыс орталығы Гурьевке (қазіргі Аты-
рау)  ат  басын  тірейді.  Ол  үшін  өткен  ғасырдың 
алпысыншы  жылдарының  басында  Маңғыстау 
мұнайының  қамбасы  есептелінетін  Жетібайдан, 
аудан орталығы Ералиевтен (қазіргі Құрық) немесе 
жергілікті  жердің  бағзыдан  келе  жатқан  кентті 
мекендері  саналатын  Таушық  пен  Форт  Шевчен-
кодан  АН-�  атанатын  шағын  ұшаққа  мінетін. 
Астрахань, Мақашқала, Бакуге жол шығып тұрса, 
кемеге отыратын.
Мен 1963 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін отбасымыздың 
жай-күйіне орай Жетібай кентіне жұмысшы болып орналасқанмын. 
Ол уақытта аталмыш мекенде екі үлкен мекеме бар. Бірінде Лениндік 
сыйлықтың  лауреаты  Халел  Өзбекқалиев,  екіншісінде  Қапжапар 
Қалыбаев  дейтін  азамат  басшылық  етеді.  Екеуі  де  Москваның 
Губкин атындағы мұнай институтын бітірген Қазақстанға белгілі 
атақты  мамандар.  Мен  сол  Қапжапар  Қалыбаевтың  мекемесінде 
моторист  болып  істеймін.  Отыздың  ішіндегі  мекеме  басшысы 
орта  бойлы,  сұлу  адам.  Шешен.  Жиналыстарда  мәселенің  бары-
сын ұғындырғанда ел сілтідей тынып тыңдайды. Халық мақтайды. 
Өзі  орта  білімді  белгілі  ақын  Берқайыр  Аманшин  оқыған  мек-
тептен алған. Сол мектепті күміс медальмен бітірген де, айнала-
сына  жалтақтамай  Мәскеуге  барған.  Сөйтіп,  мұнайшы-инженер 

Аманат
278
мамандығын  алып  шыққан.  Әдебиетке,  жалпы  көркем  өнеге 
дегендегі ықыласы ерекше. Ал, қарамағындағылары өз саласының 
ылғи  марғасқалары.  Бас  инженері  Мәукен  Батырбаев,  учаске 
бастығы Бақыт Батыршаев, Кадр бөлімінің бастығы баяғы жоңғар-
қазақ соғысының қолбасшыларының бірі Шотан батырдың ұрпағы 
Берік  Сағынов.  Сосын  Маңғыстаудың  мұнайының  көзін  ашқан 
атақты  №6  бұрғының  мастері  Социалистік  Еңбек  Ері  Салық 
Рысқалиев ағамыз да біздің мекемеде істейтін. Ал, енді осындай 
мекемеде  еңбек  етіп  жүрген  адам  мұнайшылықтың  оқуын  оқуы 
керек  сияқты  болатын.  Менің  оқуға  баратынымды  естіген  еңбек 
ұжымының  адамдары  да  осындай  ниетте  екен.  Тілектестіктерін 
білдіріп  жатты.  Әсіресе,  мекеме  бастығы  Қапжапар  ағай:  «Біз 
саған мекеменің жолдамасын береміз, степендияңды өзіміз төлеп 
тұрамыз  және  біз  төлейтін  степендия  оқу  орнының  степендия-
сынан  жоғары,  үстемесі  болады»,  -  деді.  Бірақ,  мен  журналист 
мамандығына  баратынымды  айтып,  кешірім  сұрағандай  бол-
дым.  Сөйтіп,  Алматыға  жетсем,  журналистика  мамандығына 
екі  жыл  еңбек  өтілі  барлардың  ғана  құжаттарын  қабылдайды 
екен. Амал жоқ, филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті 
мамандығына құжатымды тапсырдым. Конкурс қатты. Өйткені, ол 
уақыттарда екі жыл еңбек етіп келгендер, әскерде болғандар тек 
емтиханнан  сүрінбесе  болғаны  конкурстан  тыс  қабылданатын. 
Солардан қалған орындарға ғана мектепті жаңа бітіріп келгендер 
алған бағаларының нәтижесіне қарай іріктелетін. Ал, бір жыл елде 
жұмыс жасағандарға жеңілдік жоқ. Бұйырғанға, бірақ, сөз жоқ қой. 
Мен сол жолы оқуға түсіп кеттім.
Қазіргі  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті 
ол  кезде  С.М.Киров  атындағы  қазақ  мемлекеттік  универсиеті 
деп  аталады.  Негізгі  оқу  корпусы  қазіргі  Т.Жүргенов  атындағы 
Қазақ  ұлттық  өнер  академиясы  орналасқан  Панфилов  пен  Ки-
ров  (қазіргі  Бөгенбай)  көшелерінің  қиылысындағы  бұрынғы 
Үкімет  үйінің  ғимараты.  Бізге  одан  әсем  үй,  одан  өткен  оқу 
орны  жоқ  сияқты.  Басқа  оқу  орындарының  студенттері  бүкіл 
Республикадағы жалғыз университет болғандықтан ба, біздің оқу 
орнымызға қызыға қарайды. Шынында да қызықса қызыққандай 
еді  ғой.  Университетіміздің  ол  кездегі  ректоры  Асқар  Закарин 
осы  орынға  республика  министрлер  кеңесі  (советі)  төрағасы 

Аманат
279
орынбасарлығынан  келген,  бұрын  оқу  министрі  болған  белгілі 
мемлекет қайраткері. Өзі жоғары кеңестің (совет) депутаты. Сы-
пайы адам. Сондай-ақ, Т.Дарханбаев, Е.Бекмаханов, Х.Ибрашев, 
С.Сартаев,  М.Ғабдуллин,  М.Балақаев,  Молюков,  Х.Махмудов, 
К.Бисембиев,  т.б.  академиктер  мен  атақты  профессорлар  да 
осында қызмет етеді. Олардың үлкен жиындарда сөйлеп тұрған 
кездерін  көргенімізде  өзімізден  өзіміз  тебіреніп,  толқып,  күрт 
есейіп шыға келгендей болатынбыз.
Тіптен,  басқаны  айтпағанда,  факультетіміздің  өзінің  еңбек 
ұжымы  да  керемет  еді  ғой.  Деканымыз  Т.С.  Амандосов,  кафе-
дра  меңгерушілері  Б.Кенжебаев,  К.Аханов,  Х.Сайкиев,  про-
фессорлар  Т.Нұртазин,  Е.Ысмайылов,  Б.Шалабаев,  З.Қабдолов, 
Х.Сүйіншәлиев,  Т.Кәкішев,  О.Төлегенов,  Ы.Маманов,  Қ. 
Кереева-Қанафиева,  Т.Қожакеев,  сол  кездегі  жас  ғылым  канди-
даттары М.Жолдасбеков, С.Садырбаев, Р.Нұрғалиев, М.Томанов, 
Л.Рүстемов,  М.Багизбаева,  Х.Кәрімов,  философиядан  дәріс 
оқитын  Ә.Тұрғамбаев,  КПСС  тарихының  білікті  дәріскері 
Ж.Қарағұсов, педагогика мен логикадан сабақ берген Қойбағаров, 
Алдамұратов,  орыс  тілінен  дәріс  оқитын  Г.Шынтаева,  т.т. 
ұстаздарымыздың  әрқайсысының  сол  кездегі  біздің  есейіп, 
ержетуіміз жолындағы еңбектері ересен еді. 
Сол жылдары университетімізде студенттердің ғылыми конфе-
ренциялары өтіп тұратын. Жылма-жыл Кеңес одағы университеттері 
шәкірттерінің  одақтас  республикалар  астаналарында  кезекпе-
кезек  ғылыми-практикалық  ғылыми  жиыны  өтетін.  1968  жылы 
Тәжікстанның  Душанбе  қаласында  болған  бір  конференциясы-
нан мен Тәжікстан республикасы комсомол орталық комитетінің 
құрмет грамотасын алып келдім. Оның алдында да өзімді білетін 
ұстаздарым бұған кәдімгідей мән берді. Аспирантураның әңгімесі 
сөз бола бастады. Сол жылы, бірақ, әдебиетке орын берілген жоқ. 
Ал,  қазақ  тілі  кафедрасына  республика  білім  министрлігінен 
екі  орын  берілген  екен.  Соған  марқұм  ұстазымыз  Орынбасар 
Төлегенов  маған  қал,  құжатыңды  тапсыр,  деп  шын  пейілімен 
ұсыныс жасады. Бірақ, әдебиетші болуды қалайтындықтан ба, мен 
құрметті ұстазымның сол жолғы тілектестігіне оң жауап бере ал-
мадым. Оның үстіне біздің курстың үш жігітін (Жарылқап Бисен-
бавты, Теңізбай Рахымжанов пен мені) сәуір-мамыр айында қазіргі 

Аманат
280
Халық жазушысы Шерхан Мұртаза ағамыз өзі бас редактор болып 
істейтін «Лениншіл жасқа» жұмысқа алған еді. Бір жағынан соны 
да қимаған болуым керек. 
Арада көп уақыт өткен жоқ. Курстас досым Жарылқап Бисен-
баев  екеуміз  Забайкалье  әскери  округына  офицер  болып  қызмет 
етуге Қытай  -Кеңес шекарасына аттандық. Ол да, мен де аман-
есен оралдық. Содан кейін біраз жыл мен «Қазақстан комунисі» 
журналында,  «Қазақстан»,  «Жалын»  баспаларында  қызмет 
еттім.  Ұжымдық  жинақтар  мен  мерзімді  баспасөзде  өлеңдерім, 
очерктерім, әр алуан тақырыптағы мақалаларым мен баспалардан 
шыққан  авторлардың  еңбектеріне  жазған  рецензияларым  жарық 
көріп жатты. «Ерекше күн» атты әңгімелер жинағым, «Таң шапағы» 
атты өлеңдер жинағым шықты. Орыс тілінен екі-үш кітап аудар-
дым. Былайынша айтқанда, осы ретпен де күнелте беруге болатын 
сияқты.  Сөйтіп,  жүргенімде  бір  күні  белгілі  ғалым  Қ.Сыдиықов 
деген  ағамыздан  академияның  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет 
және өнер институтында бір кіші ғылыми қызметкерлік орын бар 
деп естідім. Ол кездегі институттың директоры атақты партизан, 
мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы һәм ғалым Әди Шәріпов 
деген  кісі.  Кешіктірмей  сол  атақты  ағамыздың  алдына  бардым. 
Жағдайымды  айттым.  Шыққан  кітаптарым,  жазған  еңбектерімнің 
тізімі алдында тұр. Сөзімді көңілсіздеу тыңдап отырған ағамыз бір 
кезде  менің  өмір-жолым  жазылған  анкетаны  қарап  отырып:  «Ай, 
сен,  шынында  да  Таушықта  туғансың  ба?»  -  деп  көңілденіп  сала 
бергені. Сосын ғалым-хатшы Ахмет Мусиновты шақыртты. Ол кел-
ген соң, Әдекең өзінің Маңғыстауды жақсы білетінін, оның ішінде 
Таушықты көзімен көргенін, қысқасы мені тап осы қазір жұмысқа 
алатынын,  оның  үстіне  кіші  ғылыми  қызметкерлерге  берілетін 
жалақының  3  (үш)  түрлі  деңгейі  бар  екенін,  соның  әзірше  орта 
деңгейін беріп, сосын көп ұзатпай ең жоғарғысына өткізетінін ай-
тып салды. Сөйтіп, бұйрық берілді. Енді осы жағдайымды «Жалын» 
баспасының  директоры  Қабдікәрім  Ыдырысовқа  айтуым  керек. 
Қабекең марқұм әкеден жастай айырылып, «Халық жауының бала-
сы» атанып, қиыншылықты көп көрген, жаны жайсаң адам еді. Өзі 
ақын, өзі керемет әнші, әнші болғанда да арқасы бар, 15-16 жасынан 
Ұлы Отан соғысы кезінде Естай ақынның өнерпаздар тобында жүріп, 
ел еңбеккерлеріне қайрат берген өнерлі жан еді. «Диссертацияңның 

Аманат
281
жазылып бітуі ұзап кетіп, қиындық көріп қалмас па екенсің?» - деп 
мені бірден жібере салуға қимай біраз отырды. 
Ақыры  менің  жұмыстан  босатуымды  сұраған  арызыма 
қол  қойды.  Сәттілік  тіледі.  Сөйтсек,  ғылым  жолы  оңай  емес 
екен.  Оның  үстіне  менің  тақырыбым  бұрын  біздің  республика 
әдебиеттанушылары  тарапынан  қарастырылмаған  мәселе  болып 
шықты.  Ғылымда  тарихилық  проблемасы  атанатын  жай,  соның 
ішінде нақты тарихилық (конкретный историзм) мәселесін ХVІІІ-
ХІХ  ғасырлардағы  ақын,  жыраулар  шығармашылығы  негізінде 
жан-жақты  негіздеу,  күдіктенерліктей  саңлау-сызат  қалдырмай 
дәлелдеу үшін революциядан бұрын шыққан жарияланымдардағы 
(газет, журнал, кітаптардағы), архивтердегі дүниелерді мейлінше 
молынан  қарастыру  қажет  болды.  Ақыры  еңбек  бітті.  Соның 
біту  қарсаңында  ғылыми  жетекшім  Әнуар  Жақсығалиұлы 
Дербісәлин  қайтыс  болды.  Марқұмның  менен  басқа  шәкірттері 
тыңнан жеделдетіп жетекшілер іздеп, тауып жатты. Мен жетекші 
табуға асықпадым. Көп ұзамай, бірақ, маған да жетекші болатын 
адам  табылды.  Ол  –  халқымыздың  ұлы  перзенті,  ғұлама  ғалым 
Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаевтың  перзенті  ,  Кеңестік  кезеңдегі 
одаққа  кеңінен  мәлім,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Ғылым 
академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының 
докторы, профессор Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаева еді. Со-
дан  Шәмшия  апай  әуелі  диссертацияны  өзі  оқып  шығып,  өзіміз 
жұмыс істейтін бөлімнің жиналысында талқылатты. 
Сонан кейін Институттың Ғылыми кеңесінің талқысына түстік. 
Тақырыптың  тыңдығы  ма,  әлде  басқадай  себептері  болды  ма, 
диссертацияға  байланысты  маған  сұрақ  өте  көп  қойылды.  Соларға 
жауап беру үшін менің екі сағатқа жуық уақыт сөйлеуіме тура келді. 
Бірақ,  бәрі  қайырлы  болды.  Маған  сұрақ  қойған  аға  ғалымдардың 
бірі  қалмай,  барлығы  да  еңбекті  қолдап  сөйлеп  шықты.  Көрнекті 
ғалым, әрі жазушы Мырзабек Дүйсенов ағай: «бұл еңбекке жоғары 
аттестациялық  комитеттен  ғылым  докторы  дәрежесін  сұрауымыз 
керек.  Көлемі  де  біраз  екен,  келелі  мәселенің  өзекті  жайларын 
тыңғылықты аша білген» - деген ұсыныс жасады. Кейбір ағаларымыз 
мұны қостаған сыңай танытты. Мен, әрине, бұған бірден доктор бола 
қойғым келіп, тамағым іскен жоқ. Өйткені, гуманитарлық ғылымдар 
бойынша  біздің  еңбегімізді  бірнеше  орап  алатындай  Москва, 

Аманат
282
Ленинградтың ғылыми кеңесінде қорғалар диссертациялардың өзіне 
де ондай ғылыми дәреже бірден беріліп жатпайды... Демек, мәселе 
анық.  Осы  жұмыс,  яки  кандидаттық  еңбек  аман-есен  Мәскеуден 
бекіп келсе, қазіргі мынау ғылымның дуалы ауыздыларының алдына 
докторлық еңбек әкеліп жатсам, бұлар «бұл қайдан шыққан нәрсе», 
деп шошымайтын сияқты. Ал, маған соның өзі жеткілікті еді. 
Кандидаттық  диссертация  Мәскеуден  сол  кездегі  өлшем 
бойынша  тез  бекіп  келді.  Институт  директоры  академик 
Серік  Қирабаев  ағайдың  ұсыныс,  бұйрығымен  (ғылыми  кеңес 
мүшелерінің  қолдауымен)  мен  Жамбылтану  және  халық 
ақындары  бөлімінің  меңгерушісі  болып  тағайындалдым.  Ара-
да  он  шақты  жыл  өткенде,  яғни  1997  жылы  «ХІV-ХХ  ғасыр 
басындағы  қазақ  әдебиетінің  тарихилығы»  деген  тақырыпта 
докторлық  диссертация  қорғадым.  Ғылыми  кеңесшім  –  ҚР 
ұлттық  ғылым  академиясының  мүше-корреспонденті,  филоло-
гия ғылымдарының докторы, профессор Ш.Қ.Сәтбаева. Сөйтіп, 
мен  қазақ  әдебиетінің  ежелгі  заманынан  Октябрь  төңкерісіне 
дейінгі  дәуірінің  маманына  айналдым.  Бірақ,  ғалым-азамат 
ретінде тек сол тақырыптардың аясында қалғаным жоқ. Кеңес 
дәуірінің,  бүгінгі  кезеңнің  елеулі  әдеби  процестерінің  келелі 
мәселелеріне  де,  туысқан  қырғыз  халқының  «Манас»  эпосы 
мен  республикамыздағы  фольклорлық  қазынамыздың  жиналу, 
зерттелу мәселелерін зерделеуге де ат салыстым. Соның ішінде 
мақал-мәтелдеріміздің  елдік  мұра  ретінде  құндылық  жайын 
пайымдап «Бабалар мұрасының» 65-томына алғы сөз жазып, 10 
томдық «Қазақ әдебиеті тарихы» еңбегінің бірсыпыра кітабына 
негізгі  авторлардың  бірі  болып  қатынастым.  Жамбыл  Жабаев, 
Мұрын жырау, Қашаған, Мұрат Мөңкеұлы, Көдек, Н.Байғанин, 
М.Х.Дулати,  М.Әуезов,  С.Сейфуллин,  Қ.Сәтбаев,  З.Қабдолов, 
З.Ахметов, 
Ш.Қ.Сәтбаева, 
Т.Кәкішев, 
Ә.Дербісәлин, 
Х.Сүйіншәлиев, С.Садырбаев, Ә.Кекілбаев, Қ.Сыдиықов сынды 
ұлт әдебиеті мен оның ғылымының бағын ашқан қадау-қадау ірі 
өкілдерінің  шығармашылығына  арналған  бірсыпыра  еңбектер 
жаздым.  Қазақ  хандығына,  сондай-ақ,  әдебиет  пен  ғылымның 
елеулі  жайларына  арналған  халықаралық,  республикалық 
ғылыми  конференцияларға  шамамыздың  жеткенінше  белсенді 
түрде қатынасып, баяндамалар жасадым.

Аманат
283
2000  жылы  бір  кезде  қабырғасында  өзім  студенттік  өмірімді 
өткізген білім мен ғылымның қара шаңырағы әл-Фараби атындағы 
ұлттық  университетіне  келіп  ұстаздық  еткеннен  бері  ұлттық 
әдебиетіміздің арғы-бергі дәуіріндегі келелі жайлардың жай-күйін 
байыптайтын  арнаулы  курстар  мен  «ХІV-ХVІІІ  ғасырдағы  қазақ 
әдебиеті  тарихы»  аталатын  міндетті  пәннен  дәріс  оқып  келемін. 
Бірнеше ғылым кандидаттары мен магистрлердің диссертациялық 
еңбектеріне ғылыми жетекші болдым. Ал, солардың көбінің еңбегі 
–  негізінен  әдебиеттану  ғылымының  тарихилық  мәселелерімен 
тығыз байланыста қарастырыла отырып жазылған зерттеулер бо-
латын.  Мұның  өзі,  сол  өрім  жастар  келешекте  ғылымның  үлкен 
жолында  жүруге  бел  буатын  болса  олар,  аталмыш  мәселені 
проблемалық  тұрғыдан  біраз  жаңғыртып,  үлкен  ізденістердің 
діңіне айналдыратындығына куәлік етеді деп білемін.
Бізге, біздің толқын өкілдеріне пәлен деген мәселенің басын 
қайырып  тастап  едім,  деп  айту  сыпайылыққа  жатпайды.  Бірақ, 
бір  нәрсе  айқын.  Сол  өзіміздің  жасаған  ізденістеріміздің  аңыз-
әпсаналармен, ел аузындағы авторы жоғалған жыр-толғаулармен, 
біздерге қатысты өзге жұрт өкілдерінің біздер туралы мағлұматтар 
беретін  әр  алуан  жазбаларымен,  әр  кездердегі  хатқа  түскен  ел 
тарихымен  ұштастырыла,  әдеби  мәтін  жайын  зерделеуіміз  – 
қалың  көпшілік  назарынан  тыс  әдебиет  тарихының  ірілі-кішілі 
өкілдерінің  қай  кезде  өмір  сүргендігін,  қай  шығармасының 
қандай жағдаймен байланысты екендігіне көз жеткіздіртеді. Ал, 
әдебиеттің өкілі, шығармашылық тұлғаның өмір сүрген уақыты 
мен туындыгерлік өмірбаяны айқындалғанда ғана, ол сол елдің 
шын  мәніндегі  рухани  тұлғасына  айналмақ.  Біздің  азды-көпті 
жасаған еңбегіміздің мәні мен мағынасының құндылығы осында. 
Біздің  осы  кезге  дейінгі  жарияланған  ғылыми  зерттеу 
еңбектеріміз бен танымдық мақалаларымыздың жалпы саны 300-
ден  асады  екен.  Соның  он  шақтысын  оқулық  пен  оқу  құралы, 
ғылыми  монографиялар  құрайды.  Олардың  ішінен  жеке  өз  аты-
мызбен  жарияланғандарын  атар  болсақ:  1.  Қазақ  поэзиясының 
тарихилығы. Монография. Алматы: Ғылым, 1994. (Көлемі 11,0 ба-
спа табақ); 2. Елім деп еңіреген ерлер жыры. Оқу құралы. Алматы: 
Білім, 1995. (12,0 баспа табақ); 3. Тарих және әдебиет. Монография. 
Алматы: Ғылым, 2001 (25,0 баспа табақ); 4. Таным мен тағылым. 

Аманат
284
Оқу  құралы.  Алматы:  Үш  қиян,  2010  (21,2  баспа  табақ);  5.  Ел 
мүддесі – ерлер еншісі. Ғылыми зерттеулер. Алматы: Үш қиян, 2010 
(22,5 баспа табақ); 6. ХІV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ халқының та-
рихы һәм жыраулар мұрасы. Монография. Алматы: Үш қиян, 2012 
(10,0 баспа табақ); 7. Тарих және әдебиет. Монография. Алматы: 
Қазақпарат,  2013  (15,0  баспа  табақ);  8.  Қазақ  халқының  хандық 
дәуір  әдебиеті.  Оқу  құралы.  Алматы:  Қазақ  университеті,  2013 
(13,7  баспа  табақ);  9.  Үш  томдық  шығармалар.  1-том.  Алматы: 
Дәуір, 2015 (18,0 баспа табақ); 10. Историзм казахской литературы 
ХVІІІ-ХІХ веков. Монография. Алматы: Қазақ университеті, 2015 
(10,0  баспа  табақ);  11.  ХІV-ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті. 
Оқулық.  Алматы,  2016  (24,0  баспа  табақ).  Бұлардың  сыртында 
оқырман қауыммен әу баста ақын, жазушы болып жүздескендіктен 
көркем  шығармаларымызбен  де  күнделікті  баспасөз  бетінде 
көрініп тұруды мақсат етеміз. Соның бір көрінісі 2014 жылы «Үш 
қиян» баспасынан жарық көрген «Таңғы тілек» атты өлеңдер мен 
балладалар жинағымыз. Көлемі 9,6 баспа табақ.
«Аманат»  атты  басылым  соңғы  кезде  жасы  егде  тартқан, 
біраз  ғылымда  қызмет  еткен  ғалымдардың  жазбаларын  жария-
лап келеді. Мақсат – кейінгі жас өспірім ұрпаққа ғылымда тарлан 
тартқан қайраткерлердің лебізін жеткізу. 
Ғылымға,  шындығында,  әркім  әртүрлі  жолмен  келеді. 
Көбінесе  оған  олардың  адам-азамат  ретіндегі  тағдырлары  се-
бепкер. Мәселен, кейбір ағайындар жасынан белгілі бір саланың 
ғылыми  әдебиеттерін  іздеп  жүріп  оқып,  ақыры  сол  бағыттағы 
белгілі ғалым, тұлға болып қалыптасады. Енді бірі өзара табиғаты 
жақын  ғылымның  бір  саласынан  екінші  бір  саласына  ауысады. 
Сөйтіп, сол соңғы келіп ат басын тіреген жолынан елеулі жаңалық 
ашып, өзін де, өзгені де қуанышқа бөлейді. Ал, менің жағдайыма 
келетін болсақ, өз басым мектеп оқушысы болып жүрген кезімде 
жергілікті жердің кітапханасында не нәрсе болса, соны талғамай 
оқи  беретінмін.  Мұнымыздан  зиян  көргеніміз  жоқ.  Егер  бала 
кезімізде  өлең  жазбаған,  әңгіме  жазбаған  болсам,  бәлкім  бұл 
күнде әдебиетші-ғалым емес, басқа бір саланың маманы болған 
болар едім-ау деп ойлаймын. Қалай болғанда да ғылымға бастай-
тын жол – білімге құштарлықтан басталатыны даусыз. 

Аманат
285
IV З.Қабдолов оқуларында
Кафедра ұжымымен бірге

Аманат
286
Наурыз. Кафедра ұжымы. 2011ж
Т. Кәкішпен кездесу

Аманат
287
МАЗМҰНЫ
Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы. АЛҒЫ СӨЗ ................................. 3
Абайдельдинов Тлеухабыл Мусинович 
ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ КАЗНУ ИМ. АЛЬ-ФАРАБИ .................. 6
Аққошқарова Құралай Ахметқызы
ІЗГІЛІК ІЗДЕРІ ....................................................................................... 18
Алдабек Нұржамал Әбдіразақызы
АРМАНҒА ЖЕТЕЛЕГЕН ӨМІР ЖОЛЫ...  ......................................... 28
Арещенко Анатолий Иванович
ЖИЗНЬ В СПОРТЕ ................................................................................ 44
Байзакова Куралай Иртысовна
МОИ ПУТЬ, МОЯ СУДЬБА .................................................................. 56
Георгий Иванович Ксандопуло 
ТРУД – ЦЕЛИТЕЛЬНЫЙ БАЛЬЗАМ,  
ОН – ДОБРОДЕТЕЛИ ИСТОЧНИК .................................................... 66
Елеуов Мадияр Елеуұлы
АРХЕОЛОГ – КИЕЛІ МАМАНДЫҚ БАСТАУ ................................... 84
Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы
ЖАС ӨСКІН АТА-БАБА ДӘСТҮРІНІҢ МҰРАГЕРІ БОЛСЫН 
ДЕСЕК... .................................................................................................. 94
Жубанова Ажар Ахметовна
ПУТЕШЕСТВИЕ ОПЕРЫ «АБАЙ» ПО МИРОВЫМ ОПЕРНЫМ 
СЦЕНАМ  ............................................................................................... 106
Кәкен Хамзаұлы Қамзин
ПРОФЕССОР КӘКЕН ҚАМЗИН: «ӨЗГЕ ЕМЕС, ӨЗІМ АЙТАМ  
ӨЗ ЖАЙЫМДА НЕМЕСЕ БАҚ ПЕН БАҚТЫҢ АРАСЫ» ................ 120
Құсайынов Сейіт Ахмерұлы
МЕНІҢ САПАРЫМ... ............................................................................ 138
Максимова Тамара Александровна
ПО ГОРОДАМ И ВЕСЯМ К ЧИНГИЗУ АЙТМАТОВУ .................... 152

Аманат
288
Молдабеков Жақан Жанболұлы
АРЛЫНЫҢ СӨЗІ ІРГЕЛІ ...................................................................... 160
Мұсабеков Қуаныш Битұлы
ҮМІТ ОТЫ ЖЕТЕЛЕП... ....................................................................... 176
Нуршаихова Жанар Азильхановна 
У МЕНЯ БЫЛИ ЗАМЕЧАТЕЛЬНЫЕ РОДИТЕЛИ ............................ 196
Сатубалдин Сагындык
КОЛЕСО ЖИЗНИ: ОТ АКСИОМЫ К ОЧЕВИДНОМУ
(АВТОБИОГРАФИЧЕСКИЙ ОЧЕРК) ................................................. 212
Табылдиев Әдібай Табылдыұлы
БІЛІММЕН ЖЕТКЕН БІЛІКТІЛІК ...................................................... 236
Таурбаев Токтар Исатаевич
ВЫСОКО НЕСЕМ СВОЕ ЗНАМЯ ....................................................... 244
Тоқибетов Жанұзақ Әбдіқұлұлы
ӨЗІМНІҢ ЖОЛЫМ ЖӘНЕ ІЗБАСАРЛАРЫМА КЕҢЕС .................. 264
Тілепов Жұмат Жұмалыұлы
ҒЫЛЫМҒА БАСТАР ЖОЛ – БІЛІМГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ .................... 276

Ғылыми басылым
АМАНАТ  
IV
 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-педагоги ка лық  
қауымдастығы өкілдерінің мақалалар жинағы
Жауапты редакторы
З. Мансұров
Компьютерде беттеген А. Калиева
Мұқабасын көркемдеген Р. Сқақов
ИБ №9366
Басуға 15.04.2016 ж. қол қойылды. Пішімі 60х84/16. 
Көлемі 18,0 б.т. Сандық басылыс. Тапсырыс №1373. 
Таралымы 200 дана. Бағасы келісімді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
«Қазақ университеті» баспасы.
050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.
«Қазақ университеті» баспаханасында басылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет