Жамбас Үлкен бел бұлшықеті



бет1/7
Дата21.09.2024
өлшемі3,33 Mb.
#145146
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word







Жамбас
Үлкен бел бұлшықеті ХІІ-ші кеуде және ІУ-ші бел омыртқалардың бүйір беттерінен басталады. мықын бұлшықетіне келіп токтайды.

Кіші бел бұлшықеті, ХІІ-ші кеуде және І-ші бел омыртқа денелерінің бүйір бетінен басталып, мықын шандыры мен мықын қасаға үстіртіне бекиді. Қызметі: мықын бұлшықетінің фасциялық қабықшасын керу

Мықын бұлшықеті мықын шұңқырынан басталады. ортан жіліктің кіші ұршығына бекиді. Қызметі: санды жамбас буынында бүгеді және сыртқа айналдырады.

Бел-мықын бұлшықеті үлкен бел бұлшықеті, мен мықын бұлшықетінің талшықтарының өзара бірігуінен құралған басталып ортан жіліктің кіші ұршығына, барып бекиді. Қызметі: Санды жамбас буынында бүгіп, сыртқа қарай бұрып қоймай, санды қимылдатпай ұстаған жағдайда тұлғаны алға қарай иіп төмен қарай тартады.
Ішкі жапқыш бұлшықет, жапқыш мембрананың ішкі бетінен басталып, ортан жіліктің үлкен ұршығының медиалды бетіне бекиді. Қызметі: санды сыртқа айналдырады.


Алмұрт тәрізді бұлшықет сегізкөздің жамбастық бетінен басталып, ортан жіліктің үлкен ұршығының ұшына бекиді. Қызметі: санды сыртқа айналдырады

Үлкен бөксе бұлшықеті, Мықын қырқасынан, сегізкөзбен құйымшақтың дорсалды бетінен, жотаны жазатын бұлшықеттің сіңірлі бөлігінен басталады, ортан жіліктің бөкселік сызығына бекиді. Қызметі: Санды жазады. Жамбас қозғалыссыз тұрғанда санды әкетеді.
Ортаңғы бөксе бұлшықеті, мықын сүйегінің бөкселік бетінен және санның жалпақ шандырынан басталып, ортан жіліктің үлкен ұршығына бекиді. Қызметі: санды әкетеді, алдыңғы талшықтары санды сыртқа айналдыруға, артқы талшықтары санды ішке айналдыруға қатысады. Сан қозғалыссыз тұрғанда жамбасты жанына қарай иеді. Иілген тұлғаны жазуға қатысады.


Кіші бөксе бұлшықет, мықын сүйегінің ортаңғы және төменгі бөксе сызықтарынның арасынан басталып, ортан жіліктің үлкен ұршығының алдыңғы жиегіне бекиді. Қызметі: санды әкетеді, алдыңғы талшықтары санды сыртқа айналдыруға, артқы талшықтары санды ішке айналдыруға қатысады, жотаны жазады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет