Құндылықтар –қоғамдық маңызды материалдық, әлеуметтік нысандар. Құндылықтар жалпыадамзаттық және ұлттық болып екіге бөлінеді.
Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады. Бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрініс тапқан. Онда: «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі», - деп жазылған.

Осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады. Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндеттер:
біріншіден, рухани-адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық,
кешірімділік, тәуелсіздік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы;
екіншіден, жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып,
әлемдік рухани ынтымақтастық рухта басқа ұлттармен бейбітшілікті сақтау;
үшіншіден, оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, жан дүниесін адами
құндылықтар арқылы рухани-адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыру.
Құндылықтардың жіктелуі
Жалпы адамзаттық құндылықтар
Жоғары сапа деңгейіндегі құндылықтар
Рухани – адамгершілік имани құндылықтар
адам өмірі, бостандық, отбасы, қарым-қатынас, адам бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, тәуесіздік
адам конвенциясы, демократия, азаматтық қоғам, өркениет, әлеуметтік мәдениет т.б.