Жалпыадамзаттық құндылықтар –тұлғаны рухани –адамгершілік тәрбиелеудің негізі



бет2/3
Дата28.02.2023
өлшемі1,34 Mb.
#70530
1   2   3
Байланысты:
психология 5 лекция

Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген қағидаларының негізгі мазмұны да осы құндылықтар.


Сократ (б.д.д. 469 - 399)
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы дүниеге келіп өзінің 73 жылдық ғұмырында артына сарқылмастай мол қазына қалдырды. Ш.Құдайбердіұлының философиялық еңбектерінің негізгі обьектісі – адам болса, байлықтың ең үлкені – ғылым дей келе, «Өзіңді өзің танысаң істің басы...» деп жырлайды. Мысалы, «Үш –ақ түрлі өмір бар» өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі, яғни, осы кезде уақытыңды босқа өткізбей, ғылымға үңілсең – өмірлік мұратыңа жеткенің - дейді.

Адамгершілік құндылықтардың мәні

Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеал құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: ақиқат, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Идеал құндылықтарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.

Адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені, адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сондықтанда болар, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т.б. мәселелер ғалымдарды толғандырары анық. Еліміздегі болып жатқан өзгерістер жасөспірімдердің мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаһандану заманында сұранысы артып отыр. Жаңашылдық үстем құрған уақытта адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталуында. Мәселен, құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-санасы, бет-бейнесі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет