БАЛАЛАРДА ҚАНТ ДИАБЕТІ ДАМУЫНЫҢ ҚАУІПТІ ФАКТОРЛАРЫ ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ
1.Ылғи да сусап тұру
2.Кіші дәреттің жиілеп, көп болуы.
3.Үнемі шаршаулы сезіну,
4.Қол-аяқтың үйып, жансыздануы
5.Үнемі қарын аштығынан арылмау
6.Салмақ азаюы
7.Терінің қышуы
8.Көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман көлегейлегендей»)
9.Жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы
10.Аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы.
11.Естен тану (қысылтаяң жағдайларда)
ДИАБЕТТІҢ БАЛАЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІГІ
Балалардағы қант диабетін анықтауда ата-аналардың кей жағдайда бұл белгілерді байқамаулары үлкен қиындықтар туғызады. Диабет белгілерін анықтау қиындықтарына қарамай, оның ауруды анықтауға көмектесетін өзіне тән белгілері бар. Мысалы, түнгі зәр тоқтамау (энурез) — диабеттің ең маңызды белгісі. Диабетпен ауыратын балалар сау балаларға қарағанда зәрді 2-4 есе көп шығарады. Сонымен қатар, қант диабетімен ауыратын балалардың терісінде сыздауықтар, терінің қышынуы және т.б. жиі пайда болады.
Қант диабетінің 1 типі дамуы: диабетке бейімділігі жоғары адамдарда вирусты инфекция Лангерганс аралшалары клеткаларына қарсы антиденелер түзілуін туғызады. Бұл антиденелер инсулинтүзуші клеткаларды бұза бастайды, бірақ қант диабетінің белгілері (шөлдеу, жиі несеп шығару, дене салмағын жоғалту, шаршағыштық) тек бета клеткалардың 80% жойылғанда дамиды. Осыған байланысты антиделер түзілуі, аурудың басталуымен диабеттің айқын белгілері пайда болуы арасында айлар кейде жылдар өтуі мүмкін. Қант диабетінің 1 типінде инсулин түзілуі төмендейді, абсолютті инсулин жетіспеушілігі дамиды, сондықтан аурудың басынан бастап науқастарды инсулинмен емдеу керек. Отбасында ата-анасының біреуі диабетпен ауырса балаларда диабет даму қаупі 3-5%-ды құрайды. Егер ата-анасының екеуі де диабетпен ауырса диабет даму қаупі 10-25%-ға өседі. Қант диабеті 1 типі әзірге толық жазылмайды, қазіргі уақытта бета клеткалардың бұзылуын баяулатуға байланысты әдістер жасалуда, ол ауру басталуын кейінге шегеруі немесе дамуының алдын алуы мүмкін.