Жамбас Үлкен бел бұлшықеті



бет7/7
Дата21.09.2024
өлшемі3,33 Mb.
#145146
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Латералды тобы:
Кішкене башпайды әкететін бұлшықет, m. abductor dіgіtі mіnіmі, аяқ басының латералды жиегін алып жатады. Өкше сүйегінің табан бетінен, V-ші табан сүйегінің төмпегінен, табан апоневрозынан басталып, кішкене бақай проксималды бунағының негізіне бекиді. Қызметі: кішкене бақайдың проксималды бунағын бүгеді және әкетеді.
Кішкене бақайдың қысқа бүккіші, m. flexor dіgіtі mіnіmі brevіs, V-ші табан сүйегінің негізінен және ұзын табан байламынан басталып, басталып, кішкене бақай проксималды бунағының негізіне бекиді. Қызметі: кішкене бақайды бүгеді.
Ортаңғы тобы:
Башпайлардың қысқа бүккіші, m. flexor dіgіtorum brevіs, табан апоневрозының астында орналасады. Өкше сүйегі бұдырының табан беті алдыңғы бөлігінен, табан апоневрозынан басталып, төрт сіңірлері арқылы (әрқайсысы екіге бөлінеді) ІІ-V бақайлардың ортаңғы бунақтарының негізіне бекиді. Қызметі: ІІ-V бақайлардың ортаңғы бунақтарын бүгеді, аяқ басы күмбезін нығайтады.
Табанның шаршы бұлшықеті, m. quadratus plantae, табанның ортасында, алдыңғы бұлшықеттің астында орналасады. Екі басы арқылы өкше сүйегі төменгі бетінің медиалды және төменгі жағынан басталып, ІІ-ІV бақайларға бағытталған бақайлардың ұзын бүккіші сіңірлерінің сыртқы бетіне бекиді. Қызметі: аяқ басы бақайларын бүгуге қатысады.
Құрт тәрізді бұлшықеттері, m. lumbrіcales, -төрт жұқа қысқа бұлшықеттер. Әр қайсысы бақайлардың ұзын бүккіші сіңірінен, оның ішінде біріншісі–бір баспен, ал латералды үшеуі – екі бас арқылы басталып, проксималды бунақтың бұлшықеттері мен бақайлардың ұзын бүккіші (ІІ-V) сіңірлеріне бекиді. Қызметі: ІІ-V бақайлардың ортаңғы және дисталды бунақтарын жазады, проксималды бунақтарын бүгеді.
Табанның сүйекаралық бұлшықеттері, m. іnterosseі plantares, ІІ-V-ші табан сүйектерінің аралықтарында орналасады. ІІІ-V табан сүйектерінің медиалды жақтарынан басталып, ІІІ-V бақай проксималды бунақтарының негізіне бекиді, бір бөлігі аяқ басы сыртының апонврозына өтеді. Қызметі: ІІІ-V бақайлардың проксималды бунақтарын бүгеді және оларды екінші бақайға жақындатады.
Сыртқы сүйекаралық бұлшықеттері, m. іnterosseі dorsales, табан сүйектерінен түзілген төрт сүйек аралықтарында орналасады. Көршілес табан сүйектерінің бір-біріне қараған беттерінен басталып, ІІ-ІV бақай проксималды бунақтарының негізіне бекиді, бір бөлігі сыртқы апоневрозға өтеді. Қызметі: бірінші сүйекаралық бұлшықет ІІ бақайды медиалды бағытта тартады, Ал қалғандары ІІ-ІV бақайларды латералды бағытта тартады. Сонымен қатар барлық бұлшықеттер проксималды бунақтарды бүгеді, ортаңғы және дисталды бунақтарды жазады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет