«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет132/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   188
Байланысты:
материал пед

Инклюзивті білім беру 
- ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара 
мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең 
қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс; 
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына 
баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік 
дамуы, психикалық - физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле 
отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім 
туралы» ҚР Заңының, 3 - бабының, 1, 2- тармақтары).
Инклюзивті оқыту мүмкіндік береді: 

барлық балаларға мектепте, мектеп өміріне белсене қатысуға; 

балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға; 

адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға.
Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндетері: 

инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және 
ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру;

инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу - әдістемелік 
негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, 
оқу - әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін 
бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру);

білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде 
сезінетіндей, өзін - өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және 
әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету - педагогикалық және әлеуметтік - 
психологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау; 
Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері 
тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да 
өзгереді.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен Сұрыптау бекетіндегі №12 
жалпы білім беретін мектебінде де инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру 
бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға 
арналған жеке жұмыс жоспары, педагогикалық-психологиялық консилиум 
жұмыс жоспары, әр пән мұғалімінің ұзақ мерзімді жұмыс жоспарына сүйене 
отырып жеке оқу бағдарламалары құрылды. Мектебімізде ерекше білімді қажет 
ететін инклюзивті сынып ашылд.
8 сынып оқушысы А есімді және 4 сынып оқушысы Д есімді оқушылармен 
төмендегідей оқытудың әдістері қолданылуда:

оқыту тапсырмаларының мазмұны жеңілдетіледі; 

ұсынылатын тапсырмалар саны азайтылады; 

оқу тапсырмаларының көлемі азаяды; 

мұғалімнің арнай дайындалған тапсырмалары қоладанылады; 

тапсырмаға нақты нұсқау беріледі, нақты сұрақтар қойылады. 
Әрине, бұл оқушылар мұғалімнің, ата - ананың көмегін көп қажет етеді, 
сондықтан әр пәннен деңгейіне қарай жеке тапсырма беріп, оқулықтағы 
тапсырмалардың 
көбі 
мұғалімнің 
өзі 
дайындаған 
тапсырмалармен 
алмастырылады. 


318 
Сонымен қатар, мектепте әлеуметтік көмек, педагогикалық - 
психологиялық қолдау, дефектолог, педагог - логопед көмегі, қашықтықтан 
оқыту жағдайында компьютерлік техникамен қамтамасыз ету қарастырылған. 
Ерекше білімді қажет ететін баланы оқытар алдында төмендегідей 
талаптар ескерілді: 

баланың мектепке, арнайы пәнге дайындығын, даму ерекшелігі 
бақыланды; 

бала тәрбиесіндегі кемшіліктер анықталды; 

сабақты жүйелі жоспарлау көзделді; 

оқу - үлгеріміне талдау жүргізу жоспарланды.
Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың оқытудағы қиындықтарын мен 
себептерін пән мұғалімдерінің сауалнама жүргізу және әңгімелесу, оқушының 
сабақтарын бақылау барысындағы зерттеулерінің нәтижесі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет