83
(9-х)км/сағ – қайықтың ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығы
Есеп шарты бойынша теңдеу құрамыз:
12
9−х
-
12
9+х
= 1
Рационал бөлшектерді ортақ бөлімге келтіріп, өрнекті ықшамдап, квадрат
теңдеу аламыз.
х
2
+24х -81
=
0
D= b
2
-4ac= 144+81
=
225
х
1
=
3, х
2
=
-27-есеп шартын қанағаттандырмайды.
Жауабы:3 км/сағ
Судағы қозғалыс пен құрлықтағы қозғалыстың
айырмашылығын көре
отырып, қозғалысқа есептер шығаруды үйренеді. Суға байланысты кәсіпті
меңгеруге септігін тигізеді.
Есеп№4
1 кітап сөресін жасау үшін 4 ұзын тақтай, 6 қысқа тақтай, 12 кіші бұрамалы
шеге, 2 үлкен шеге, 14 бұранда қажет. 26 ұзын тақтай, 33 қысқа тақтай, 200 кіші
бұрамалы шеге, 20 үлкен бұрамалы шеге және 510
бұрандадан қанша кітап
сөресін жасауға болады?
Шешуі: 26:4
=
6(қалдық 2) ұзын тақтай
33: 6
=
5 (қалдық 3) қысқа тақтай
Кітап сөресінің саны қысқа тақтайдың санына байланысты болады, себебі
33-ті 6-ға бөлгенде 5 қысқа тақтай шығып тұр. 6 қысқа тақтайдан 5 дана,
ендеше 5 кітап сөресін жасауға болады.
Жауабы:5 кітап сөресі
Бұл есепті шығару арқылы оқушы ұсталық кәсіпке бейімделеді, логикалық
ойлауын дамытады, дәл есептеумен айналысады.
Осы есепті шығара отырып,
көркем еңбек пәнінде оқушыларым ағаш сөресін жасап,
қанша құралдар
кететінін есептеп және бір сөре жасау үшін бірнеше бала жұмылдырылғанын
көздерімен көрді. Яғни қандай жұмыс болсын, қандай кәсіп болсын, оның ретін
тапқанда ғана істері өнетінін білді. Сонымен қатар бір маман иесі болу үшін тек
бір ғана пәнмен ғана шектелмей, бірнеше пәнді дұрыс меңгеру керек екеніне де
көз жеткізді.
Есеп№5
.
Ағаш ұсталарының екі бригадасы орындықтар жасап шығарды.
Бірінші
бригада 65 орындық және екінші бригада 66 орындық жасады. Бірінші бригада
бір күнде екінші бригадаға қарағанда 2 орындық артық жасады,
бірақ екінші
бригадаға қарағанда бір күн кем қалып отырды. Бір күнде екі бригада бірігіп
неше орындық жасады?
Шешуі:Екінші бригаданың еңбек өнімділігі х күн.
Бірінші бригаданың еңбек өнімділігі (х+2)күн,х
>
0
Есеп шарты бойынша теңдеу құрамыз:
66
х
-
65
х+2
=
1
Түрлендірулер жасағаннан кейін квадрат теңдеу аламыз: х
2
+х -132
=
0
Квадрат теңдеудің түбірлері.х
1
=
11, х
2
=
-12
х
=
- 12 мәні есеп шартын қанағаттандырмайды, сондықтан х
= 11
Демек екінші бригада өнімділігі 11 күн, бірінші бригада өнімділігі 13 күн.
84
11 + 13
=
24(күн)
Міне, осындай жұмысқа байланысты
есептерді шығару барысында
оқушылар еңбек өнімділігі, екі бригада немесе екі жұмысшы біріге отырып, бір
жұмысты аяқтау немесе бір-бірінен оза(қала) отырып, жұмысты бітіру сияқты
ұғымдармен танысады. Белгілі бір кәсіпті тереңірек білуге ұмтылады.
Достарыңызбен бөлісу: