114
Сонымен жазық территорияларда терістіктен оңтүстікке
қарай байланысты топырақтың да өзгеріп әр түрлі
зоналарға
бөлінуін топырақтың көлденең (ендік) зоналығы дейді.
Ал биік таулы аймақтарда табиғат жағдайы жазық
алқаптарға қарағанда өзгеше. Таулы аймақтардың ауа райы да,
өсетін ағаш, өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі де
басқаша. Бұл өзгерістер тау етегінен жоғары көтерілген сайын
анық білініп, көзге түседі.
Географиялық жағынан алып
қарағанда таулы аймақтар бір алқапта орналасқанымен жоғары
қарай
өрлеген сайын табиғатының, климатыны ң өзгешелігі
байқала береді. Осындай өзгерістерді
топырақтан да көруге
болады. Топырақтың былай өзгеріп, әр түрлі зоналарға бөлінуін
топырақтың тік (белдеулік) зоналылығы деп атайды. Кеңбайтақ
ТМД елдерінің әр аймақтарында топырақтардың көлденең
зоналықтары да және олардың тік (белдеулік) зоналықтары
тараған алқаптары кездеседі.
Дегенмен жер бетінде таулы алқаптардың аздығына
байланысты негізінен топырақтың көлденең зоналық таралуы
басым. Соған байланысты біздер ТМД елдерінің жазық
территориясындағы негізгі зоналық (ендік) топырақтардың
қысқашасипаттамасына тоқталамыз. Оны солтүстіктен
оңтүстікке қарай келтіреміз.
(Топырақтың барлық түрлері
кітаптағы қосымшада келтірілген Топырақ пішіндерінің
суреттері ҚСРО топырақ атласынан алынған). )
Достарыңызбен бөлісу: