104
жартылай шөл топырақтарының арасы әр алуан. Мұндай
өрескел сәйкессіздіктің себебі - Патагонияның шығыс
жағалауындағы Фолкленді салқын ағысы мен Тынық мұхиттың
ылғалды ауасын жібермей тұрған Анды тауы.
Терістік жарты шарда бореалды белдеу кең алқапты
орманды (тайга) зонасын алып жатса, оңтүстік жарты шарда
бұл белдеудің құрғақ жерлері тек кіші-гірім аралдармен (Отты
жердің оңтүстігі, Фолклен, оңтүстік Георгий және оңтүстік
Сандывич) шектеледі. Бұл аралдарда ауаның салыстырмалы
ылғалдығы өте жоғары, сондықтан мұнда мұхиттың шалғынды,
шымды-шалғынды жерінде батпақты топырақтар түзілген.
Оңтүстік жарты шарда тундра топырағы да орын алмаған.
Антарктида мұздары бүкіл континентті басып жатыр. Мұхит
жағалауларындағы аздаған мұзсыз кеңістіктер - поляр жалаң
аймақтары карбонатты, кейбір жерлері сорланған топырақтар
(8-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: