Жалпы сөйлеудің дамымауы Жалпы сөйлеу тілінің дамымауына сипаттама беру


Мектеп жасындағы ЖСТД балаларды оқыту және тәрбиелеу



бет5/5
Дата26.03.2023
өлшемі39,04 Kb.
#76207
1   2   3   4   5
5. Мектеп жасындағы ЖСТД балаларды оқыту және тәрбиелеу
Мектеп жасындағы ЖСТД балалар сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде оқиды. Оқытудың мазмұны мен әдістемелері оқушылардың сөйлеу тілінің даму заңдылықтарын ескере отырып құрастырылған.
Ондай балаларда сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жүйелі бұзылуы байқалады. Сөз қоры шектелген, дыбыс айтуы бұзылған, фонематикалық қабылдауы жетілмеген, ауызша сөйлеу тілі жағдайға (ситуацияға) байланысты, байланыстарып сөйлеуі қалыптаспаған, тұрақты аграмматизм кездеседі. Сонымен қатар тілдің қатынас, жалпылама, реттеуші функциялары кешеуілдеп қалыптасады.
Арнайы оқытудың міндеттері:
- орта мектептегі тіл сабақтарын оқытуға дайындайтын фонетика, морфология, синтаксис, орфография, графика, пунктуация салаларының қарапайым теориялық түсініктерін меңгеру;
- балалардың сөйлеу тәжірибесін молайту, фонетикадан, грамматикадан алған білімдерін саналы түрде қолдана білуін дамыту;
- осы негізде әртүрлі сөйлеу операцияларын үлгілеу (модельдеу) тәсілдерін меңгеру.
Тіл дамытудың негізгі міндеті – оқушыларды тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету болып табылады. Бұл жұмыс жүйелі түрде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- қоршаған орта туралы білімін молайту негізінде ауызша сөйлеудің түрлерін дамыту (монолог, диалог);
- сөйлеу тілінің лексикалық жағын қалыптастыру және молайту;
- тілдің негізгі заңдылақтарын тәжірибе жүзінде меңгеру;
- ана тілінің басқа бөлімдерін (сауат ашу, грамматика) сауатты меңгеру үшін лексикалық-грамматикалық дайындығын қалыптастыру.
Тіл дамыту жұмыс жүйесі сөздік материалдарды концентрлік жолмен меңгеруді көздейді. Арнайы оқу процесінде міндетті түрде танымдық іс-әрекеттерін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері қолданылады. ЖСТД балаларды оқыту-тәрбиелеу арнайы мектептің оқу бағдарламасына сай жүргізіледі. Аталған бағдарламада оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу тіліне қойылатын талаптар, сөздік-семантикалық жұмыс көлемі, мазмұны, сөйлем үлгілері барлық сабақтар бойынша толық қарастырылған.


Қолданылған әдебиеттер:
1. Қ. Қ. Өмірбекова, Қ.Серкебаев, Логопедия, - Алматы, 2016.
2. Г. Б. Ибатова, Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру, //Хабаршы, «Арнайы педагогика» сериясы, Алматы, ҚазҰПУ, №4 (19) 2017.
3. Коржова Г. М., Оразаева Г. С., Общее недоразвитие речи, Алматы, 2019.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет