http://www.enu.kz
ЖАЛПЫ ТІЛ ДАМЫМАУШЫЛЫҒЫ БАР БАЛАЛАРМЕН СӨЙЛЕУ ТІЛІН
ДАМЫТУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Тұрдалиева А.Ш., Каштембек А.Ж.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
http://www.enu.kz
Қоғамның ӛзі жеке адамдардан тұрады, ал қоғамның дамуы, оның әрбір мүшесінің дамып
жетілу саласына байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында еліміз
дамуының жаңа кезеңінің келесі 10 жылға арналған бағыт-бағдарын айқындап берген болатын.
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық санасы қалыптасқан
парасатты азамат тәрбиелеп ӛсіру отбасының, ортаның, барша халықтың міндеті. Жас ұрпақты
тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі
кӛрсету, талап ету арқылы жауапкершілікке жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын
пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады ( «2030 стратегиясын жүзеге
асыру жастардың міндеті» атты жолдауынан ) делінген.
Адамның сӛйлей алуы бұл күрделі құбылыс. Адамзаттың сӛйлеу мәнерін жеткілікті түрде
меңгермеуі оның ӛмірінде қиындыққа жолықтырады. Сӛз бұл баланың барлық психикалық
дамуына әсер етіп, оның іс-әрекетіне, мінез – құлқына әсер етеді. Сӛйлеу тілі ауыр бұзылысы
баланың ақыл – ой дамуына, әсіресе оның танымды әрекетінің жоғарғы деңгейіне әсер етуі
мүмкін, ол ойлау мен сӛйлеудің ӛзара тығыз байланыста болуымен байланысты.
Сӛйлеу әрекеті баланың тілдік жүйенің барлық деңгейін меңгеруіне қол жеткізе отырып,
тілді меңгеруін де жағдай жасайды.
Сӛйлеу әрекеті – бұл жай ғана сӛз бен сӛйлемнің реттілігі ғана емес, сонымен бұл ойдың
бір-бірімен байланыс реттілігі болып саналады.
Сӛйлеу тілінде бұзылысы бар балаларды ерте жастан түзету-тәрбиелеу жұмыстары
отандық ғалымдар тарапынан қолға алынған. Сәбилердің сӛйлеу тілі дамуының әдістемесі мен
теориясы соңғы онжылдықта Қ.Қ.Ӛмірбекова, К.Б.Бектаева, Р.А.Сүлейменова және т.б.ғалымдар
зерттеулері барысында айтарлықтай толықтырылды.
Жалпы сӛйлеу бұзылысы бар балаларға логопедиялық жұмыстың негізгі міндеті – олардың
ӛз ойын, қоршаған ортадағы оқиғаларды грамматикалық және фонетикалық дұрыс жүйелікпен
байланыстырып айтуды үйрету. Бұл жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда, балалардың
үлкендермен қарым-қатынасында, мектепте оқытуда маңызды орынды алады.
Барлық жағдайда баланың сӛйлеу тілінің қалыптасуы дұрыс жүре бермейді: кейбір
балаларда тілдің барлық компоненттерінің кешеуілдеуі байқалады [41; 116]. Жалпы тіл
дамымаушылығын ең алғаш рет теориялық негізін Л.Ф.Спирова және оның әріптестері
(Н.А.Никошина, Г.А.Каше, Г.И.Жаренкова және т.б.) қалыптастырған. ХХ ғасырдың 50-60 жж.
сӛйлеу тілінің қалыптасуындағы ауытқушылықтар жоғарғы психикалық функциялардың
ирархиялық құрылым заңдылығымен жүретін дамудың бұзылысы ретінде қарастырыла бастады.
http://www.enu.kz
Жалпы тіл дамымаушылығы – ол есту қабілетінің ой-ӛрісі әдеттегідей дамыған балалардың
дыбыстық мағыналық жағына қатысты сӛйлеу тілінің бұзылысынан болатын әртүрліә күрделі тіл
кемістіктері.
Жалпы тіл дамымаушылығы – бұл полиэтиологиялық кемістік. Ол ӛзіндік потология және
алалия, дизартрия, ринолалия тәрізді күрделі кемістік салдарынан болуы мүмкін.
Жеке дамымаушылық деп дыбыс айту мен фонематикалық қабылдау сонымен қатар сӛздік
қор баланың жасерекшелігіне сай келмеген жағдайды айтамыз. Мұндай жалпы тіл
дамымаушылығының себептеріне тӛмендегілер жатады:
1.
Отбасында баланың сӛлеу тілінің қалыптасуына дұрыс жағдай жасамау (басқа
балалар мен ересектермен қарым-қатынастың жеткіліксіз болуы, басқа тілде сӛйлеу, ата-
анасының саңырау болуы және т.б.)
2.
Балалар үйі жағдайында тәрбиеленетін балаларға тілдік қарым-қатынастың
жеткіліксіздігі.
3.
Билингвизм, мысалы, балабақшада баламен қазақ тілінде, ал отбасында басқа
тілде сӛйлеу.
4.
Бала тәрбиеленетін әлеуметтік жағдайдың нашарлығы.
5.
Жалпы тіл дамымаушылығынің пайда болу себептері әртүрлі: биологиялық
және әлеуметтік.
Жалпы тіл дамымаушылығы оқыту мен тәрбиелеудің жағымсыз жағдайымен, сӛйлеу
тілінің сензитивті кезеңіндегі психикалық депривациямен шартталуы мүмкін. Кӛп жағдайда
жалпы тіл дамымаушылық әртүрлі факторлардың жүйелі әсер ету салдарынан болады (мысалы
тұқымқуалаушылық, қоршаған ортаның жағымсыз әлеуметтік жағдайы).
Ең күрделісі ерте жастан мидың органикалық зақымдану салдарынан туындайды.
Сонымен қатар ЖТД-ң себептеріне асфиксия себептерін әртүрлі болуына қарамастан бұл
балаларда сӛйлеу әрекетінің жүйелік бұзылысына меңзейтін белгілер байқалады.
ЖТД бар балаларға мыналар тән:
-
сӛйлеу тілінің кеш шығу (3-4 жас);
-
сӛздік қорының азаюы;
-
агромматизмның байқалуы;
-
дыбыстау кемшіліктері (барлық түрлері);
-
сӛздік ырғақтық-буындық құрлысының бұзылысы;
-
жай және күрделі сӛйлемді құрудағы қиындықтар.
Бұл балалардың сӛзі түсініксіз. Сӛздік белсенділік жеткіліксіз, арнайы білім берусіз ол
мүлдем тӛмендеп кетуі мүмкін. Балалар ӛздерінің кемістігіне сынмен қарайды.
Тілдік әрекеттің толық еместігі баланың сенсорлы, интеллектуалды және аффективті – ерік
сферасының қалыптасуына әсер етеді. Зейіннің тұрақсыздығы байқалады. Балалардың логикалық
есте сақтау қабілеті сақталған жағдайда да олардың вербальды есте сақтауы тӛмендейді. Олар
тапсырманың реттілігін және күрделі нұсқауларды ұмытып қалады.
Сӛйлеу тілі және психикалық дамудың басқа да жақтарының бұзылыстары ойлаудың
спецификалық ерекшеліктерімен шартталады. Ӛз жастарына сай ойлау операцияларын меңгеру
мүмкіндіктері бола отырып, балалр ауызша-логикалық ойлау деңгейінде қала береді. Арнайы
білім берусіз балалар жалпылау, салыстыру, талдау дағдыларын меңгермейді.
http://www.enu.kz
Соматикалық әлсіздікпен қатар кейбір балаларға қимыл-қозғалыс аймағындағы артта
қалушылық байқалады. Ол қимылдық нашар координациясы, орындау ептілігінің,
жылдамдығыныңтӛмендеуі, ӛз-ӛзіне сенімсіздік болуы мүмкін. Ауызша нұсқауларды орындауда
кӛп қиындықтар байқалады.
ЖТД бар балалар ӛз қатарластарынан кеңістікте – уақытта бағдарлану тапсырмаларын
орындау бойынша артта қалады.
Саусақ, қол білегі координациясының ұсақ қимылдың дамымауы байқалады. Тежелушілік
байқалады.
Әрбір деңгей оған тәуелді сӛйлеу компоненттерінің қалыптасуын тежейтін алғашқы және
екінші кемістік арасындағы арақатынас пен сипатталады. Бір деңгейден екіншісіне ауысу жаңа
тілдік мүмкіндіктердің пайда болуымен, сӛздік белсенділіктің жоғарылауымен анықталады.
Мектепке дейінгі мекемелерде барлық түзете-тәрбиелеу жұмысы арнайы сабақтағыдай,
сондай-ақ, күнделікті ӛмірдегідей жүргізіледі.
Топ педагогтары – логопед, психолог, тәрбиеші ӛзара тығыз бірлікпен жұмыс жасауы
керек, түзету – тәрбиелеу жұмысына бірдей жақындаудың пайда болуына ұмтылу керек. Бұған
мүмкіндік туғызатын:
-
арнайы мектепке дейінгі мекемеде оқыту мен тәрбиелеу программасының мазмұнын
бірігіп талдау және бірігіп жұмыс жоспарын құру. Тәрбиеші тек ӛз программасының мазмұнын
біліп қана қоймай, логопедтің де жұмыс бағдарламасын білуі керек, тәрбиешінің сабақты дұрыс
ұйымдастыруы балалардың түрлі әрекеттегі материалды бекіту қажеттілігін қамтамасыз етеді;
-
күнделікті ӛмірде және сабақта жүргізілген балалардың біріккен жұмысының
нәтижесін талдау;
-
барлық балалар мейрамына бірігіп дайындалу (логопед сӛйлеу материалын таңдайды,
ал тәрбиеші оны бекітеді);
-
ата-аналарға жалпы ұсынысты ӛңдеу.
Тіл - ӛзінің табиғи дыбысты заттық күшімен адамдардың қарым-қатынас құралы болып
табылады. Сӛйлеудің дыбыстық жүйесін меңгеру, тілдік меңгеру құрылатын негізді кӛрсетеді.
Тілдің дыбыстық жағын меңгеруге ӛзара байланысқан екі процесс кіреді: сӛйлеудің шығу
жағын дамыту процесі және сӛйлеу дыбыстарын қабылдауды дамыту процесі.
Сӛйлеу әрекеті ӛзінің даму барысында ол баланың іс-әрекеті мен қарым-қатынасқа
түсуімен тығыз байланысты. Сӛйлеу тілінің дамуы бірнеше бағытта ӛтеді: басқа адамдармен
қатынасқа түсуде ол жетіле түседі, сонымен қатар психикалық процестің негізгі тірегі, ойлау
құралы болып табылады.
Мектепке дейінгі жастың соңына таман, белгілі бір жағдайда тәрбиеленетін бала сӛйлеп
қана қоймай, оның құрылымын түсіне бастайды. Ол оның болашақта сауаттылықты меңгеруіне
септігін тигізеді.
Жалпы тіл дамымаушылығы бар ІІІ деңгейдегі балаларға фонетикалық-фонематикалық
дамымаушылық тән.
Дыбыстарды (кӛп жағдайда бұл ызың, ысқырық) айтудағы дұрыс ажыратпау тән. Дыбыс әр
сӛзде әртүрлі айтылғандықтан тұрақсыз алмастырулар байқалады.
Логопедттің соңынан үш-тӛрт күрделі сӛздерді қайталауда, балалар оны ӛз сӛздеріне
бұрмалап, буынын қысқартып айтады (балалар аққала соқты – «балалар қала соқты»).
http://www.enu.kz
Сӛйлеудің дыбыстық құрылымын толық меңгеруі үшін фонемалық қабылдаудың маңызы
үлкен.
Ересектер айтқан сӛзбен сӛйлемді баланың ерте түсінуі оның фонемалық құрамды
қабылдауынан құралмайды, ол сӛздің және сӛйлем құрылымының жалпы ырғақтық-әуендік
байқауынан құрылады. Сӛзді бұл кезеңде бала бірегей бӛлінбейтін дыбыс ретінде, белгілі бір
ырғақтық-әуенді меңгеретін құрылым ретінде қабылдайды. Сӛйлеудің фонемаға дейінгі даму
кезеңі 1 жылға дейін жалғасады, кейін сӛйлеудің фонемалық дамуымен алмасады [14,19].
Р.Е.Левина баланың тілдік түсінігінің дамуының бірнеше кезеңін бӛлді: бір-бірінен алшақ фонема
айырмашылығынан сӛздің дыбыстық кейпінің әлсіз және дифференцияланған қалыптасуына
дейін.
Баланың фонемалық дамуының бірнеше деңгейін бӛлді. Алдымен, сӛйлеу дыбысын
ажырататын және танысатын процесс, фонемалық қабылдау қалыптасады. Сӛйлеуді қабылдауда
сӛз бӛлшектенбейді, оның дыбыстық құрамы жете меңгерілмейді. Кейінірек балалар фонемалық
талдау және жинақтауды меңгереді.
Сӛйлеудің фонетикалық-фонемалық жетілмеуі – бұл қабылдау және фонеманы айту
кемістіктері салдарынан баладағы түрлі сӛйлеу бұзылысынан дыбыс шығару процесінің
қалыптасуы бұзылады.
Сӛйлеудің фонетикалық-фонемалық жетілмеуі бар балалар олар ринолалия, дизартрия,
дислалия, акустикалық-фонемалық және артикуляциялық-фонемалық формадағы балалар.
Т.А.Ткаченко айтуы бойынша, фонемалық қабылдауды дамыту сӛздің буындық
құрылымына және сӛйлеудің барлық фонетикалық жағының қалыптасуына жағымды әсер етеді.
Фонемалық қабылдау жеткілікті құрылмай, оны жоғарғы баспалдағы – дыбыстық
талдаудың құрылуы мүмкін емес. Дыбыстық талдау – бұл түрлі дыбыс компоненттерін ойша
құрама элементтерге бӛлу операциясы: буынды және сӛзді, дыбысты байланыстыру.
Р.Е.Левина айтуы бойынша, «сӛйлеу дамымауын түзетуде фонемалық қабылдау және
дыбыстық талдау маңызды орын алады».
Баланың III деңгейдегі жалпы тіл дамымаушылығынде бірнеше жағдай анықталды:
- айтылуы бұзылған дыбысты талдау қиындығы;
- түрлі фонетикалық топқа жататын артикуляциясы құрылған дыбысты ажырата
алмау;
- дыбыстың сӛздегі болуын немесе бірізділігін анықтай алмау.
Бұл балалардың дыбыс шығару жағдайы келесі ерекшеліктермен сипатталады:
1.Сӛйлеуінде дыбыстың немесе алмастырушы дыбыстың болмауы. Артикуляциясы күрделі
дыбыстар қарапайым дыбыспен алмастырылады. 2.Дыбыс тобын диффузды артикуляциямен
алмастыру. Екі немесе бірнеше артикуляциясы жақын дыбысты орнына орташа, есепсіз дыбыстар
қолданылады.
Мұндай алмастыру себебі, фонематикалық естудің жеткіліксіз қалыптасуы және оның
бұзылысы. Мұндай бұзылыстар сӛздің мазмұнының қажуына әкеледі, оны фонемалық қажу деп
атайды.
http://www.enu.kz
3. Дыбысты сӛйлеуде тұрақсыз қолдану. Кейбір дыбыстарды нұсқау бойынша бала дұрыс
айтады, ал сӛйлемде тастап кетеді немесе басқа дыбыспен алмастырады. Бала бір сӛзді түрлі
мәтінде қайталау кезінде әр түрлі етіп айтады. Балада бір фонетикалық топ дыбыстары
алмастырылады, басқа дыбыстары – бұрмаланған. Мұндай бұзылысты фонетикалық-фонемалық
бұзылу деп атайды.
4. Бір немесе бірнеше дыбыстардың бұрмаланып айтылуы. Бала 2-4 дыбысты бұрмалап
айтуы мүмкін немесе түсініксіз сӛйлеуі мүмкін, ал естуде түрлі топ дыбыстары бұрмалануы
мүмкін.
Әдебиет
1. Ӛмірбекова К.К., Тулебаева Г.Н. Коржова Г.М., Оразаева Г.С. Логопедия
негіздері (дефектология мамандығы бойынша студенттердің ӛзіндік жұмыстарын
ұйымдастыруына арналған оқу құрал) Абай атындында Қаз.Ұлт.Пед университет, 2009.
2.
Венгер Л.А. Дидактические игры и упражнения по сенсорному
воспитаниюдошкольников. М. 1978 ж.
3. Логопедия: учебник для студ. дефектол. фак. пед. высш. учеб. Заведений /под
ред. Л.С.Волковой. – 5-е изд., перераб. и доп. – М.:Гуманитар. изд.центр ВЛАДОС, 2007
ж.
4. Ӛмирбекова К.К., Ӛмирбекова С.Ж. «Программа обучения и воспитания детей с
фонетико-фонематическим недоразвитием речи». А., 2004 г.
5.Коррекционно-педагогикическая работа в дошкольных учреждениях для детей с
нарушениями речи. /Под ред. Ю.Ф. Гаркуши. М.: Секачев В.Ю., 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |