Бонитет балын есептеу. Топырақтың әр жинақталған
көрсеткіш қасиеттері үшін бонитет балын есептеп шығарады.
Ол үшін ең жоғарғы 100 балл уақытша осы өңірдегі қасиеттері
де, өнімі де жақсы топырақты есептеп, одан кейінгі
топырақтарды қасиеттері нашарлаған сайын тізімде төмендете
береді. Топырақты бонитеттеу үшін көптеген топырақ
қасиеттерінен тек оның өніміне әсер ететін қасиеттерін таңдап
алу керек. Топырақтың қасиеттері арқылы әр топырақтың
түрінің қасиеттерін бал арқылы бонитеттеу төмендегідей
формула арқылы есептелінеді:
Б = 3Ф/
3Мх100
91
мұндағы Б - бонитет балы, 3Ф -топырақ қасиеттерінің нақтылы
көрсеткіштері (гумус, NРК мөлшері, т.б.), 3М - келтірілген
топырақ қасиеттерінің ең жақсы үйлесімді мөлшері, яғни 100
балға есептелінетін мөлшер.
Ескеретін
жай,
Одақ
тарап
бұрығы
Одақтағы
мемлекеттер өз егемендіктерін алып, нарықты экономикаға
көшуге байланысты жер бағалау жұмыстары ТМД елдерінде
жаңа қарқын алуда. Бұл жайында Қазақстан мысалында төменде
айтылады.
2.8. Топырақтарды жүйелеу (классификациялау)
Топырақтар табиғи әрі тарихи дене болғандықтан,
оларды біліп, түсіну, тиімді пайдалану үшін бір ретке келтіріп
жүйелеу қажет. Мұны топырақты жүйелеу деп атайды.
Топырақты жүйелеу жұмыстарының күрделілігі сол - ол
жүйеленуге тиісті топырақтардың барлық қасиеттерін, олардың
пайда
болып,
түзілу
құбылыстарын,
топырақ
түзуші
факторлардың тигізетін әсерлерін, адам қоғамының әсерін, яғни
табиғи-тарихи әдістерді қолдану қажет. Топырақтардағы
кездесетін кешенді белгілерін тауып, солар арқылы оларды әр
түрлі деңгейдегі таксономиялық өлшемдерге бөлу қажет.
Топырақтың қасиеттері мен кейбір белгілері тұрақты және
өзгеріп тұратын қасиеттер мен белгілерге бөлінеді. Мәселе
оларды жүйелеген кездерде оның қасиеттері мен белгілерін
ажырата білу қажет. Сонымен қатар топырақтардың өздерінің
одан да күрделі және жоғарғы комплекс - ландшафтардың бір
бөлігі екенін ескерген жөн. Осыған байланысты топырақтардың
көптеген қасиеттерінің өздері оның геохимиялық байланысқан
ландшафтарының
қай
бөліктеріне
орналасуымен
анықталынатыны түсінікті. Бұл жағдайлардың барлығын
ескеріп, қамту өте күрделі мәселе. Әлемде осы күнге шейін
топырақтардың барлық жағдайларын ескеріп, үйлесімді
жасалған классификациясы (жүйелеуі) жоқ. Әр ел (мәселен
бұрынғы Кеңестер Одағы, француздар, американдықтар,
канадалықтар, австралиялықтар т.б.) өзінше бұл мәселемен
шұғылдануда.
Топырақтану ғылымның негізін қалаған В.В.Докучаев
болғандықтан, топырақтарды жүйелеу де Ресейде дұрыс жолға
қойылғандығын
дүние
жүзі
ғалымдары
мойындайды.
92
Сондықтан да біз 1886 жылы В.В.Докучаев жасаған
топырақтарды классификациялау принциптерін келтіреміз.
Топырақты классификациялаудағы негізгі такосномиялық
өлшеміне
топырақ
типін
қабылдап,
жалпы
барлық
топырақтарды ол 3 топқа бөлді:
1 топ. Қалыпты зоналық топырақтар: А - құрғақ
шөпті топырақтар, оларға төмендегідей 5 топырақ типтері
кіреді: а) терістік ашық сұр күлгін; б) орманның сұр
топырақтары; в) қара топырақтар; г) қара қоңыр топырақтар; д)
құба сортаңдау топырақтар, әрі қарай әр тип механикалық
құрамдарына қарай бөлінді. Б - құрғақ-батпақты топырақтар -
су жайылмаған шалғындардың қышқыл топырақтары, В -
батпақты топырақтар-шымтезектер, тундра топырақтары.
2 топ. Өтпелі топырақтар: А - шайылған топырақтар,
Б - жер бетіне төселінген топырақтар.
3 топ. Қалыпсыз топырақтар: төселінген, өзен мен
көлдер аллювилері, жел үйінділері.
Докучаевтың топырақ типі - топырақтарды жүйелеудегі
негізгі өлшем болып қалды. Алайда олардың сандары әр
заманда әр түрлі өзгерістерге ұшырауда. В.В.Докучаевтен соң
топырақ жүйелеудегі мәселелерімен көптеген оны ң шәкірттері:
Н.М.Сибирцев,
П.С.Коссович,
К.Д.Глинка,
К.К.Гедройц,
С.А.Захаров, А.Н.Сабанин, С.С.Неуструев, Б.Б.Полынов т.б.
шұғылданды.
Топырақты жүйелеуде оның барлық қасиеттерін қамту
қиын, сондықтан кейбір ғалымдар, мәселен К.Д.Глинка оның
негізіне топырақтардың ылғалдану құбылысын ұсынды.
А.Н.Сабанин өсімдіктердің өсуіне байланысты топырақты
жүйелеуді жөн көрді. Ал П.С.Коссович пен К.К.Гедройц
топырақтардың химиялық құрамын негізге алған жүйелерді
ұсынды. Дегенмен олардың ешқайсысы да қолдау таппады.
Кеңестік заманда бүкіл еліміздің топырақтарының
ресми жүйесі болып КСРО-ның Ғылым академиясының
В.В.Докучаев атындағы Топырақтану институтының ғалымдары
профессорлар Е.Н.Иванова, Н.Н.Розов басқарған комиссия
мүшелері
1960
жылдары
бекіткен
жаңа
жүйе
есептелінеді.(1965-1967) Осы жүйе бойынша топырақты
жүйелеудегі негізгі өлшем сол күйінде - «топырақ типің болып
В.В.Докучаев термині қалды. КСРО Ғылым академиясы
В.В.Докучаев атындағы Топырақтану институтының директоры
болған
академик
Л.И.Прасоловтың
анықтауы
бойынша
93
топырақтың бір типіне жату үшін олар төмендегідей бір тектес
жалпы белгілерге ие болуы қажет: 1) органикалық заттардың
біртектес түсіп, өзгерістерге ұшырауы, ыдырауы; 2) минералды
заттардың біртектес комплексті үгілу процестеріне ұшырауы,
олармен органо-минералдық түзілістердің біртектес түзілуі
(синтезделуі); 3) заттардың жылжуы мен шоғырлануының
біртектес болуы; 4) топырақ пішіні құрамының біртектес
болуы, яғни негізгі қабаттарының құрамының біркелкі болуы;
5) топырақтың құнарын сақтап және оны арттыру шараларының
бір бағытта болуы.
Топырақтар типі негізгі топырақ түзілу процестеріне
қосымша өткен кезеңнен қалған айрықша белгілері бар топырақ
типшелеріне, яғни топырақ зонасы топырақтың кіші -гірім
зоналарына - зонашаларына бөлінеді. Мәселен, кең алқапты
орманды зонаның күлгін топырақтар типінде: кәдімгі типті
күлгін
топырақтар
типшелерімен
қатар,
глейлі -күлгінді
(күлгінге глейлі процесс қосылса), шымды-күлгінді (күлгінге
шымды процесс қосылса) топырақты типшелері кездеседі. Ал
қара топырақты тип - негізінен үш зонашаға бөлінеді: терістік
мол гумусты, орталық немесе кәдімгі қара топырақты және
оңтүстік, аз гумусты зонашаларына (типшелеріне) бөлінеді.
Топырақ
типшесі,
яғни
зонашалары
топырақ
жақындастығына, туыстығына (род) қарай бөлінеді. Топырақ
жақындастығы
негізінен
оның
пішінінің
сапалық
ерекшеліктеріне тән. Бұл жағдай топырақ түзуші аналық
жыныстардың химиялық құрамына (сортаңды, карбонатты т.б.)
немесе топырақ түзілудің өткен кезеңдерінен қалған кейбір
белгілеріне байланысты болуы мүмкін.
Топырақ жақындастығы топырақ түрлеріне бөлінеді.
Бұл көбіне топырақтағы негізгі процестердің даму деңгейіне
байланысты. Топырақ қабаттарының қалыңдығы, органикалық
және минералдық заттардың топырақта жиналу белсенділігіне,
қарашірінді, карбонаттар, тез ерігіш тұздар, күлгінді және
гумусты қабаттардың қалыңдығына қарай бөлінеді. Мысалы,
шамалы, орташа және қатты күлгінді, шамалы, орташа немесе
қатты сорланған. Ал қаратопырақтар: қалың қабатты, орташа
және жұқа қабатты т.б. болып бөлінеді.
Топырақтың
әр
түрлілігі
негізінен
олардың
механикалық құрамына байланысты: құмды, құмдақ, сазды,
балшықты т.б. болып келуіне және игерілу мәдени деңгейіне
94
қарай ажыратылады. Мәселен жаңа игерілген, жоғары
мәдениленген, эрозияға шамалы немесе қатты шалдыққан т.б.
Сонымен бұрынғы КСРО елдерінде топырақтардың 100-
ден артық типтері, олардың әрқайсысында бірнеше типшелер,
ондаған жақындастық және түрлері бөлінген. Олар туралы
шамалы мәліметтерді әрбір топырақ зоналарына (типтеріне)
тоқталған кезде келтіреміз.
Топырақ жүйесі топырақтарды картаға түсіргенде,
оларды агроөндірістік топтағанда және құнарлылығына қарай
бағаланғанда (бонитировка) қолданылады. Ескеретін жай,
кейбір топырақ объектілерін қажеттілікке сай ірі масштабта
картаға түсірген кезде, жоғарыда айтылған ірі тьаксономиялық
өлшемдерден (тип, типше, жақындастық, түр және әр түрлілік)
басқа да кіші-гірім өлшемдер практикада жиі қолданылады.
Топырақтарды практикада қолдану бағытына қарай, мәселен:
суару, құрғату, тыңайтқыштар енгізу, эрозия және ластанудан
қорғау жағдайларына байланысты топырақты жүйелеудің
қолданбалы жүйесі пайдаланылады.
Ұсақ территорияларды картаға түсіру және оларды
жүйелеу кезінде кіші-гірім өлшемдер қолданылса, ал аса ірі
аймақтарды картаға түсіріп, олардың классификациялау
кездерінде жоғарғы айтылғандарды біріктіріп, типтен де
жоғарғы
өлшемдер
қолданылады.
Мысалы,
профессор
М.А.Глазовская әлем топырақтарын классификациялау сызба -
нұсқасында типтен жоғары топырақ жақындастығын, топырақ
генерацияларын
және
топырақтың
геохимиялық
ассоциацияларын
ұсынды
(1981).
Сонымен
әлем
топырақтарының жүйелерінде 40 топырақ жақындастығы, 29 -
генерациясы және 12 топырақ ассоциациялары бөлінген.
Дегенмен бұл ұсыныс барлық жерде қолдау тапты деп айтуға
болмайды. Топырақ жүйесі мәселелері тек әлемде ғана әрбір
жеке елдерде де үйлесімді жасалып, барлық сұрақтарға жауап
беретін, көпшілікпен қабылданған шаруа емес. Бұл мәселелер
әрбір
жеке
елдер
ғалымдарымен
қатар,
халықаралық
топырақтанушылар назарында.
Достарыңызбен бөлісу: |